Қандастар Ассамблея

Әлемдегі ең үлкен көлдер мен теңіздер

22.10.2015 110526
Дүние жүзінде қандай ең үлкен әрі ең терең көлдер мен теңіздер бар?

Адамзат баласы мекен еткен он сегіз мың ғаламшардағы тамылжыған табиғаттың қойнауында талай жұмбаққа толы жаратылыс бар. Тіпті кейбір талай мыңжылдық тарихты бүркенген көне ағаштар мен тастардың, өзен мен көлдердің сыры ашылмай келе жатыр. Табиғат байлықтарының ішінде теңіздерді ерекше  жікке бөліп, әңгімелеуге болады. Теңіз – мұхит сияқты орасан үлкен, өзен секілді ағысы қатты болмаса да теңіздің өзіне тән құпиясы мен сұлулығы, жан тербейтін толқыны әсерлі болады. Олай болса, әлемдегі ең үлкен әрі әдемі, қызықты деректерге бай теңіздерді сұрыптап көрейік.  

Каспий теңізі

Каспий – әлемдегі ең үлкен теңіз. Еуразия құрлығының орталығында, мұхиттардан алыста, оқшау жатқан тұйық су алабы. Дүние жүзіндегі ең ірі тұйық су айдыны, үлкендігіне қарап теңіз деп атайды. Ауданы 376 000 км2. Меридиан бағытында 1200 км-ге созылған, орташа ені 300 км. Жағалау сызығының ұзындығы 7000 км, оның Қазақстанға тиесілі ұзындығы 2340 км құрайды, қалғаны Ресей, Әзербайжан, Түрікменстан және Иран жерімен шектеседі. Беті мұхит деңгейінен 28 м төменде жатыр.

Виктория

Бұл теңіз әлем бойынша үлкендігі жағынан үшінші орын алады. Су алабы Танзания, Кения сондай-ақ Уганда елдеріне тиесілі. Ағылшын жиһанкезі Джон Хеннинг Спик  1858 жылы аталмыш теңіз туралы жаңалық ашып, теңізге Виктория патшайымның есімін берген. Су көлемі 68 000 км, ал ұзындығы 320 шақырым. Ені  275 шақырымға созылып жатыр. Викторияның жағалауын 30 миллион халық мекендейді.

Мичиган

Солтүстік америкалық теңіздің аумағы жобамен 57 750 км болады. Бұл толығымен АҚШ территориясына жататын жалғыз теңіз. Жыл маусымының 4 айында мұзға оранып жататындығымен ерекшеленеді. Теңіз суы АҚШ-тың Мичиган, Индиана, Иллинойс  және  Висконсин секілді штаттарына тиесілі.

 

Гурон

Гурон – АҚШ пен Канадаға ортақ үлкен көл. Аумағы 59,6 мың шақырым. Теңіз арқылы Мичиган мен Канаданың Онтарио провинциясына шығуға болады. Гурон деген атты француздар үнділік тайпаның құрметіне атапты.

 

Верхнее

Солтүстік америкалық ең ірі, суық әрі терең теңіздердің бірі. Үлкендігі жөнінен әлем бойынша екінші орында. Теңіздің аумағы мұзды қабаттың еритін маусымана байланысты өзгеріп тұрады.

Арал теңізі

Арал теңізі – Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан сутоған. Теңіз XX ғасырда ауданы жағынан (68 мың км2) әлемде төртінші орында болған еді, бірақ 1960 жылдардан бастап теңіздің суы күрт азайып келеді. АралӨзбекстан мен Қазақстан (Қызылорда және Ақтөбе обл.) жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Су жинау алабының ауд. 69000 км2 болған. Алабындағы шаруашылык мақсаттарға үздіксіз су алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м-ге төмендеді. Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға — Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды.

 

Танганьика

Орталық Африкада орын тепкен ірі көл. 1858 жылы ағылшын жиһанкездері Р. Бёртон мен Джон Спик ашқан. Теңіздің жағалаулары төрт мемлекетке тән. Атап айтар болсақ, Конго, Танзания, Замбия және Бурундия. Теңіздің аумағы 34 мың км алып жатыр. Жағалауы көбінесе тастардан жаралған. Жергілікті тұрғындар балық шаруашылығымен шұғылданады.

 

Байкал

Байкал – әлемдегі ең терең көл. Шығыс Сібірдің оңтүстігінде орналасқан ең ірі тұщы сутоған болып табылады. Көл іші мен жағалауы өте бай флора мен фаунасымен ерекшеленеді. Жергілікті тұрғындар тарихи көлді «теңіз» деп атайды. Теңіз деңгейінен 456 м биіктіктегі тауаралық тектоникты ойыста орналасқан. Ауданы 31,5 мың км², суының көлемі 23,6 мың км3. Ұзындығы 636 км, ені орта есеппен 48 км. Байкал – жер бетіндегі ең терең көл (1620 м), орташа тереңдігі 730м. Көлде дүние жүзіндегі тұщы су қорының 20 пайызы  шоғырланған.

 

Үлкен Медвежье көлі

Канаданың солтүстік бөлігінде жатқан ең үлкен көл. Маккензи өзені осы көлге құяды. Көл жағалауы әдемі табиғатымен көз тартады.

 

Ньяса

Ньяса (Nyasa), Малави – Оңтүстік-шығыс Африкадағы Мозамбик, Танзания, Малави жеріндегі көл. Шығыс Африка тау қыратындағы тектоник. Ньяса дүние жүзіндегі аса ірі, әрі терең көлдердің қатарына кіреді. Тереңдігі 726 м, аумағы 30,8 мың км2. Ұзындығы 580 км, ені 80 км. Жағалары тікжарлы, жартасты. Өзен ағыны мен жауын-шашын көлге жылына 72 км3 су қосады. Оның 66 км3-і булануға кетеді. Қалғаны Шире өзені арқылы Замбезиге қосылады. Көлде қолтырауын, бегемот және су құстары көп. Балыққа өте бай. Ерте заманнан бері су жолы ретінде пайдаланылып келеді.

Әзірлеген Бақытгүл АБАЙҚЫЗЫ

 

 

Ұқсас материалдар