Кітап тарихын зерттеу ісінің әлемдік тәжірибелері

27.06.2016 13364
Кітап - асыл қазына

Қанша жыл, қанша ғасыр тезінен өткен кітап туралы жазу, оның тарихына бойлау, оны өзге ғылым салаларымен қатыстыра зерттеу – біздің қасиетті борышымыз.

Кітап ісіне қатысты «кітаптану» деген термин бар. Бұл терминнің ішіне кітаптың арғы-бергі тарихы, қалыптасуы, кітап ісінің теориясы мен практикасы, зерттеу ұғымы сыйып тұр. Кітаптануға ғалым, профессор Ш.Елеукенов былайша анықтама берген: «Жалпы кітаптану яки кітаптану негіздері – адамзат кітабы дамуының заңдары туралы ғылым. Оның зерттеу объектісіне, айталық, қазақ кітабының тарихы сияқты нақтылы саланың немесе кітап саудасы туралы жалқы ғылымның заңдары жатпақ емес. Жалпы кітаптану яки кітаптануға кіріспе өз аймағындағы арнайы  ғылым салаларының, сонымен бірге ұлттық кітаптану деректеріне сүйене отырып, олардың бір-бірімен байланыстарына зер салу негізінде кітаптану  теориясын жасайды, түрлі топшылауларға барады. Кітаптану – ғылымның  жас бұтағы. XIX ғасырдың аяқ шенін ала тамыр жайып, XX ғасырдың өн  бойы толысып мәуеленді. Ол бүгін де үздіксіз өсу, өркендеу үстінде». Сонымен қатар ғалым кітаптану жайлы сөз еткенде ең бірінші Ресей дереккөздеріне сүйенетінімізді атап өткен: «Кітаптану – жас ғылым. Осы аталыммен тұңғыш рет дәріс 1913 жылы 28 қыркүйекте Петербург университетінің студенттеріне оқылған. Мұны еске алу себебіміз, кітаптану ғылымына кіріспе пәні алдымен орыс кітаптанушы ғалымдарының еңбектеріне,тәжірибесіне сүйеніп жасалатынын ескерту еді. Мұның өзі түсінікті де.

Қазақстан тәуелсіздікке қайта қол жеткізгенге дейін Ресей құрамында екі жарым ғасырдан аса бір мемлекет, отандас боп тұрды. Бұл кезеңдегі Ресей  тарихы – біздің де тарихымыз. Сондықтан кітаптану ғылымындағы жетістіктерді төл жетістігіміз деп қабылдауымыздың еш сөкеттігі жоқ». Иә, тарихы тамырлас мемлекеттерге бәрі ортақ, ғылым да, білім де, өнер де. Көршілес мемлекетте кітаптандың қалай пайда болғаны, зерттеген А.А.Беловицкая, Н.М.Сомов, М.Н.Куфаев, А.М.Ловягин, Н.М.Лисовский еңбектерінде көрініс табады.

Кітаптану  ғылымының  ілкі  кадамдары  Ресейде  сәтті басталды.  Кітаптанушы  оқымыстылар  ұйымының  құрылуы, кітаптану мәселелерін  кѳтеріп талқылайтын баспа орындарының ұйыстырылуы осы іске мұрындық болды. Кітап ici мәселелері «Российская библиография» (1879-1882), «Библиограф» (1884-1914) журналдарында қызу талқыланды. Айтысқа  қатысушылар кітап зерттеушілерінің басын біріктіретін қоғам құру керек деген қорытындыға келді. 

Кітаптану тарихы теория және әдістемемен қатар кітап туралы ғылыми білім жүйесінің тең құқықты құрылымдық деңгейі болып табылады.

 Кітаптану тарихының нысаны – тарихи үдерісті зерттеу және кітаптану білімінің қалыптасу заңдылықтарын және жетекші үрдістерін айқындау. Заманауи кітаптану кітап туралы ғылым спецификасын, оның басқа ғылымдар арасындағы ролін және орнын айқындауға, негізді түрде нысанды, мәнді, әдістерді және ұғымдық аппаратты құрастыруға мүмкіндік бере отырып, тарихи тәжірибені пайдаланады, осы тәжірибе негізінде ол одан әрі дамиды. Тарихи тәжірибені игерусіз тереңдетілген заманауи теориялық зерттемелер мүмкін болмас еді, себебі, Ф. Энгельстің сөзі бойынша, «тарихи даму деп аталатын дамудың жаңа формасы алдыңғыларын өзіне жеткізген сатылар ретінде қарастыруына негізделген».

