Қандастар Ассамблея

Марат ТОҚАШБАЕВ: "Демократиялық қоғамға қарай ұмтылу – журналистiң еркiн ойлауына жол ашты"

31.07.2014 2761
Марат ТОҚАШБАЕВ, журналист-жазушы.

Марат ТОҚАШБАЕВ, журналист-жазушы.

Қазақ зиялылары дiн жолына түскендердi құптайды, адасқандарға жол сiлтейдi. Сөйте тұра, мұсылманның бес парызын өтеуге келгенде мойындары жар бермейдi. Сiз қандай амалдар жасап, қай парыздарды өтеп жүрсiз?

– Менiң тағдырым қазақ зиялы қауымның соңғы отыз жылғы тарихымен бiте қайнасып, қосарланған өрiм сияқты. Анау 1980 жылғы тiл туралы айқай, қазақ тiлiндегi балабақша мен мектептердi көбейту, ұлттық мəдениетiмiз бен дəстүрiмiздi қорғау жөнiндегi аттандардың бəрi бiртiндеп келiп, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына негiз болды. Ол оқиғалар елiмiздiң тəуелсiздiгiн тездетуге ұласты. «Азат» қозғалысының басы-қасында болдық. Қазақстан тəуелсiз парламентi құрылған кезде соның басылымында жұмыс iстей жүрiп, депутаттардың аузы-на сөз салып, ой салып, көптеген оқиғалардың ұлттық мүдде тұрғысынан шешiлуiне əсер-ықпалымыз тидi деп есептеймiн. 1970 жылдары атеист болып жүрдiк. Алматы облыстық «Жетiсу» газетiнiң үгiт-насихат бөлiмiнде жұмыс iстеп жүрiп, атеистiк тақырыптарды да қозғағанымыз бар. Сол бағыттағы iзденiстер, түрлi ағымдар, миссионерлiк жұмыстармен айналысатын баптис-термен кездесулер жеке басымда Алланың бар екендiгiне көз жеткiздi. Əрине, мен ол ағымдарға ерiп кеткен жоқпын. Соның бəрiне сын көзбен қарап, ең озық дiн, ең ақиқи дiн – ислам екендiгiне көзiм жеттi де, 1990 жылдардан берi əрбiр мұсылман орындауға тиiстi парыздарды орындауға көштiм. Бiрiншi па-рыз – Алланы тану, пайғамбардың хақ екенiн мойындау. Екiншi парыз – бес уақыт намаз оқу. Үшiншi парыз – ораза ұстау. Оны да 1992 жылдан берi ұстап келемiн. Төртiншi парыз – зекет беру. Ол адамның дəулетiне байланысты. Журналистердiң табысы күнделiктi қажетiнен артылатын деңгейге жете қойған жоқ. Сондықтан мен үшiн зекеттi орындау парыз емес. Бесiншi па-рыз – мұсылман адам өзiнiң ғұмырында бiр рет қажылыққа ба-рып, Қағбада тəу ету. Алла Тағала нəсiп етiп, оны да орындадым.

– «Қазақстан» ұлттық телеарнасын басқарғаныңыз есi-мiзде. Ол жерден кетуiңiзге не себеп болды?

– «Қазақстан» ұлттық телеарнасында 5 – 6 жылдай қызмет еттiм. Басқарған да кезiмiз болды. Қызметтен кетуге екi түрлi нəрсе себеп болды. Мен қызмет iстеп жүрген кезде «Қазақстан» ұлттық телеарнасын жартылай жеке меншiк телекомпанияның басқарылуына беру, одан ары қарай толықтай жекешелендiрiп кету сияқты жағымсыз позиция болды. Ұлттық арнаны қалайда өз дегендерiне көндiру үшiн оның басшыларына неше түрлi ай-ыптар тағу, қылмыстық iстер қозғау, мүмкiндiгiнше сұрықсыз етiп көрсетуге тырысу сияқты жала жабу орын алды. Сосын «команда» деген ұғымның барын бiлесiз. Сондай ауыс-түйiстер болған соң қызметтен кетуге тура келдi. Өзiм қызмет iстеген тұста қазақ теледидарына, оның халыққа өз деңгейiнде қызмет жасауына қолдан келгенiнше үлес қостық. Ал қаржылық жағынан шамамыз жетпеген тұстары болуы мүмкiн. Дəл бүгiнгi таңда Қазақстан теледидарының бағыт-бағдарын қолдаймын. Қазiр онда өте талантты буын жұмыс iстеп жатыр. Олар алдағы уақытта ел үшiн, көрермен үшiн жақсы хабарлар жасайды деп ойлаймын.

Қазақ журналистикасының даму барысына деген көз-қарасыңыз?

– Осыдан 10 – 15 жыл бұрын осындай сауалдарға бiрнеше рет жауап беруге тура келген. Тəуелсiздiгiмiздiң қарсаңында осы тақырыпта əңгiме қозғалған кезде пiкiрiмдi былай деп ай-татынмын: «Қазақ журналистикасы Ресей журналистикасынан 20 – 30 жылға, əлем журналистикасынан 50 жылға кейiн қалды» деп. Оған көбiне-көп себеп болған – журналистердiң техникалық жарақтандырылуының төмен деңгейi едi. Сондай-ақ, бiр пар-тиялық жүйе кезiндегi журналистердiң еркiндiгiне барынша шектеу қойылатындығымен түсiндiрiлетiн. Құдайға шүкiр, дəл бүгiнгi күнi «қазақ журналистикасы əлемдiк журналистиканың деңгейiне көтерiлдi» деп батыл айта аламын. Өйткенi қазақ журналистикасы кез келген елдiң, кез келген басылымдардың деңгейiне жеттi. Шетелдiк журналистер ойнаған компьютердiң құлағында қазақ журналистерi де ойнайды. Сандық фотоаппа-раттар мен диктофондар қазақ журналистерiнiң қолданысында жүр. Бiзде қалыптасып отырған саяси жағдай, демократиялық қоғамға қарай ұмтылу – журналистердiң еркiн ойлауына, жазуы-на жол ашты. Əрине, бiрқатар журналистер мен редакторларда өзiн-өзi цензуралау бұрыннан қалған сияқты қасиеттер болуы мүмкiн. Бiрақ оның өзi де бiртiндеп жойылып келе жатыр. Қазақ журналистикасы өсу үстiнде, қалыптасу үстiнде.

