Л.Н.Гумилев және түрік халқы: зерттелуі және тарихи маңызы

14.11.2016 4972
Ғалымның еңбек жолы

Лев Николаевич Гумилевтің ата-анасы орыстың текті ақсүйегі, атақты «Күміс ғасыр»  ақындары Николай Степанович Гумилев пен Анна Андреевна Ахматова болатын. Бұл адамдардың өмірі мен шығармашылығы XX ғасыр басындағы жаңа орыс мәдениетіндегі айтулы құбылысқа айналған еді.

Ғалымның әкесі Николай Гумилев 1886 жылы Кронштадта дүниеге келген. Балалық шағын Царское Селода өткізіп, 1903 жылы сол жерде гимназияға оқуға түседі. Оқуын аяқтаған соң Парижге кетіп қалады. Бұл уақытта Николай Гумилев «Путь конквистадоров» атты кітаптың авторы болып үлгерген болатын.

Парижде «Сириус» атты журналды басып шығарды. Ол жерде орыстың және француздың жазушыларымен танысты. 1908 жылы «Романтические цветы» деп аталатын екінші кітабы шығады. Бұл кітапты өзінің әйеліне арнаған болатын. Ресейге оралып, Царское Селода қоныстанады. Петербург университетінде «заң» кейіннен «тарих-филология» факультетінде оқиды. 1909 жылы «Аполлон» журналының маңызды қызметкерлерінің бірі болды. 

Сол жылы күзде Африкаға ұзақ уақытқа саяхатқа кетеді. Ресейге 1910 жылы оралып, «Жемчуг» деп аталатын өлеңдер жинағын шығарды.

Біздің ойымызша, Л.Н.Гумилевтің өмірі мен шығармашылығына үңіле отырып, біз міндетті түрде тектік деңгейінде де, әке өлеңдері арқылы да әкесінің рухани және зияткерлік әсерін есепке алуымыз қажет.

Н.С.Гумилев поэзиясын бағалаушыларға Николай Степанович шығыс («батыс емес») өркениетін жырлаушы болғаны белгілі. Оның Шығысқа деген тұрақты қызығушылығын, бұл ұғымның кең мағынасында, білдіретін өлеңдерімен бірнеше бетті толтыруға болар еді. Н.С.Гумилев өзінің күллі шығармашылығында өзінің петербургтік емес, оның ұлы айтқандай «еуразияшыл» өлеңдеріне шабыт болып келген ақиқат Отанын үздіксіз іздейді. Сол уақытта ресми түрде еуроазиялық ғылым болып танылмаған түркі-славяндық жәдігерлерге Л.Н.Гумилев та әкесінің соңынан өмір бойы жүріп келді.

Батысқа қарағанда Шығыс, Еуразия кеңістігі әрқашан жақын болған зерттеуші ретінде Л.Н.Гумилевтің тегін түсіну үшін естен шығармайтын тағы бір фактор - оның анасының тегі. Егер Анна Андреевна Ахматованың отбасылық тегін оның жазба кітапшалары негізінде және Лев Николаевичтің естеліктері бойынша шығарсақ, онда былай болады.

Ғалымның анасы Анна Ахматова ІІ ранг капитаны, теңіз инженерінің отбасында дүниеге келгенімен, кейбір деректер бойынша, оның арғы атасы Ахмат хан Шыңғысханның ұрпағы, ол 1840 жылғы Русьте аяқталған Орда билігінің соңғы билеушісі еді. 1733 жылы осы ханның ұрпағы Ресей дворяндығын алған. Оның ұлы Петербургте татар типографиясын ашқан. Ахматовтардың соңғы ханшайымы Прасковья Егоровна ХІХ ғасырдың басында Сібір алпауыты Егор Мотиловқа тұрмысқа шығады. Олардың қызы Анна Егоровна (Анна Андреевнаның әжесі) полковник Эразм Стоговқа күйеуге шығады. Сол кісінің құрметіне (болашақ ақын) Анна деп аталады.

Әрине, біз Л.Н.Гумилев анасының тегі жағынан Шыңғысхан ұрпағына жататыны жайлы дауласып, күмәндануымызға болады, ал Л.Н.Гумилевтің бойында түркі қанының бар екендігі ешқандай дау тудырмайды.

