Қандастар Ассамблея

Кокора – таңғажайып пальмалар мекені

30.06.2014 4218
Киндо өзенінің жоғарғы ағысында 1800 – 2400 метр биіктікте Кокора мекені ерекше орналасқан.

Естімегеннің бәрі, көрмегеннің барлығы адам баласына ашылмаған аралдай үлкен жаңалық болатыны сөзсіз. Әсіресе мұндай оқиғалардың ең ыстық құрлық Африка елдерінде, шығыс Азияда, Австралия аралдарында жиі кездесетінін жақсы білеміз. Кокора туралы не білгеніңіз бар, не түйгеніңіз бар?! Енді біз басқа құрлықтағы бізге таңсық дүниелерді оқырманға тарту етейік...

Дүние жүзіндегі ең биік пальма – Целоксилон Андийский болып саналады. Одан бөлек көпшілік бұл ағашты – «Восконосты пальма» ретінде біледі. Ол - Колумбияның ұлттық ағашы болып жарияланды. Пальманың бұл түрлері тек Кокора аймағанды өседі. Ағаш салалары да түрлі болып қалыптасады.

Киндо өзенінің жоғарғы ағысында 1800 – 2400 метр биіктікте Кокора мекені ерекше орналасқан. Бұл мекен – әйгілі «Лос Невадос» ұлттық-табиғи паркіне кірер бастапқы аймағы болып саналады. Кокораның аумағы азды-көпті 60км2 –ты құрайды. Көлемінің үлкен болу себебі, бұл мекен -  Колумбия департаментінің Киндио, Толима, Рисаральда және Кальдас сынды төрт аумағын алып жатыр.  Кокораны әдетте бұл қаптап тұрады. Сол себепті де биіктікте орналасқа пальмалардың бұлтпен бірге қосарланып тұрған бейнесі – көз тартарлық сұлу көрінеді.

Пальмалар 120 жыл жасқа дейін өмір сүреді. Ал биіктігі – 50 метрге дейін созылатын түрлері де бар. Ағаштардың бұталары - жылтыр, дөңгелек тәріздес болып жарық түске құрылады. Пальма жапырақтары – қара мен жасыл түстес болып келеді.

Ата-бабаларымыз әлі электр тогын ойлап таппай тұрған сонау ерте заманда пальма балауызынан шам жасап пайдаланған екен. Одан бөлек, балауызды – сабын ретінде де тұтынған көрінеді. Адамдар бұл ағаштан пайдалы зат ойлап табуды қажет еткен. Сол себепті де, ағаш-бұталарын – құрылыс заттарына пайдаланған. Ал жемістерін шошқалар мен жабайы сиырларға берген.

Жүз жылдың шамасында христиандар пальма жапырақтарын кесіп «Вербті жексенбі» атты мерекелеріне пайдаланған. Жапырақтардан түрлі кескінде әшекей заттар жасап мейрамға осылай дайындалған.

Тұрғындардың жаппай ағаштарды кесу себебінен билік өкілдері бұл пальма ағаштарын сақтап қалу жолдарын ойластырды. 1985 жылы Колумбия билік өкілдері мен католик шіркеуі басшыларының тапсырмасымен пальма ағаштарын кесуге қатаң түрде тыйым салынды. Бұл үшін үлкен көлемде айыппұл төлену керек.

Әсем де сұлу пальма ағаштары Кокора жерінде әлі де өсіп гүлденіп жатыр. Оны кез-келген уақытта барып тамашалап қайтуға болады.   

Ұқсас материалдар