Мәңгілік махаббат жыры: Қыз Жібек пен Төлеген

22.07.2016 5185
Оралдағы кездесу

Орал қаласындағы Мырза Əлі орталығында Қазақстанның халық əртісі Құман Тастанбеков пен ҚР еңбек сіңірген əртісі, «Құрмет» орденінің иегері Мерует Өтекешованың «Мəңгілік махаббат жыры» атты кездесу кеші өтті.

 

Жастар шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткен кездесу кешіне халық көп жиналды. Өнер саңлақтарының мəдениет саласындағы өнегелі еңбек жолы, отбасылық өмірі көрермен қауымға əдемі əсер ұялатты.

Кездесу кешіне арнайы келген облыс əкімінің орынбасары Марат Тоғжанов өнер иелеріне ыстық лебізін білдірді.

Өскелең ұрпаққа жоғары рухани жəне эстетикалық тəрбие берудің үлгісін көрсетуді мақсат еткен шара шынайы, əсерлі өтті.

 

Шара басталар алдында мəртебелі меймандар Қадыр ақынның ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды, қаламгердің қолы тиген құнды жəдігерлерді тамашалады.


Гүлжамал Жолдығали

 

Ұқсас материалдар