Қандастар Ассамблея

Марафоншылар Астанаға жетті

05.08.2015 2694
Марафон қатысушылары бүгін Астанаға табан тіреді.

 1-тамыз күні Ақмола облысы Бурабай ауданында «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ-ның қолдауымен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған 550 шақырымдық марафоны басталғаны белгілі. Марафон қатысушылары бүгін Астанаға табан тіреді. Бұл туралы қалалық әкімшіліктің сайты хабарлады. 

Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстанның ел болып қалыптасуындағы тарихи кезеңнің маңыздылығын жас ұрпақтың санасы сіңіру және жастар арасында бұқаралық спортты насихаттау.

 

Марафон  үш жүздің басын қосқан қазақ ханы Абылайдың Ресей, Қытай, Бұхара хандықтарының елшілерін қабылдауында көрініс тапқан Абылай ханның алаңынан басталғаны тегін болмаса керек. Ұйымдастырушылар марафон Ақмола облысы, Астана қаласы және Қарағанды облыстары арқылы өтіп,  бүгінде  белгілі ұлттың табысқан төбесі, ұйысқан іргесі – Ұлытау жерінде аяқталатынын айтады.

Ұзақ қашықтыққа жүгіруді елге танымал Күлпейісов Балғабай Көпжасарұлы мен Әбілов Қалибек Ислямұлы бастады.

Жүнісова Жанаргүл,  «Жас Отан» ЖҚ Ақмола облыстық филиалының төрағасы:  «Бұл шаралар қоғам бастамасы болып табылады және осы жылы қазақстандықтар атап өтетін мерекелерге арналады. Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығы адамдармен – өз заманының батырларымен байланысты және қазіргі жастар олар туралы білулері тиіс». 

Ақмолалық екі жеңіл атлет - Балғабай Күлпейісов пен Қалибек Әбілов 10 күнге созылатын марафонды Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап жүгіріп өтпек.

 

Қалибек Әбілов, жеңіл атлет:

– Осы марафон арқылы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ірі мәдени шараларға өз үлесімізді қосқымыз келеді. Бұл, әрине, ең алдымен бабалар рухына еткен тағзымымыз. Басты мақсатымыз - жастарды патриоттық бағытта тәрбиелеу, оларды салауатты өмір салтын ұстануға тарту және бұқаралық спортты дамыту.

 

Марафоншылар таң шапағы қылаң берген сәттен ақшам түскенге дейін жүгіретіндерін айтты. Бұл шараға олар жарты жыл көлемінде дайындалған. Атап өтейік, аталмыш марафон Ақмола облысында басталып Астана арқылы Қарағанды облысына, одан кейін киелі Ұлытау жеріне жетуді көздейді.

Ұқсас материалдар