Ресейдегі кітап туралы ғылым дамуының бастапқы кезеңдері

Ресей  Ғылым  академясы  кітапханасын  ұйымдастырушылардың  бірі,  М.В. Ломоносовтың  серігі,  тұнғыш орыс  кітаптанушысы  Андрей  Иванович  Богданов (1696-1766) «Краткое сведение и историческое изыскание о начале и произведении вообще всех азбучных слов» (1755) атты еңбегінде орыс кітаптары репертуарымен қоса 48 орыс баспаханалары тарихын алғаш рет жазып шыққан. Богданов еңбектерінен біз «библиография», «библиология» деген терминдерді кезіктірмейміз.  Бірақ  кітап  шығаруға қатысты  баспахана  тарихын  қосып  зерттеген  Богданов және одан кейінгі орыс кітаптанушылары «библиография» ұғымын  кең  мағынада түсінгенін байқаймыз. Богдановтың баспа ici тарихын орыс ағарту қозғалысымен байланыстыра қарайтынын да атап ѳтпеуге болмайды.

Австриялық библиографияның негізін қалаушы Михаэль Денис (1729-1800) кітаптанудың алғашқы теоретигі болып есептеледі. Оған «Библиография очеркі» (1774) атты алғаш кітаптану монографиясы тиесілі. Библиографияны кеңінен түсіндіру және «библиография» мен «кітаптану» (библиология) ұғымдарының мазмұнын теңдестіру тәжірибелік кітаптану қызметі мен ғылыми кітаптану еңбектері үшін ұзақ уақытқа дәстүрлі жайтқа айналды.

Ресейде кітапты арнайы зерделеу XVIII ғ. басында бастау алды. Бұл үдеріс азаматтық кітап шығарудың, Ғылым академиясының баспалық және библиографиялық қызметінің (1725 ж. бастап) басталуымен, гуманитарлық ғылымдардың, әсіресе әдебиеттану мен тіл білімінің қарқынды дамуымен әзірленді және ынталандырылды.

Андрей Иванович Богдановты (1690-1766) орыстың алғашқы кәсіби кітаптанушысы ретінде атап өтуге болады, орыс кітаптарының репертуарын, Ресейдегі кітап шығару тарихы саласындағы ізденістерді, кітап мәдениетінің тарихын құрастырудың ең бірінші тәжірибелері осы ғалымның есімімен байланыстырылады. А.И.Богдановтың негізгі еңбегі «Барлық әліппе сөздерінің қайнар көзі және жалпы алғанда алғанда олардың туындауы турасындағы қысқаша мағлұмат және тарихи ізденіс...» (1755) отандық ағартушылық тарихын, кітап шығару ісі жөніндегі материалды, баспаханалардың тізбесі мен сипаттамасын қамтиды. Библиографиялық тізімде баспа кітаптары авторлар есімдерінің немесе атаулардың алфавиті бойынша емес, баспаханалар бойынша, яғни кітаптану белгісі бойынша жүйеленген. Осылайша А.И.Богдановтың тарихи-мәдени тәмсілдес, кітап пен кітаптану тарихын орыс ағартушылығының тарихымен өзара байланыста зерттеу принципі расталады. «Библиография» және «кітаптану» терминдері А.И.Богданов еңбектерінде кездеспейді.

Теориялық кітаптану құрылымдары ең алғаш рет ірі орыс кітаптанушылары әрі библиографтары Василий Степанович Сопиков (1765-1818) пен Василий Григорьевич Анастасевичтің (1775-1845) еңбектерінде пайда болған.

«Ресей библиографиясының тәжірибесіне...» қатысты «Ескертуде» В.С.Сопиков алғашқы болып библиографияның қоғамдық, насихаттық, ағартушылық тағайындалуын меңзеген және оның мазмұны мен міндеттерін кеңінен түсіндіргені соншалық, ол «библиография» терминімен заманауи терминологияда «кітаптану» сөзімен анықтауға болатын білім салаларының жиынтығын айқындаған.