Л.Н.Гумилев 1992 жылы белгілі режиссер Э.Е.Ділмұхамедоваға берген сұхбатынан үзінді келтірсек: «Мен өзімді кім деп санауым керек – татар немесе орыс? Қалыптасқан стереотип бойынша орыс екендігім күмәнсіз. Бірақ менің бойымда татар белгілерінің сақталғаны да рас. Менің Сібір мен Орта Азия халықтарына деген қызығушылығым бала кезден қалыптасқан. Менің ғылыми табыстарымды да осымен түсіндіруге болады. Себебі мен өзіме қымбат, жақын, оны өзімнің бөлшегімді құрайтын пән ретінде жаздым».

Міне, осы Лев Николаевичтің негізгі ғылыми қызығушылығына қатысты өмірінің соңында айтылған – «менің өзімнің бөлшегім» – оның сан қырлы шығармашылығында көптеген жағдайларды түсіндіретін әдемі және төтенше маңызды ой болып табылады.

Ал енді, ХХ ғасыр басындағы Лев Гумилев отбасының оқиғасын өрбітейік. Анасы Анна Ахматова бір жасқа келгенге дейін отбасымен Одесса қалашығынының жанындағы «Үлкен Фонтан» бекетінде өмір сүрді. Кейін Царское Селоға қоныс аударады, сол жерде ол өзінің болашақ жарымен кездеседі. Ақынның балалық шағы “Царское селода” өтеді. Тырнақалды өлеңдері осында жазылып, шығармашылық тұрғыдағы бет-бейнесі де осы жерде айқындалады. Ол 16 жасқа толғанда Петербургке көшіп, сонда тұрды.

Өзі Киевтегі жоғары әйелдер курсында, Киев университетінің заң факультетінде оқыған. “Кеш” атты алғашқы өлеңдер жинағы 1912 ж. жарияланды. Кейін “Жел мені жерле” (1917), “Ақ түн” (1911), “Үйеңкі” (1940), “Ән” (1917) т.б. поэтикалық жинақтары жарық көрген. Анна лирикалық миниатюраның әлемге танымал шебері. Оның поэзиясында түркілік пафос, азиялық таным, көркемдік қабылдау ерекше аңғарылады. Шығыс пен Батыс поэзиясының үздік дәстүріне үндескен Анна шығармалары өзіндік дара стилімен өзгешеленеді. “Замана ағымы” (1965) жинағы үшін Аннаға Италияның Энта-Таормин әдеби сыйлық берілді. Оксфорд университетінің құрметті докторы болды. Анна өлеңдері ағылшын, неміс, француз, итальян, жапон, поляк, чех және басқа да тілдерге аударылған.

Анна Ахматова мен Николай Гумилев 1903 жылы жоғарыда айтқанымыздай, Царское селосында тұрған кезден таныс болған. Кейін 1907 жылы Н.С.Гумилев Парижден шығатын өзінің «Сириус» журналына "На руке его много блестящих колец..." өлеңін басып шығарады. 

1910 жылы 25-сәуірде екі ұлы ақын Н.С.Гумилев пен А.А.Ахматова Днепр бойындағы шіркеуде некелесіп, үйленді. 1912 жылы 1 қазанда Царское Село жерінде, әдебиетшілер әулетінде Л.Н. Гумилев дүниеге келді, сөйтіп екі ұлы ақынның одағын одан әрі жарасымды ете түсті.

Академик А.М.Панченко көптеген жылдар Л.Н.Гумилевпен жақын араласа жүріп Лев Николаевичтің қайтыс болғанына 40 күн толғаннан кейінгі берген қазанамасында Левтің өмірге келгендігі туралы былай деп жазады: «...И вот 1 октября 1912 г. “барышня Аня” родила сына. Когда в Слепневе (родовое имение Гумилевых в Тверской губернии) получили известие о рождении наследника, хозяева усадьбы созвали крестьян и простили им все долги, вынесли корзины яблок и всем раздали по яблочку». Міне осы кезден кішкене Левтің өмір жолы басталды.

Л.Н.Гумилев отбасымен бірге Царское Селосындағы кішкентай көшедегі  (Революция көшесі, 57 үй) үйде тұрды. Бұл үйді оның әжесі Анна Ивановна Гумилева Лев Гумилев дүниеге келмей тұрып, бір жыл бұрын сатып алған болатын. Оның дүниеге қалай келгендігі жөнінде Анна Андреевна П. Лукницкиймен әңгімесінде еске алады. Анна Андреевна өзі ерте тұрып Н.Степановичке Петербургке кету керектігін айтады. Николай Степанович сасқандығы соншалық арбакешті алдыртуға немесе трамвайға отыруға болатындығы есінен шығып, вокзалдан перзентханаға дейін жаяу жүреді. Таңертең сағат онда перзентханада болады.

