Қандастар Ассамблея

«Манифест. Әлем. XXI ғасыр»: сарапшы пікірі

27.04.2016 7644
Ядросыз әлем

Исатай Минуаров, "Нұр Отан" партиясы Қоғамдық саясат институтының эксперті: 

 Қазақстанның антиядролық тәжірибесі – өзгелерге үлгі боларлық бастама

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары ғаламды қамтитын үлкен проблемаларды шешу тетіктерін ұсынуымен мәлім. Нұрсұлтан Әбішұлының Вашингтондағы ғаламдық саммитке қатысқанда көтерген мәселелері әлі күнге дейін үлкен талқыға түсіп жатқандығы соған дәлел. Бұл жолы да Елбасы әлемдегі тұрақтылықты сақтаудағы өзінің «рецептін» «Манифест. Әлем. XXI ғасыр» құжаты түрінде беріп отыр:

  1. БҰҰ-ның базасында ядролық қаруларға қатысты ғылыми жаңалықтарды тіркеуге алып отыратын Реестр құру бастамасы үлкен қолдау табуы қажет. БҰҰ әлемдегі шиеленістерді шешетін маңызды ұйым болғандықтан, реестрді құру арқылы сан алуан қауіптің алдын алу механизмі жүзеге асатынына сенемін.
  2. Шанхай Ынтымақтастық ұйымы аясындағы мемлекеттердің және әлем елдерінің осы мәселе аясындағы кооперациясы және өзара тәжірибе алмасуы әдеттегі практикаға айналуын қалайтын Мемлекет басшысының бастамасы басқа тараптардан қолдау тапса көп мәселе шешіледі деп ойлаймын.
  3. Елбасының әлемдегі әскери ұйымдар мен блоктардан бас тартуға шақыруы – ең алдымен, қазіргі шиеленіске түсіп, бір-бірімен қырғи-қабақ соғыс жүргізіп жатқан әскери әлеуеті мықты елдерді бір үстелдің басына жинауға алғышарт болады. Себебі, әскери ұйымдардың болуы – ядролық қауіптердің ықтималдығын жоғарылатады.
  4. Президенттің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қызметі жаңа форматқа өту керектігі туралы бастамасы өте орынды. БҰҰ-ның қарусыздандыру жөніндегі жаңа стратегиясының фокусы киберқылмыспен күрес жүргізілуге бағытталса, террористік әрекеттердің алдын алуға серпін береді.
  5. БҰҰ Бас Ассамблеясында Қазақстан ұсынған «Әлемдік Стратегиялық Бастама Жоспары – 2045 құжаты» соғыссыз бейбіт әлемді қалыптастыруда, бәсекеге қабілетті, әлем елдерінің инфрақұрылымдарға қолжетімділігін арттыруда үлкен рөл ойнайтын болады.

Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы – барлық қазақстандықтар үшін тарихи акт, қазіргіміз бен келешегімізге серпіліс беретін үлкен бастама. Қазақстанның осы мәселедегі ұстанымы әлемді ядролық зұлымдықтан сақтаудың алғышарты деп қабылдауға болады. Қазақстанның зымырандық-ядролық арсеналы ауқымы жөнінен әлемдегі төртінші болса да, бейбітшілікті жоғары қойған Қазақстан осындай тарихи шешіммен әлемнің назарына ілікті. Сондықтан болар, әлемді ядролық қарусыздандыру саммиттеріне ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуы үлкен маңызға ие.

Осыдан 15 жыл бұрын еліміз аймақтағы көршіле­ріміз­бен бірге Орталық Азияда яд­ро­лық қарудан азат аймақ құру ту­ралы шартқа қол қойды. Қазір де еліміз жаһандық ан­ти­ядро­лық қозғалыстың көш ба­сын­да келеді. Біздің антиядролық тә­жірибеміз әлемнің бар­лық мемлекеттеріне үлгі болады деген үміттемін.


Пікірді жазып алған  – Роза СЕКСЕНБАЙҚЫЗЫ

 

Ұқсас материалдар