Ғылыми ілімдер саралануының объективті процесін қамтып көрсетіп, В.С. Сопиков, оның пікірінше, библиограф қызығушылығының шеңберінде болуы тиіс ілімдерді атап өтті: «…кітап шығару, даңқты баспаханашылар, баспагерлер тарихы және барлық баспаханалық өндіріс, тек атауы мен форматына ғана емес, сондай-ақ олардың мазмұнына сүйеніп жасалған пайдалы, сирек кездесетін әрі қызық кітаптар туралы толық ақпарат». Сонымен қатар осы «Ескертуде» ол «библиография», «библиоман», «библиограф», «кітапханашы» ұғымдарының мазмұнын ашады. Ғалым кітап сатушы (кітап саудалаушы) фактілер мен мағлұматтарды библиограф үшін маңызды деп есептеді. Атақты орыс библиографы Г.Н. Геннади (1826-1880) былай деп жазған: «Библиография, кез келген ғылым секілді, өзінің практикалық бөлігінде қоғам қажеттіліктерімен түсіндірілуі тиіс; сонда ол тіпті кітап дүкенінің қaбырғaсы мен сөрелерінде ғылыми өміршеңдікке ие болaды, бұл ретте теориямен aрaдaғы жaнды қaрым-қaтынaстaн болaтын пaйдaның өзі сезілетін болады». Оның замандасы М.Л. Михайлов «библиография, кейбіреулер ойлағандай, каталогтарды құрастыру өнері емес, бұл адамзат ілімдерінің қатарына да сыйлы орынға ие ғалым» деп есептеген.

Орыс библиографиялық қоғамы (1889-1930)

Қоғам өз қызметін 1889 ж. Мәскеулік библиографиялық үйірме ретінде бастаған, ал 1900 және 1930 ж.аралығында Мәскеу университеті жанындағы Орыс библиографиялық қоғамы ретінде жұмысын жалғастырды. Библиография ісінің және кеңірек – кітап ісінің тарихы, теориясы, әдістемесі мен ұйымдастырылуы Қоғам назарының өзегінде болады.

Үйірменің ұйымдастырушысы әрі алғашқы төрағасы кейінірек әйгілі библиография зерттеушісіне айналған Андрей Дмитриевич Торопов (1851-1927) болды. Өз еңбектерінде ол кітап туындыларының мемлекеттік тіркелуін ретке келтіру пробемаларына көп көңіл бөлген.

Орыс библиографиялық қоғамы (1899-1931)

Қоғамды құрудың бастамашысы және көп жылдар бойы оның президенті (1899-1903; 1907-1916) болған Александр Михайлович Ловягин, ірі орыс әрі кеңес кітаптанушы-теоретигі.

Қоғам жарғысында бұл ұйымның міндеттері «кітаптану мәселелері бойынша жұмыс жасап жүргендердің басын қосуға және әдебиет туындыларының бүкіл түрлеріне шолу жасауды жеңілдету үшін бірқатар шаралардың теориялық әзірленуіне және практикалық қолданылуына ықпал ету, сондай-ақ кітап ісінің өткені мен бүгінгі ахуалын зерттеу» ретінде айқындалған болатын.

1917-1958 жж. жалпы кітаптану теориясының қалыптасуы және кітаптану дамуының негізгі бағыттары

Отандық кітап ісінің тәжірибесіндегі және кітап туралы ғылымдағы сапалы өзгерістер 1917 ж. кейін орын алған. Қоғамдық өмірдің барлық салаларында түбегейлі төңкеріс болды.

Жылдар бойы кітап ісінде жүргізілген тәжірибелік жұмыстардың нәтижесінде идеологиялық, әдістемелік және теориялық проблематика жинақталған болатын, бұл проблематика  бүкілресейлік кітаптану форумдарында талқылау тақырыбына айналды. 1924 ж. Бірінші РКФСР кітапханалық съезді және Бірінші Бүкілресейлік библиографиялық съезд; 1926 ж. - Екінші Бүкілресейлік библиографиялық съезд болып өтті. Бұл съездер кітап ісінің жаңа социалистік тәжірибесі рефолюцияға дейін елеулі дәрежеде оқшауланған, әуесқой ғылым, жеке энтузиастардың немесе энтузиастар тобының еншісі болған кітаптанудың ауқымы мен міндеттерін қаншалықты өзгертіп, кеңейте түсіргендігін көрсетті.