Лев Николевичтің отбасы алғашқы жылдары Царское Селода ұзақ тұрақтайды.

Әкесі Николай Гумилев 1912 жылы жаңа поэтикалық, ақындық мектептің басшысы болды. Дүниежүзілік соғыс басталғанда Николай Гумилев алда не күтіп тұрғанын, болашақ оған «не сыйларын» анық сезінді: соғыс кесірінен туындар тәртіпсіздіктер, қырып-жою мен қуғын-сүргін, діни, моральдық және идеялық құндылықтардың жоғалуы. 1914 жылы І дүниежүзілік соғыс басталған соң, Н.С.Гумилев өз еркімен әскерге аттанады. 

Әкесі (майданнан келген), шешесі және төрт жасар Лева барлығы бірге түскен әйгілі фотосурет 1916 жылы түсірілген. Сол кезде 1916 жылы маусымның 24-інде Марина Цветаева өзінің сәуегейлік «Стихи к Ахматовой» өлеңінде Л.Н.Гумилевтің болашақ өмірінің барлық трагедиясын болжаған еді. Лев Николаевичтің әкесі Николай Степанович шыққан дворяндық ақсүйектер сословиесін тарататын әлеуметтік төңкеріске дейін бір жылдан сәл ғана асатын уақыт қалған болатын.

Л.Н.Гумилевтің балалық шағы терең тебіреніске толы: соғыс, Ресейдегі сілкіністер, әкесінің әскерге аттануы сияқты жағдайлардың бәрі оны тебірентпей, толқытпай қалдыра алмады.

Болашақ ғалым ол мәселелерді сергек санамен саралай білді, сол мәдениеттер ақиқатын айқындауға өз өмір жолын арнады, содан соң оларды жіктеп, топтастыру мен этногенезді түсіндіріп пайымдауға саналы ғұмырын сарп етті. Лев Гумилев үшін қаншалықты тағдыры қиынға соқса да, 9 жасында әкесінің атылып, жетім қалуына қарамастан, оған Бежецк қымбат еді. 1991 жылы берген сұқбаттарында Лев Гумилев: « мен әкемнің ату жазасына кеткенін білдім, үй ішін тынышсыздық биледі, әжем баласының ату жазасына кеткеніне қайғырумен болды, бірақ маған ешкім түсіндіріп айтпады, мен үйдегілердің менен жасырып сөйлеген әңгімелерінен бәрін ұқтым. Маған әкемнің өлімі жаныма қатты батты. Әжем мен анам әкеме тағылған айыптың жөнсіз екенін білді. Оның кінәсіз өлімі, қайғымызды жұбатардай болмады,»- деп есіне алады. Лев Гумилевқа әкесінің дворянин болуы да өмірінің көп белестерінде қйыншылықтар тудырды. «Н.С.Гумилев ісі» деп аталатын құжатта, әкесінің өз қолымен жазылған «Фамилия-Гумилев, аты-жөні- Николай Степанович, атағы- дворянин» делінген.

А.И.Гумилеваның келіні А.Ахматоваға 1924 жылы 5 шілдеде жіберген хатында: «Қымбатты Аничка! Бүгін Лев 4-сыныпты аяқтағаны туралы куәлікті алуға және келесі оқу жылына көшірілу үшін мектепке барды.Бірақ оған ешқандай куәлік бермепті, себебі ол үшін баланың туу туралы куәлігі қажет екен. Бала қатты ашуланып, ренжіп қайтты. Менде жағдайды анықтау үшін мектепке барғанымда, мағанда сол метркенің қажет екенін айтты. Ол менде жоқ. Сол үшін, көкешім, балаңа тездетіп метрке жасат. Ал, ол болмаса, баланы еш жерге қабылдамайды. Қағазды не құжатты аларда, оның дворянның баласы екені жазылмауын қадағала. Жай азаматтың баласы, не болмаса студенттің, әйтеуір дворянның баласы деп жазылмауын жазуын өтін,себебі бұл оған өмір бойы тосқауыл болады, оны мектепке де, жоғары оқу орнына да қабылдамай тастайды»-деп жазған. Бұл кезде Лев Гумилев 12 жаста еді.

