Қандастар Ассамблея

Әлеуметтік кәсіпкерлік: Қазақстандағы даму үлгісі

22.10.2014 5358
Астанада ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және «Навстречу переменам» қайырымдылық қоры қолдауымен «Болашақ» бағдарламасының түлектерінің қатысуымен «Әлеуметтік кәсіпкерлік» атты республикалық конференциясы өтті.

Ағымдағы жылдың 22 қазанына Астанада ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және «Навстречу переменам»  қайырымдылық қоры қолдауымен «Болашақ» бағдарламасының түлектерінің, іскерлердің, мемлекеттік және мемлекеттік емес сектор өкілдерінің қатысуымен «Әлеуметтік кәсіпкерлік» атты республикалық конференциясы өтті.

Конференцияның мақсаты – қоғамның өзекті мәселелерін шешудегі бизнес-шешімі ретінде әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуы.

Конференция әлеуметтік кәсіпкерлік негізі бойынша тәжірибе алмасудың ақпараттық алаңына айналды. Қатысушылар біздің еліміздегі берілген бизнес үлгісінің даму мәселелерін талқылады, әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша негізгі үлгісінің даму мәселелерін талқылады, әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша негізгі жобаларды және қазақстандық экономикадағы олардың рөлін атап өтті, және де қайырымдылық мәдениеттің мәселелерін мәнсіз қалдырмады.

«Навстречу переменам» қайырымдылық қорының аймақтық менеджері – Салтанат Мурзалина-Яковлева; «Central Asia Communications» PR-агенттігінің басқарушы серіктесі Нұркен Халықберген; Әлеуметтік кәсіпкерлер қауымдастығының президенті, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Гүлзира Амантұрлина; ҚР Әлеуметтік сала және әлеуметтік әріптестік комитетінің төрағасы Талғат Доскенов; «Әлеуметтік инновациялар» ӘКО ҚБ төрағасының орынбасары Гүлнар Адамова; Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту орталығының Вице-Президенті, «Болашақ» бағдаламасының түлегі Қуаныш Тайшыбеков конференцияда спикерлер ретінде сөз сөйледі.

«Бүгінгі таңда Қазақстанда әлеуметтік жобаларды құруда қызығушылық танытқан адамдар санының артуын байқауға болады. Менің ойымша, кез келген әлеуметтік маңызды жобаны іске қосар алдында біздің еліміздегі құбылыс ретінде әлеуметтік бизнес дамуының маңызды сәттерін білу қажет, шетелдік тәжірибені есепке алып бұл саладағы сарапшылар мен бизнес-консультанттармен пікір алмасу қажет. Бұл конференция әлеуметтік бизнес саласындағы стейкхолдерлердің басын біріктіретін дәл осындай алаңға айналды»-деп Гүлзира Амантұрлина атап өтті.

Спикерлердің бірі – «Болашақ» бағдарламасының түлегі Тұрғанжан Қасымов Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлікті алға жылжытумен айналысады. Жуырда ғана ол «Жолың болсын, балақай!» жобасына бастамалық етті. Жоба шеңберінде Астананың бірнеше шағын аудандарында мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған пандустардың орнатылуы басталды. Жоба демеушілері ретінде қатысқан бірнеше тәуелсіз қайырымдылық қорлар жобаны қолдады. Тұрғанжан Қасымовтың пайымдауынша, бизнес өкілдері тұрғындардың әлеуметтік қорғалатын санаттарға қажетті назар аударуы тиіс, әлеуметтік бизнес және елімізде қайырымдылық мәдениетін дамыту қажет.

Сонымен қатар, конференция барысында «Болашақ» қауымдастыңының «Өзіңнен баста!» әлеуметтік маңызды жобалар конкурсына қатысқан «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің ең мықты деген әлеуметтік жобаларының марапатталуы өтті. «Жеті Ата» атты этно-мәдени жобасымен Дарья Омарова конкурс жеңімпазы атанды. Конкурсқа барлығы 32 жоба қатысты. Әділқазылар алқасы мүшелерінің сайлау барысымен 5 ең үздік жоба анықталды.

 

            

Ұқсас материалдар