Кеңестік биліктің алғашқы онжылдығындағы кітап ісі мен кітаптанудың қалыптасуы мен дамуының негізгі қорытындысын келесідей тұжырымдауға болады:

  • кітап ісінің барлық негізгі құралдарының жүйелі экспроприациясы;
  • мәдениеттің алдыңғы даму кезеңінде жинақталған материалдық және рухани байлықтардың мәдениеттің алдыңғы даму кезеңінде жинақталған материалдық және рухани байлықтардың ісі салаларының өзара байланысы мен өзара әрекеттестігі аясында кітап ісінің мемлекеттік жүйесін қалыптастыру;
  • партиялылық, халықтық, ғылымилық, интернационализм принциптері негізінде кітап ісінің кеңестік жүйесін ұйымдастыру;
  • кітап ісі тәжірибесін және теориялық кітаптану зерттеулерін қатаң идеологияландыру.

20 жж. мен 30 жж. басындағы кітаптану орталықтары және осы орталықтар қызметінің негізгі бағыттар

Кітаптану саласындағы алғашқы кеңестік ғылыми мекемелердің бірі Ленинградтық кітаптанудың ғылыми-зерттеу институты. Ол елдегі және кітаптанудың ғылыми зерттеулеріндегі кітап ісінің жүйлерені реттеу нәтижесінде пайда болған.

Мәскеуде Орталық кітап палатасының құрылуымен (1920) оған РКФСР аумағында шығатын барлық баспа туындыларын библиографиялық тіркеу міндеті жүктелді. Петроград кітап палатасына ғылыми-библиографиялық мекеме функциялары берілді, және оның атауы Петроград кітаптану институты болып қайта өзгертілді, сонымен қатар бұл институтқа Кітаптану курстарын ұйымдастыру міндеті жүктелді. 1922 ж. институт Бас ғылыми мекемелер басқармасының қарауына өтті, 1925 ж. Көпшілік кітапхана жанындағы Кітаптанудың ғылыми-зерттеу институты болып қайта құрылды. Осыған байланысты оның міндеттері қайта нақтыланды.

Орыс библиографиялық қоғамы революциядан кейінгі жылдарда алғаш рет өз қызметін қайта құрды және негізгі бағытты – кітаптану теориясын әзірлеу және кітап ісінің практикалық мәселелерін шешуге араласу бағытын нық әрі нәтижелі ұстана бастады. А.М.Ловягин, М.Н. Куфаев, А.Г. Фомин, А.И. Малеин, А.Д. Торопов сынды Қоғам мүшелері өз жұмыстарын белсенді түрде жалғастыра берді.

Өз қызметтерін революцияға дейінгі жылдарда бастап, 20-30 жж. қызметтерін одан әрі үдете түскен кітаптанушы-теоретиктер ішінде А.М. Ловягин, М.Н. Куфаев, М.И. Щелкунов, Н.М. Сомов, А.Г. Фоминдерді атап өтуге болады. Осы ғалымдар өз жұмыстарында кітап мәнісіне анықтама беруге, кітаптанудың нысанын, мәнін, әдістерін, құрылымын, құрамын негіздеуге, өзекті теориялық проблемаларды тұжырымдауға талпыныс жасаған.

40-50 жж. Кітаптану зерттеулерінің негізгі бағыттары

Ұлы Отан соғысы мен халықтық социалистік шаруашылықты қалыптастыру кезеңін қамтитын екі онжылдық (1941-1951), КСРО-да социалистік қоғамды дамыту үшін жүргізілген күрес кезеңі және әлемдік социализм жүйесінің нығаюы кітаптанудың жалпы теориясы бойынша арнайы жұмыстарды бермеді. Осы жылдар, әсіресе соғыстан кейінгі кезең, кітап ісі практикасының одан әрі дамып, жетілуімен және тарихи әрі заманауи тұрғыдағы кітап ісінің тәжірибелік, өндірістік проблемаларына арналған жарияланымдардың пайда болуымен сипатталады.