Лев Гумилевтің бала кезіндегі қиын шақтарда оған қамқор болған әжесі Анна Ивановна болатын. Ол оны бағып-қағып өсірді және тәрбиеледі. 1918 жылы  5-тамызда әкесі Н.С.Гумилев пен анасы А.А.Ахматова заң жүзінде ажырасады. Анна Ахматова Анна Ивановнаға Николай Гумилевпен ажырасатындығын айтады және ажырасқаннан кейін Лев өзімен бірге болатыны туралы шарт қояды.

Анна Ивановна сол сәтте Николай Степановичті шақыртып: « Мен саған шындықты айтайын. Мен Левті Аннадан да және сенен де қатты жақсы көремін»-деп айтады. Анна Ивановна өмір бойы (Лев Ленинградқа кеткенге дейін) баланы айналасындағы қайғыдан, уайымнан бөлек ұстады. Бұл Левке деген шексіз махаббаттың куәсі еді. Әжесі немересіне ата-анасының орнын білдіртпес үшін өте жақын болды. Жоғарыда атап өткендей, әжесі екеуі пәтер жалдап тұрды. Анна Ивановна бірінші деңгейлі мектепте мұғалім болды, осы әжесінің айлығымен қарапайым өмір сүрді.

Ол 1919 жылдан жаңа өмірге бірте-бірте бейімделе бастайды. Николай Гумилев 1921 жылдың мамырда анысымен, баласымен, әйелімен (бұл кезде әйелі Н.Энгельгардт) қоштасу үшін Бежецкке келеді. Бұл Лев Гумилевтің әкесін соңғы рет көруі еді. 1921 жылы 3 тамызда Н.С.Гумилевқа антисоветтік қастандыққа қатысқан деген айып тағылып, түрмеге қамалды. 24-тамызда ату жазасы туралы өкім шығады. Әкесі атылғаннан күннен бастап, оның өмірдегі орны да тарыла түседі. Ақын атына негізсіз айыптаулар айтылып, ол жөнсіз жазғыруларға ұшырады. Ақынға «милитаризмге құштар» деген кінә тағылды, оны соғыстың жаршысы және көне шығыс мәдениетінің жыршысы деп те санады. Өйткені өткен дәуір мәдениетіне мән беруге, маңызы зор есімдерді қадірлеуге замандастары кереңдік танытып, көкірек көздерін де байлап тастаған еді.

Осы жылы қыста, Н.Гумилевтің өлімінен кейін Анна Ахматова Бежецкке келеді. Ол Левті әжесімен Бежецкте қалдыру немесе өзімен бірге Петроградқа әкетуді шешу үшін келген болатын. Лев әжесімен бірге қалатын болды. Себебі Петроградта өмір сүру қиынға соғар еді, әрі бұл кезде Анна Ахматова күйеуі Казимирович Шилейкомен ажырасып жатқан болатын

Әжесінің Левті алып-қалуы өте дұрыс шешім болды. Оны кейін анасы да, әжесі де түсінеді. Әжесі немерісінің жағдайын жасау үшін барын салды. Немересінің түр-сипаты баласын есіне түсіретін болды. Ал, Лев бала күнінде ешқандай беймаз болмады. Ол өз алдына бір іспен айналысып отыратын, тәртіпті бала болып өсті. Әжесінің естеліктерінде  Лев Гумилев мектептен келген соң, тыныш қана Әкесі Н.Степанович Абиссиниден әкелген леопард терісінің үстінде сурет салумен айнылысып, әжесін ешқалай шаршатпайтыны айтылады. Әжесі Лев Гумилевті барынша діни сенімде тәрбиеледі.

Лев Гумилевқа ата-анасының ажырасуы, әкесінің жазықсыз атылуы өмірін түбегейлі өзгертуіне себебін тигізсе де, тағдырдың талайын қасқайып тұрып қарсы алуына аяулы әжесінің тәрбиесі әсер етті.