Абай бабамыздың «бiрiңдi қазақбiрiң дос, көрмесең iс-тiң бəрi бос» деген сөзi бар емес пе?! «Қазақтың жауы қазақ» деген де сөз бар. Осы ой төңiрегiндегi пiкiрiңiзбен бөлiссеңiз?

– Қазақтың жауы – көре алмаушылық пен жалқаулық. Өзiнiң қандасының бiр биiкке жеткенiн көре алмай, соны аяқтан шалып қалуға тырысу, оның сыртынан ғайбат сөз айту, абырой-беделiне нұқсан келтiру, қай халыққа болса да жақсы қасиет емес. Екiншi жау – жалқаулық. Өзi жалқауланып жасай алмаған iстi бiреуден қызғанып, көре алмау – қазаққа көп зиян əкеледi деп ойлаймын. Адам болған соң шамамыз жеткенiнше жəрдемiмiздi көрсетiп, ақыл-кеңесiмiздi айтып отыруымыз қажет. Бiздiң мұсылманда «Садақа» деген сөз бар. Садақаның өзi үш түрге бөлiнедi: Сөз садақа, қол садақа, мал садақа.

Егер басына iс түсiп, қиналып отырған адамның көңiлiн көтерiп, өмiрге құштарлығын оята бiлсеңiз, ол – сөз садақа бо-лады. Ал ендi бiреу затын көтере алмай тұрып, оған көмектесiп жiберсеңiз немесе көршiңiз үй салып жатқанда iргетасын қала-сып жiберсеңiз, ол – қол садақа болады. Мал садақа деп – ақша, мал, киiм-кешек берудi айтады. Бұл садақалардың қайсысы болмасын, адамның ғұмырын ұзартады. Келе жатқан бəле-жаладан сақтайды. Сондықтан дiннен азды-көптi хабарымыз болғандықтан, осы садақалардың бəрiн жасауға тырысамын. Адам баласы болған соң, кейде ағат айтатын, кейде орынсыз ренжiп қалатын тұстарымыз болуы мүмкiн. Оның бəрiн жаулық сезiммен қарсы алатындар болады. Шынын айтқанда, мен жоқ жерден жау табуды қаламайтын адаммын.

Сiз кезiнде мықты асаба болғанға ұқсайсыз?

– Жас кезiмiзде асаба да болдық, əн де салдық. Асабалық қызметтi халықты тəрбиелеудiң құралы ретiнде пайдалануға тырыстық. Бұрын асабалық қызмет халыққа өзiнiң əдет-ғұрпын үйретудiң, жөн-жосықты көрсетудiң, ұлттық бастауларымызға, ұлттық қайнарларымызға қайта оралудың амалдары ретiнде орындалатын.

Қазiргi асабаларға көңiлiңiз тола ма?

– Қазiргi асабаларда коммерциялық мақсат басым. Ол – халыққа ақылы қызмет көрсетудiң түрiне айналып кеттi. Олар осы қызметi арқылы нан табуға, мал табуға ойысты. Бiрақ оларды да айыптауға болмайды. Асабалық қызмет көрсететiн де адам-дар қажет. Дегенмен, асаба белгiлi бiр дəрежеде елге тəрбие беретiнiн ұмытпауы керек. Тұрып алып: «Алып қойыңдар, жеп қойыңдар, авторский лақтырский» деген сияқты қажетсiз нəрселердi айтып, халықты iшiмдiкке, арсыздыққа итермелейтiн дүниелердi емес, қайта оларды ибалыққа, жастарды көргендiлiк-ке, ата жолымызбен жүруге шақыратын қадамдарды көбiрек жасау керек деп есептеймiн. Бұл ұсақ-түйек болып көрiнгенiмен, қазақтың ұлттық мəдениетiнiң белгiлi бiр мөлшерiне айнал-ды. Асабалыққа байланысты кезiнде бiз арнайы кiтаптар да шығарғанбыз.

Осы асабалардың iшiнде өнер жұлдыздары, тiптi қа-жылар да бар. Олардың той басқарып жүргенiн құптайсыз ба?

– Өзiнiң өнерiмен, талантымен, бiлiктiлiгiмен елге жақсы сөз арнап, олардың көңiлiн көтерiп жатса, онда тұрған не бар?! Ал қажылар той басқарып жүрсе, ол да жақсы. Өйткенi олар халыққа арақ iшпеудi, харам жемеудi, күнə жасамауды, имандылықты үйретiп отырады. Олардың бүкiл сөзiнiң төркiнi, сөзiнiң желiсi, жүйесi дiни бағытта болады. Егер имандылыққа шақырудың орнына, өзi бұлаңдап жүрсе, əрине ол өрескел нəрсе. Сондықтан елге аз да болса, игi ықпал ететiн əрекеттер жасалса, оған қуа-нуымыз қажет. Себебi имандылық турасындағы əңгiмелердi бiреудiң қазасында, жетiсiнде, асында емес, той-томалақтарда да айту керек.

Əңгiмеңiзге рақмет!

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, «Ағынан жарылсақ» 

Ұқсас материалдар