Соғыстан кейінгі алғашқы жылдардағы ірі кітапханалардың кітап қорларын қалпына келтіруге бағытталған жұмыстарының қайта жандануы тарихи-кітаптану зерттеулеріне себепші болды. Сондай-ақ басқа кітаптану пәндері – библиография, кітапханатану, кітап өнері пәндерінің проблемалары бойынша ғылыми-тарихи және ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізілді.

Кітаптану тарихы жөніндегі фактологиялық материал жинақталды және жүйелендірілді.

Орыс, ұлттық және шетелдік кітап дамуының жеке кезеңдеріне көңіл бөліне бастады. Отандық басылымдардың көне баспа репертуарын іздеуге, зерттеуге және сипаттауға арналған ғылыми еңбектер пайда болды.

Солардың ішінде айрықша жоғары тарихи-кітаптанушылық, өнертанушылық, тарихи-әдеби деңгейімен ерекшеленген А.С. Зерновой еңбектері. Орыс көне баспа кітабының библиографиялық және тарихи-кітаптанушылық зерттеумен басқа да ғалымдар айналысқан. Отандық басылымдар репертуарының түрлі топтарын библиографиялық зерттеу бірқатар тыңғылықты әрі құнды жұмыстарда қамтып көрсетілген.

1944 ж. отандық кітаптану пайымының шынайы ескерткішіне айналған Н.В. Здобновтың «ХХ ғасырдың басына дейінгі орыс библиографиясының тарихы» кітабының алғашқы екі бөлімі, 1947 жылы үшінші және төртінші бөлімдері жарық көрді.

40-50 жж. кітаптанудың дамуына А.А. Сидоровтың сөздерімен сипаттама беруге болады: «Соғыстан кейінгі жылдары екі процесс қатар жүруде: біреуі бір өзекті материалға немесе ғылыми кітаптану мазмұнына: яғни кітапқа қатысты қызығушылықтардың ортақ екендігін ұғынуға алып барады; екінші процесс кітапта бар және оған байланысты нәрсені зерттеу қызығушылықтарының, әдістері мен материалдарының мамандануына бағыт алған».

Заманауи кітаптанудың дамуы

50 жж. соңында жалпы кітаптану теориясы бойынша кең зерттеулер қайта жанданды. Арнайы әдебиетте бұл уақытты әділ түрде кітап туралы кеңестік ғылымның «екінші рет жаралуы» деп атайды. Ол «Кітап. Зерттеулер және материалдар» теориялық жалғасып жатқан басылымның туындауын белгіледі. Аталмыш басылым беттерінде кеңестік кітаптанудың өзекті әдіснамалық проблемалары жөнінде жүргізілген пікірталастардың материалдары (1959 және 1964), он бір Бүкілодақтық (қазіргі кезде - халықаралық) кітаптану проблемалары жөніндегі ғылыми конференцияның бас баяндамалары мен материалдары көрініс тапты, жоғарыда айтылған конференциялар кітап туралы кеңестік ғылым дамуының жаңа кезеңінің сатыларын жүйелі белгілеген және жаңа зерттеу мүмкіншіліктерін ашқан. Осы басылымда жалпы кітаптану теориясы әзірленуінің жай-күйі мен дәрежесін қамтып көрсететін әдіснамалық сипаттағы маңызды мақалалар жарияланған.

Кітаптану дербес ғылым ретінде қарқынды түрде дамып келеді, бұл жайтқа төмендегі жағдайлар куә:

