Конфуций афоризмдері

04.08.2014 9872
Дана - қобалжуды білмейді, адамгершілігі бар қам жемейді, батыл қорқынышты білмейді.

  1. Дана - қобалжуды білмейді, адамгершілігі бар қам жемейді, батыл қорқынышты білмейді.
  2. Біз өз көзімізге сенеміз – бірақ оларға сенуге болмайды; біз өз жүрегімізге де сенеміз – бірақ оған да сенуге болмайды. Есте сақтаңдар, шәкірттерім: ақиқатында адамды тану оңай емес!
  3. Мейірімді ер адам алаңсыз. Төмен адам уайымшыл.
  4. Ежелгі заманда адамдар көп сөйлеуді ұнайтпайтын. Өз сөзінен артта қалу олар үшін ұят болды.
  5. Жолдары әр түрлі болғанда, жоспарды бірге құрмайды.
  6. Адамдар кедейліктен және белгісіздіктен қорқады; егерде екеуінен де құтыла алмасаңыз, намысты жоғалтпай, оларды қабылдаған жөн.
  7. Адамдар өздеріне байлық пен атақты қалайды; егер осы екеуіне адал жолмен қол жеткізе алмасаңыз, олардан аулақ жүргеніңіз дұрыс.
  8. Үнсіздік – ұлы дос, ол ешқашан саған опасыздық жасамайды.
  9. Дана- өз кемшіліктерінен ұялады, бірақ оларды өзгертуден ұялмайды.
  10. Мейірімді адам өзін кінәлайды, төмен адам өзгені кінәлайды.
  11. Нағыз бір қате – ол өткен қателіктерді түзетпеу.
  12. Жұмысты шектен шығып ынтамен істесең, басшының сенімін жоғалтасың. Егер достықта шектен шығып ақкөңіл болсан, досыңның сенімін жоғалтасын.
  13. Егер өмір туралы аз білсек, сонда өлім туралы біз не білеміз?
  14. Мейірімді ер адам тура жолды ойлайды, ал азықтануды ойламайды. Ол далада еңбектене жүріп – аш бола алады. Ол өзін білімге арнауы мүмкін – және де үлкен сыйларды қабылдай алады. Бірақ мейірімді ер адам тура жолды ойлайды және кедейшілікті ойламайды.
  15. Мейірімді ер адам өзінің басымдылығын біледі, бірақ бәсекелесуден аулақ жүреді. Ол барлығымен тіл табыса алады,  бірақ ешкіммен келісімге (сговор) тұрмайды.
  16. Мейірімді еркек тойғанша тамақ жеп, бай болуды мақсат тұтпайды. Ол істі көп тындырады, бірақ аз сөйлейді. Ізгі адамдармен әңгімелескенде ол өз кемшіліктерін өзгертеді.
  17. Достарыңмен қатынаста тек олардың қолынан келетін іс істеуге кеңес бер, оларды жақсылыққа жетеле, әдептілікті бұзба, бірақ нәтижеге жетуге үміт жоқ жерде әрекет жасама. Өзіңді кемсітілген жағдайға жеткізбе.
  18. Он бес жасымда мен білімге бет бұрдым. Отыз жасымда бағынышсыз тұрмысқа қол жеткіздім. Қырық жасымда күмәннан арылдым. Елу жасымда көктің еркін таныдым. Алпыс жасымда шындық пен өтірікті ажырата бастадым. Жетпіс жасымда жүрегімнің қалауына ере бастадым.
  19. Екі адамның ортасында да, мен олардан үйренетін нәрсе таба аламын. Жақсы қасиеттеріне еліктеймін, жаман жақтарынан сабақ аламын.