Қандастар Ассамблея

Конституция күніне орай «Bolashak football cup» турнирі ұйымдастырылды

09.02.2015 2657
шағын-футболдан «Bolashak Football Cup» қайырымдылық турнирі өтті

Шағын-футболдан «Bolashak Football Cup» қайырымдылық турнирі өтті. Турнирді Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Назарбаев Университеті» ДББҰ және «Сарыарқа» республикалық велотрегі» РМКК-мен бірлесе отырып, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ұйымдастырды.

Шағын-футболдан «Bolashak Football Cup  қайырымдылық турнирі – қайырымдылық көмек көрсетуге, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, Мемлекет басшысының «Қазақстандық жол: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына жолдауын іске асыру аясында қазақстандықтар арасында спортты насихаттауға ықпал етуге бағытталған әлеуеттік-бет-бейнелік жоба.

Футбол жарысына Қазақстан Республикасының әділет, ұлттық экономика, білім және ғылым министрліктерінің, «Нұр Отан» ХДП және білім саласында жұмыс істейтін ведомствоға бағынысты ұйымдардың өкілдері қатысты. Турнирге барлығы 16 команда қатысты.

Турнирдің топтық кезеңі  «Назарбаев Университеті» ДББҰ спорттық кешені базасында өтті. Өткен матчтардың қорытындысы бойынша жартылай финалға «Назарбаев Университеті», «Достар Атлетик», «Иртыш PVL» және «Компот» командалары шықты.

Финалдық матч Қазақстанның «Астана Арена» басты футбол стадионында өтті.

Салтанатты ашылу шарасында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Г.Нығыметов құттықтау сөз сөйледі. «Бұл жоба қайырымдылық мақсаттарға және «Болашақ» стипендиаттары мен түлектерін, білім беру ұйымдарының өкілдерін, футболсүйер қауымды біріктіруге бағытталды», — деді өз сөзінде Г.Нығыметов.

Турнирдің қорытындысы бойынша марапаттау рәсімін «KAZsport» телеарнасының директоры Диас Ахметшәріп өткізді. Осылайша, турнирді «Иртыш PVL» командасы жеңіп алды. Екінші орынды «Назарбаев Университеті», үшінші орынды – «Компот» командасы иеленді.

Бұған қоса, жарыс аясында мына номинациялар бойынша үздік ойыншылар анықталды:

Үздік ойыншы: Қабдішев Дәурен Данатұлы;

Үздік қақпашы: Әлмұханов Мұхтар Әбдірахманұлы;

Үздік шабуылшы: Байғожа Арон Айдарұлы;

Үздік қорғаушы: Нұрғазин Арман Торғайұлы.

Болашақта «Bolashak Football Cup» жобасы дәстүрлі шара болып, өңірлік және республикалық деңгейде өткізілетін болды.

 Нұрділда Нұрлыбай, жарысқа қатысушы:

- Конституция Қазақстан азаматының өмір сүруге, сөз еркіндігіне, шығармашылық еркіндігіне сонымен қатар дін ұстанымы еркіндігіне, еңбекке, демалысқа, денсаулық қорғауына, ақысыз орта білім алуына және жеке адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмау құқығына кепіл болады. Әрбір қазақстандық азамат біздің Конституциямызда жария етілген демократиялы құндылықтардың сақталуына жауапты. Әрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі-өнегеге айналды.

Ұқсас материалдар