Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батыр қалалар: Минск, Мурманск, Смоленск

17.02.2015 8544
Жаппай ерлік көрсеткені үшін «Батыр қала» атағын иеленгер шаһарлар: Минск, Мурманск және Смоленск

Ұлы Отан соғысы дегенде көбіне-көп Ленинград, Мәскеу, Сталинград қалаларын естиміз, өйткені осы қалалар маңында көптеген ірі-ірі шайқастар өтіп, сан мыңдаған адам қаза тапты. Маңыздылығы бойынша дәл осы қалалар секілді болмаса да, Ұлы Отан соғысында жоғары рөл атқарған өзге де қалалар бар, біз олар туралы соғыс призмасында көп естімеймі, дегенмен олар жаппай ерлік көрсеткені үшін «Батыр қала» атағын иеленгер шаһарлар: Минск, Мурманск және Смоленск.

Минск

«Батыр қала» атағын бұл қала 1974 жылы 26 маусымда алды.

Белорус майданының 1-ші, 2-ші және 3-ші әскерлері Беларус Кеңестік  Социалистік Республикасының астанасын 1944 жылы 3 шілде күні азат етті.

3-ші және 1-ші әскерлер бір мезетте Минск бағыты бойынша жауға соққы жасады. Кейіннен 2-ші әскерімен бірге Минск қоршауға алынды. Осы қимылдармен қатар Прибалтика майданының 1-ші әскерімен бірге Белорус майданының 3-ші және 2-ші әскерлері батыс бағыты бойынша шабуылдап, өз жолындағы жау бекеттерін түгелдей қирата бастады. Белорус партизандары да елеулі үлес қосты. Олар немістердің кері шегіну жолында көпірлер мен өткелдерді жою арқылы нешетүрлі кедергілер жасады.

3 шілде күні танк бөлімшесі қалаға кірді.

 

Мурманск

«Батыр қала» атағын Мурманск 1985 жылы 6 мамыр күні алды.

Соғыс басталысымен қалада бірден жойғыш батальондар мен халық жасақтары құрыла бастады. Қалаға жақын маңда Мурманск тұрғындары санаулы күндер ішінде төрт қорғаныс жолағын соқты.

Не себепті неміс әскері бірден Мурманскті басып алғысы келді?

Мурманскта үлкен теңіз порты мен темір жол торабы бар және ол Солтүстік мұзды мұхиттың жағасында орналасқан. Порт пен темір жолдың өткізу мүмкіндігі өте жоғары еді. Мурманск қаласынан Петсамо никель кеніштеріне бар-жоғы 100 ғана шақырым.

1941 жылы 28 маусымнан бастап осы жылдың қарашасына дейін герман-фин әскерлері Мурманск бағытында шабуыл әрекеттерін жүргізді. Нәтижесінде герман-фин әскерінің жоспары күйреп, Мурманск өңіріндегі Кеңестік майдан өз күшін сақтап қалды.

Смоленск

«Батыр қала» атағын бұл қала 1985 жылы 6 мамырда алды.

Смоленск қорғанысы 1941 жылдың 10 шілдесінен бастап 1941 жылдың 5 тамызына дейін жалғасты.

1941 жылдың 11 шілдесінде немістің 39-шы мотокорпусы  Витебск маңындағы әлі күшейіп үлгермеген 19-шы әскердің қорғанысын бұзып, Демидов, Духовщина және Смоленск бағытында шабуылдауды бастады. 13 шілде күні жау әскері Демидов пен Велижге жетіп, Духовщинаны басып алды және Ярцево үшін соғысып, 15 шілдеге қарай Смоленск-Москва трассасына шықты.

1941 жылдың 28 шілдесіне қарай Кеңес әскерлері Смоленскті тастап кетуге мәжбүр болды. 


Дәурен Омаров

Ұқсас материалдар