Қандастар Ассамблея

Медиа форум сарапшыларының пікірлері

18.11.2015 2393
«Бейбітшілік пен келісім мәдениеті» форумы

Елордада өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім мәдениеті» ІІ Халықаралық медиа форумында БАҚ-ты дамытудың өзекті мәселелері сөз болды. Жиында отандық және шетелдік спикерлердің шеберлік сабақтары топтастырылған панельдік сессиялар өткен болатын. 

Асматов Ершат, Республикалық-қоғамдық саяси «Уйғыр авази» газетінің редакторы

Қазақстан халқы Ассамблеясының форумы дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Биыл ІІ Халықаралық медиа форумның тақырыбы «Бейбітшілік пен келісім мәдениеті» деп аталуы өте өзекті деп білемін. Мәні өте зор. Адамдардың рухани өмірі идеологияға, саясатқа, БАҚ-на байланысты. Баспасөз – халық арасында қоғамдық пікір қалыптастыратын, осы елдің дамуына үлкен үлес қосатын, Елбасымыздың сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамлеясының жұмыстарын насихаттаушы үлкен күш. Сондықтан форумның деңгейі жоғары деп есептеймін. Форум жұмысынан үлкен әсер алдық. Журналистермен қауышып, бүгінгі БАҚ саласындағы өзекті мәселелерді талқыладық, пікір-ұсыныстарымызды ортаға салдық. Әсіресе этно журналистика мәселесі төңірегінде көп нәрселер айтылды. Ұлттық журналистика деген ерекше дүние. Елбасымыз айтқандай «Қазақстанның ең үлкен байлығы – мұнай мен газ, темір мен көмір ғана емес, ол – халықтың бірлігі, тірлігі, келісімі»,- деп. Осы байлығымызды қолдан шығармау үшін идеологияны, баспасөздің қызметін күшейтуіміз керек.

«Уйғыр авази» газеті – ұйғыр тілінде шығатын жалғыз ресми мемлекетттік газет. Біз басылым арқылы бірінші кезекте Президентіміздің барлық бағдарламаларын, стратегиясын, Жолдауларын насихаттаймыз. Негізгі акцент Ассамблеяға, халықтар достығына беріледі. Газетімізде халықтар достығына, ұлттық келісімге арналған айдарлар бар. Сол айдарлар аясында Қазақстанда болып жатқан жақсы, өнегелі жұмыстарды насихаттап келеміз. «Уйғыр авази» газеті 1957 жылдан бері шығып келеді. Редакция Алматы қаласында орналасқан. Таралымы 13 000. Биыл санын 20 мыңға жеткізуді көздеп отырмыз.

Шалахметов Ғаділбек, «Этникалық және діни толерантты ЮНЕСКО» кафедрасының меңгерушісі, профессор

Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған медиа форумның тамыры қайда жатыр? Форумның тақырыбы неге БАҚ жұмысына байланыстырылып отыр? Өте өзекті әрі керек кезінде өтті деп ойлаймын. Журналистер қашан да тек шындықты айтуы керек. Алпауыт елдерде қантөгіс болып жатқан мынау жайсыз заманда қауіптенер тұсымыз көп. Украина, еуропа елдерін алайық жазықсыз жандардың қанын төккен. Сол себепті Ассамблея жұмысының мәні зор. Бірлікке шақыру, татулыққа үндеу – Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысының жемісі. Ал, журналистика мәселесіне келдер болсақ, бүгінгі журналистиканың кемшілігі – журналистер ақша қуып кетті. Журналистикаға көңілім толмайды. Терең зерттеу, сараптамалық мақалалар жоқ. Журналистер көп оқуы керек.

Чжоу Лян, Қазақстандағы «Синьхуа» ақпараттық агентттігінің шеф-корресподенті

Форумның мәні зор. Бүгінгі жиында ұлттық мәселелер көтеріліп отыр. Медиа мәдениет, этно журналистика мәселесінің маңызы ауқымды. Ұлттық мәселеге еппен қарау керек. Көп ұлт өкілдерін бір шаңырақ астында ұстау – үлкен еңбекті, бірлікті, достықты қажет етеді. Бүгінгі таңда әлем елдерінде небір сұмдық жағдайлар орын алып, соғысып жатыр. Бұл қақтығыстар ұлттық мәселеден туындап отыр. Сол себепті әрбір азамат көп ұлтты қоғамда өмір сүріп отырғандықтан, елін дамытуға үлес қосуы керек. Қазақстан – көп ұлтты мемлекет, бұл салада тәжірибеесі үлкен. Елде бейбітшілік пен келісім, достық салтанат құрғанын көріп отырмыз. Форум осы татулықты сақтау үшін, нығайту үшін ұйымдастырылып отыр деп түсінемін.

«Синьхуа» ақпараттық агенттігі – ірі халықаралық агенттік болып табылады. Әлемнің 150-ден астам елдерінде өкілдері бар. Қазақстанда екі қалалық пункті бар. Қытайдағы ақпарат агенттікте 15 000 адам жұмыс істейді. Ал шет елдік бөлімшелерде 3000 жуық мамандар қызмет етеді. «Синьхуа» агенттігі қытай, ағылшын, орыс, испан, араб, жапон секілді 6 тілде ақпарат таратады. Күн сайын ақпараттарды текст, фото, видео сондай-ақ баспа түрінде таратады. Синьхуаның «Консультативті жаңалықтар» атты басылымы Қытайдағы таралымы ең жоғары газеті болып есептеледі. Тиражы бес миллионнан асып жығылады.


Спикерлердің пікірін жазып алған Бақытгүл АБАЙҚЫЗЫ

Суреттердің авторы Арман ҚАЛИБЕКҰЛЫ  

  

Ұқсас материалдар