Қандастар Ассамблея

Мамандар қант бағасының өсуін немен түсіндіруде?

22.07.2016 2431
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті «Монополияға қарсы қызметінің 25 жылдық жұмысы және жаңа келешегі» Ашық есік күнін өткізді.

Іс-шарада «Бәсекелестік саясатын қорғау және дамыту орталығы» АҚ-ның вице-президенті, Астана қаласының қоғамдық кеңесі мүшесі Марат Мустафин елімізде монополияға қарсы органының қалыптасу тарихы және пайда болуы жайлы баяндады.

Марат Мустафин, «Бәсекелестік саясатын қорғау және дамыту орталығы» АҚ-ның вице-президенті:

— Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен қатар, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіне де биыл 25 жыл толып отыр. Бұл мемлекет үшін ұзақ уақыт болмағанымен, осы уақыт аралығында Қазақстан жоспарлы экономикадан, нарықтық экономикаға көшті. Нарықтық экономиканың жұмыс істеуінің басты құралы ол бағаның тұрақтылығы. Бұл тұрғыдан алып қарар болсақ біздің мекеме өте үлкен еңбек сіңірді деп нық сеніммен айтуға болады.

Монополияға қарсы органының құрылуы Қазақ Советтік Социалистік Республикасының 1991 жылғы 11 маусымдағы № 657-ХІІ «Бәсекелестікті дамыту және монополия қызметін шектеу туралы» Заңының қабылдануынан бастама алған болатын. Оның мақсаттарынан басқа: еркін бәсекелестікті ынталандыру, кәсіпкерлікті, тұтынушылардың мүдделерін қорғау, тауар нарығында бәсекелестікті дамыту және монополиялық қызметтін шектеу және нарықтағы жоқсыз бәсекелестікті болдырмау.

«25 жыл бойы, бәсекелестік туралы заңнамасы бірқатар өзгерістерге ұшырады. Бір жағынан, кәсіпкерлік қызметке және бәсекелестікті дамыту үшін жағдай жасай отырып, екінші жағынан - мемлекеттік тауар нарығында кәсіпкерлер субъектілерінің мінез-құлықтарына қатаң бақылау орнатты, сондай-ақ монополияға қарсы ықпал ету шараларын анықтады» - дейді, комитет қызметкерлері.

Аталған іс-шараны пайдалана отырып, нарықта орын алған соңғы өзгерістерге (қант бағасының күрт өсуі) тоқталып өтті.

Жандос Ермағанбетов, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің департамент басшысы:

— Бүгінгі таңда қанттың жетіспеуі республика бойынша байқалады. Бұл Алматы қаласында орналасқан басты өнім беруші компания қант бағасын көтеруімен түсіндіреді. Оның үстіне маусым айы бойынша Нью Йорктағы қор биржасының қортындысын қарайтын болсақ қанттың 35%-ға қымбаттағанын байқауға болады. Біздің мекеме тарапынан Астана қаласына қант тасымалдаушы ірі компанияларға сұраныс жіберілді. Егер заң бұзушылықтард тіркелген жағдайда тиісті жаза қолданылатын болады. Қант бағасының қымбаттауына жеміс-жидек науқанының басталғандығы  да әсерін тигізді. Өкінішке қарай, бұл жыл сайын қайталанатын жағдай. Қала бойынша қанттың жетіспеушілігі байқалады. Біздің департамент қызметкерлері мониторинг жасап, заң бұзушылықтарды тіркеуде. Алдағы уақытта жұмыс нәтижесін айтатын боламыз.    


Рустем ӘЛПИ

Фотограф — Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ

Ұқсас материалдар