Қандастар Ассамблея

Әлемдегі ең үлкен ет тағамы әзірленеді

03.07.2015 10342
Әлемдегі ең көлемді бешбармақ Астанада әзірленеді

6 маусым күні әлемдегі ең көлемді бешбармақ Астанада әзірленеді. 750 кг жылқы еті жұмсалады деп күтілуде. Қала күні қарсаңында ұйымдастырылған «Тайқазан 2015» мерекелік шарасы Гиннестің рекордтар кітабына енуге үмітті.

 

Ет пісіру процессі таңертең ерте басталады. Ал көпшілікке арналған мерекелік шара сағат 11:00-де басталып, 14:00-ге дейін жалғасады деп күтілуде. Аспаздық өнер сынға түсетін шараға 750 кг шикі ет алдын-ала өлшеніп, әзірленбек. Ет пен қамыр екі бөлек он шақты қазанға пісіріледі. Жұқа нанның ұнын аспаздар өздері илейді. Дайын бешбармақ арнайы тайқазанға жайғастырылып, өлшенетін болады. Процесс басынан бастап Гиннесстің рекордтар кітабы өкілдерінің жіті бақылауында жүзеге асады.

Жобаның авторлары ет пісіру салтанатын Астана мен Алматының ең мықты, кәсіби аспаздарына сеніп тапсырып отыр. Қазақтың ұлттық тағамын ауыз тиемін деушілерге  тегін таратылмақ.


 Әзірлеген Тұмар АСЫЛ

 

 

Ұқсас материалдар