Қандастар Ассамблея

Ұлттар жарастығы - ұлы қазына

27.02.2015 3123
«Ассамблея жылына» орай «Ұлттар жарастығы - Ұлы қазына» атты мерекелік іс-шарасы болып өтті.

ҚР Ұлттық кітапханасында «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының қолдауымен, Мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері жөніндегі қалалық «Мирас» Қоғамдық кеңесінің, Қазақстан халқы Ассамблеясы Алматы қалалық хатшылығымен бірлесіп ұйымдастыруымен «Ассамблея жылына» орай «Ұлттар жарастығы - Ұлы қазына» атты мерекелік іс-шарасы болып өтті.

Мерекелік іс-шарада елімізде тұрып жатқан этностардың мәдениетін дәстүрі мен өнер бейнелейтін этникалық қолөнер көрмесі мен Ұлттық кітапханадағы Қазақстан халқы Ассамблеясы Депозитарийінің безендірілген кітап экспозициясының көрмесі ұйымдастырылды. Депозитарийге жинақталған деректі және көркем әдебиеттер біздің еліміздің аумағында тұрып жатқан әртүрлі ұлыстардың тарихы мен қазіргі өмірін, олардың рухани мәдениеттерінің, дәстүрлері мен өнерлерінің дамуын бейнелейді.

Шара барысында «Нұр Отан» партиясы АҚФ төрағасының бірінші орынбасары К.І.Матыжанов сөз алып, татулық, бірлік, келісім – кез келген ел үшін ең асыл ұғымдар екені белгілі. Тағдыр талайымен көптеген ұлт пен ұлыстардың тағдыры тоғысқан алып Қазақстан өзінің Тәуелсіздігін алғалы бергі кезеңде осы қасиетті татулықты Ту етіп келеді.Ел болашағының жарқын жолы тек ынтымақта екенін ұғынған барша жұрт Елбасы, Партия Төрағасының осынау жарқын бастамаларын бірден қолдады. Бүгінде бірлік атты алтын тұғырға қондырылған, бүкіл әлем мойындаған Қазақстан халқы Ассамблеясына биыл 20 жыл толып отыр. Баршаға ортақ айтулы мерекеміз құтты болсын деді.

Сондай-ақ Іс-шарада ҚР Ұлттық кітапханасының бас директоры, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, жазушы, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері жөніндегі «Мирас» Қоғамдық кеңесі төрағасының орынбасары А.Ә.Асқаров, қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы В.А.Ахмадулла, Ассамблеяның ғылыми-сараптама тобының жетекшісі, философия ғылымдарының докторы М.С.Шайкемелов, Республикалық «Жарасым» жастар ұйымының төрағасы Р.С.Ахметов қатысып, сөз сөйледі.

Шара соңы әр ұлт өкілдерінің қатысуымен болған концерттік бағдарламамен аяқталды.

 

 

Ұқсас материалдар