Лев Гумилевтің діни сауаттылығы жөнінде М.Ардов: «Лев Гумилев біздің интеллектуалды ортамыздағы жалғыз дінге деген сенімі мол сауатты христиан еді» деп есіне алады. Бұдан Левтің діни сауаттылығын ашуда әжесінің өте үлкен рөл ойнағанын көреміз. Әжесінің бала күнінен берген діни тәрбиесі Левтің университетте оқып жүрген кезінде университет шіркеуін қалпына келтірудегі жұмысынан байқалады.

Л.Н.Гумилев Бежецктегі №1 мектепте білім алады. Мектеп өте нашар болатын. Онда-ашық қарсылықтар болды, оқулықтар жетіспеді, сабақтар өте қызықсыз жүргізілді. Оқу деңгейі өте төмен болғаны соншалық, Лев Ленинградқа келген соң институтқа түсу үшін 9 сыныпты қайтадан оқиды.

Мектепте жүрген жылдарында Гумилевке оның сүйікті ұстазы А.М.Переслегиннің ықпалы мол болды. Ол туралы Л.Н.Гумилев өмірінің соңына дейін айтып отырды: Теміржол мектебінің қоғамтану мен әдебиет мұғалімі Александр Михайлович Переслегин болды. Екеуінің арасындағы қарым-қатынас, оның Гумилевтің қалыптасуындағы рөлі жөнінде 1968 жылы желтоқсанда Бежецк мұғаліміне жазған хатынан көруге болады: «Дала трилогиясының» үшінші бөлімі «Қиял патшалығын іздеу», яғни Иоан пірәдардың патшалығын (861-1312) жазып бітірдім бұл монографиядан гөрі трактатқа ұқсайды, солай болғаны қызықты сияқты, сонымен қатар «Природа» журналына «Этнос және Этногенез табиғи құбылыс ретінде» деген кең көлемді мақала бердім. Қабылдады! Екеуі де екеуміздің әңгімемізден туындаған дүние, сіз маған сол кездерде көп уақытыңызбен назарыңызды аударып, түсіндіріп беретін едіңіз. 1928 жылдан бері мен Сіз әңгімелеген осы тақырыптар жөнінде жұмыс жасап жүрдім. Қазір мен қартайдым, қажыдым бірақ, бала кездегі осы бір бейне мен сіздің жарқын кейпіңіз менің көз алдымнан кетпейді. Сізді құшақтадым. Лев». Осы мұғалім жөнінде айтар болсақ А.М. Переслегин (1891-1973) Лисичанскте тау инженерінің отбасында дүниеге келген. 1900 жылы әкесі Петербург қаласына тағайындалады, бірақ жолда кенеттен жүрек талмасынан қайтыс болады. Әйелі мен тоғыз баласы Петербургке өздері келеді. Тарих-филология факультетін бітірген соң Александр Михайлович орыс тарихы кафедрасында ғылыми жұмыс жазу үшін қалдырылады. Десертациясын жазуды бастаған соң, революция, аштық, отбасында бір баланың қайтыс болуына байланысты олардың Бежецкке көшуіне тура келді. 1919 жылдан Александр Михайлович осындағы мектепте мұғалім болады. Переслегин отбасы Гумилев отбасы мен достық қарым-қатынаста болған. Александр Михайлович кей кездерде әкесінің орнын басты. Переслегиннің оқыту әдісі тамаша болды, оның әсерімен оқушылар тарихты қызыға оқитын болды. Бежецк мектебінде бұдан басқа нәрселер нашар болды. Лев Гумилев өмірінің соңғы жылдарында «Мектеп қатаң сынақ жылдары болды, себебі, тіл мен әдебиетті білмеу адамды қоршаған ортамен байланысын үзеді, ал тарихсыз өткеннің мұрасынан қол үзесің. Жиырмасыншы жылдары тарих мектеп бағдарламасынан алынып тасталды, ал география өте аз өтілетін болды. Бұл екеуіде жақсылық әкелмеді»-деп есіне алады. Мектепте Лев Гумилев біркелкі оқыған жоқ. Бірінші әдебиет, қоғамтану, биология сабағына баратын болған. Оның себебін өзі былай деп түсіндіреді: «Мен үшін география мен тарих қызықты болған, математика мен тілдер үйренуге қызықпағанмын. Неге бұлай болды айту қиын, айтудын да қажеті жоқ, менің психофизиологиялық немесе тума қабілетіме байланысты». Лев Гумилев «Адам 6-7 жасынан бастап қана өзіне керекті нәрсені алып, керек еместі итеріп тастайтын болады» деп көрсетсе, бұл туралы ол өзінің П.Савицкийге жазған хатында «Мен тарихпен 38 жыл бойы айналысып келемін, яғни тарихқа қызығушылығым 6 жасымнан басталды. Алғашқы он жылым гимназиялық курстарға арналса, кейін Шығыс қызықтырды »-деп келтіреді.

