Қандастар Ассамблея

"Логикомикс" - Илиададан кейінгі ең танымал грек шығармасы

16.01.2015 2202
2009 жылы Кристос Пападимитрио мен Апостолос Доксиадис есімді екі грек азаматтарының ойлап шығарған «Логикомиксі» жайында

«Кітап оқу» дегенде ойымызға көбіне Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» мен Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділері» түседі. Мүмкін олардың ұзақтығы болар, немесе тақырыбының ауырлығы болар, кітап оқып бастауымыз әне бастайм, міне бастайммен ұзаққа созылып кетіп жатады. Сол кезде қысқа, оқуға қызық, 1-2 күн шамасында оқып тастайтын кітаптарды іздейміз. Осы критерийлерге сай келетін материалдардың бірі – комикстер.  Шетелде XX ғасырдың бас жақтарынан бері танымал комикстердің осы уақытқа дейін сан түрлісі шығып үлгірді. Солардың бірі – 2009 жылы Кристос Пападимитрио мен Апостолос Доксиадис  есімді екі грек азаматтарының ойлап шығарған «Логикомиксі».

Бұл графикалық новелла – 20 ғасырдың екінші жартысынан қазіргі күнге дейінгі уақыт арасында ашылған ең ірі математикалық, логикалық және пәлсапалық идеяларды комикс түрінде сипаттап, мысалымен береді. Оқиғаның тағы бір айтатын заты – идеалды рационалдылық пен дем арасында өзгеретін, тұрақсыз қазіргі өміріміздің шынайылығы арасындағы шиеленіс. Бұл батыл интелектуалды саяхаттың қатысушылары сапардың соңына дейін жинаған білімдері үшін үлкен күйзеліс пен естерін жоғалтуға дейін жетеді. Кей кісілер «Логикомикс» Илиададан кейінгі ең көп сатылған грек кітабы деп те қалжыңдайды.

«Логикомикс» бірінші бетінен бастап еліктіріп жібереді. Тарихтағы математикалық және пәлсапалық идеяларды ойлап табу кезіндегі ғалымдардың ішкі сезімдерін, таңқалыс пен эйфорияларын осы кітаптағы кейіпкерлердің іс-қимылынан байқаймыз. Кітаптың басты кейіпкері болып Ұлы ойшыл, пәлсапашы,  пацифист – Бертран Рассел көрсетілген. Комиксті оқушы осы Бертранның көзімен Фреге, Гилберт, Пуанкаре, Виттгенштейн және Гедель секілді ғалымдардың идеялары мен ойларын көре алады.

Иллюстрациясы жайында

Комикстің суреттері қанық бояуланған. «Логикомикс»-ты дайындауда жұмыс істеген өте тәжірибелі суретшілер мен графикалық дизайнерлер атақты математиктер мен саясаткерлердің бейнелерін сапалы жасаған.

Кітаптың оқырманы кім?

Егер сіз логика мен пәлсапа туралы ештеңе білмесеңіз, «Логикомикс»-ті оқыңыз. Ондағы жазылған мағлұматтарды оқып, жиырмасыншы ғасырдың пәлсапалық картиналарын үйренсеңіз болады.

Сіз математика, логика және пәлсапа ғылымдарының маманысыз ба? «Логикомикс» сізге ғылымдағы ізденулер мен 20 ғасырда ашылған ғылыми жаңалықтардың қаншалықты қиындықпен туындағандығын көз алдыңызға елестетеді.

Сіз комикстердің тұрақты оқырманысыз ба? «Логикомикс» ең мықты комиксист мамандарды мойындатқан шығарма. Оның қоржынында әртүрлі сый-марапаттар мен қоса комикстік фестивальдардан жеңген сыйақылар бар. Өзіңізді оқырмандардың қай тобына жатқызсаңыз да, «Логикомикс»-ті оқуға себеп жетерлік.

Суреттердің дереккөзі: Labirint.ru, wikipedia

Ұқсас материалдар