«Бежецкте маған кітапхана ұнайтын. Мен көп оқып, үлкен этникалық және аумақтық топтар арсындағы айырмашылықтарды салыстыра бастадым Мысалы: Ислам әлемі мен христиан әлемі, Венгрлердің австриялықтар мен поляктармен соғысы. Кейін 14 жасымда  протестанттар мен католиктер арасындағы отыз жылдық соғыс қызықтыра бастады»-деп баяндайды.

Лев Гумилевтің бақытына орай Бежецктегі кітапханада Майн Рид, Купер, Жюль Верн, Уэллс, Джек Лондон және кең мағлұмат беретін басқа да қызықты авторлардың кітаптары болған.

Онда Шекспирдің хроникалары, Дюманың, Конан Дойлдың, Вальтер Скоттың, Стивенсонның тарихи романдары да бар болатын. Және де Слепневсктегі үйінде үлкен ескі кітапхана болған. Осы кітаптарды оқу арқылы Лев Гумилев бірінші дәйекті материалдармен танысып, одан соң ол туралы бірінші тарихи сұрақтар, ойлар туындады. Осы жылдар оның әлем тарихына деген қызығушылығының алғашқы факторы болды. Тарихи және қызықты оқиғаларға толы романдары мен өзге де салмақты тарихи шығармаларды оқиды.

Л.Н.Гумилев сонымен қатар, антикалық дәуірді, онда ежелгі Италия тарихы, Рим республикасының тарихы, Византияның остготтық Италияның жаулап алуы туралы кітаптар оқитын болған.

Бежецк аймағында Европа мен Таяу шығыстың тарихы жайында кітаптар да бар. Қытай, Индия, Орталық Азия және Колумб ашқанға дейінгі Америка жайында кітаптар жоқ болатын. Ол уақытта Прескоттың кітабынан басқа кітаптар кездеспейтін. Лев Гумилевке Скваттерлердің шабуылынан қорғанған индейцтер, конквистадорлармен күрескен ацтек пен инктер ұнайтын.

Сол кездің өзінде Лев Николаевич Гумилевтің европоцентристікке қарсы көзқарасы қалыптасты. Ал, Лев Гумилевтің географияға деген қызығушылығы Анна Андреевнаның жіберген неміс тіліндегі атласынан басталады. Ол неміс тілін білмеді, алайда картадан латын әрпімен іздеу өте пайдалы іс болды, соның арқасында Лев Гумилев «географиялық номенклатураны» жақсы меңгерді.

Ол анасы Анна Ахматова айналасындағы адамдардың бәрін: Андрей Белый, Леонид Андреев, Павел Флоренский, Александр Чижевскийлерді жақсы білді. Көркем ойлы, ұшқыр қиялды поэзия сүйгіш зиялыларымен сыр бөлісті. Бұл- Л.Н. Гумилевтің нәрлендірген, рухани азық берген мәдени орта болатын.

Л. Гумилев Бежецк орта мектебінде 1926-1929 жылдары оқып, 1929 жылы Ленинградқа анасына барады, сонда №65 орта мектепті тәмамдайды. Герцен атындағы пединститутқа түскісі келеді, бірақ ата-анасының дворян тегінен шыққанына байланысты жаңа қоғамдық құрылыс адамының әлеуметтік мәртебесіне лайықты болмағандықтан оқуға қабылдау кезінде қарсылыққа тап болады.

Сонымен, Л.Н.Гумилев өмірінің балалық кезеңінде күрделі, қарама-қайшы оқиғалар, заңдылықтар мен кездейсоқтылықтар жетерліктей   болды. Дегенмен, Лев Гумилевтің қайғы мен мұңға толы балалық шағы, оның  ғылым жолына түсуіне кері әсерін тигізбеді, қайта оның жігерін қайрап,мінез-құлқын шыңдап, әкесі, анасы, әжесі берген тәрбиенің жақсы  жақтарын алып, өз болашағына үлкен мақсат-м

Ұқсас материалдар