  • кітаптану зерттеулерінің интернационалдандырылуы, олардың одақтық республикаларға таратылуы;
  • кітаптану зерттеулерін жүргізетін ғылыми мекемелер санының артуы (елдің ең ірі кітапханаларының арнайы бөлімшелері, Жалпыодақтық кітап палатасы, М.В. Ломоносов ат. ММУ журналистика факультетінің, Мәскеу Еңбек Қызыл ту орденінің және Иван Федоров ат. Украина полиграфия институттарының, соның ішінде мәдениет институттарының арнайы кафедралары, КСРО ҒА Әлем мәдениетінің тарихы жөніндегі ғылыми кеңестің кітапты кешенді зерттеу комиссиясы);
  • жоғары кітаптану білімінің ауқымын кеңейту, оны саралау және оқыту жоспарларына «Жалпы кітаптану» (немесе «Кітаптану негіздері», Кітаптануға кіріспе) теориялық курсын қоса отырып кітап ісінің барлық салалары үшін мамандарды дайындауды жетілдіру;
  • арнайы кітаптану кафедраларының жанында, ғылыми-зерттеу мекемелерінде аспирантураны ашу және 05.25.04 – «Кітаптану» (бүгінгі таңда 05.25.03 – Кітапханатану, библиографиятану және кітаптану) мамандығы бойынша ғылым кандидаты және ғылым докторы ғылыми дәрежелерін енгізу;
  • кітаптанудағы анықтамалық, ғылыми-танымал, ресми-деректі жарияланымдардың, сондай-ақ сүрелі әрі мерзімді басылымдардың ауқымын кеңейту;
  • салалық ғылыми-техникалық ақпарат жүйесін құру (Жалпыодақтық кітап палатасы жанындағы баспа жөніндегі ОҒТАБ; 1980 ж. бастап - «Информпечать»);

Зерттеу күштерін шоғырландыру мен ғылыми зерттеулерді үйлестірудің ұйымдастырушылық формалары алуан түрлі бола бастады. Жалпыодақтық конференцияларды қоспағанда ЖОО ішіндегі және ЖОО аралық кітаптану конференциялары жүйелі түрде өткізіледі; Федоров оқулары (В.И. Ленин ат. КСРО мемлекеттік кітапханасы) және Львовтағы Федоров семинары, Смирдин оқулары (Н.К. Крупская ат. Ленинград мемлекеттік мәдениет институты); Павленков оқулары (Ленинградтағы М.Е. Салтыков-Щедрин ат. Мемлекеттік көпшілік кітапхана) дәсүрлі түрде өткізілетін болды.

Жеке кітаптану пәндерінің кітап туралы ғылымның қосалқы жүйелері және кітаптануды оқыту жүйесіндегі оқу курсы ретінде дамуы редакциялау теориясы мен практикасы жөніндегі оқу кітаптары қорының, кітап басу ісі тарихының, жалпы және салалық библиографияның, арнайы кітаптанудың, кітап саудасы библиографиясының, кітапханатанудың құрылуына әкеліп соқтырды.

Кеңестік кітаптану ұзақ уақыт бойына кітапты ескерткіш, кластық мәдениет өнімі ретінде түсіндірді, кластық қоғамда кітапты коммуникациялық, қоғамдық, идеологиялық процестерге қатысуы туралы сөз қозғағанда туындымен теңдестірілді. Осыған байланысты соңғы теориялық еңбектерде кітаптың екі жақты табиғаты туралы тезис туындады. Бұл жайттың қайнаркөзін М.И. Щелкунов ұсынған кітап анықтамасынан іздеген жөн.

60 жж. басында айқындалған кітаптану статусын дербес ғылым ретінде негіздеу үшін маңызды болған нысан, мән, құрам, құрылым проблемалары, кейінгі теориялық зерттемелердің бағыты анықталды. Бұл зерттемелерді бастаған кітап ісінің және кітаптану ілімінің түрлі салаларының өкілдері.

Зерттеушілік күш салуларды біріктіру және зерттеулер нәтижелерін интеграциялау, жалпылау тәсілдерін іздеу ұмтылыстары 60-70 жж. барысында бірнеше әдіснамалық тәсілдемелер мен осы негіздегі теориялық тұжырымдамаларды біртіндеп алға жылжытуда көрініс тапты.

Бұл кешенді тәсілдеме және кітаптану кешенділігінің тұжырымдамасы; функционалдық тәсілдеме және кітап туралы ғылымның функционалдық тұжырымдамасы, қиылысатын пәндер концепциясы, кітап және кітап туралы ғылымның жүйелік-типологиялық тұжырымдамасы.

Заманауи кітаптанудың өзекті мәселелері

Уақыт бойынша сәйкес келген үш фактор кітап туралы ғылымның қазіргі дамуында басымдыққа ие.

Экономистер мен саясаткерлер бірінші факторды қайта құру, демократияландыру, нарықтық қатынастарға өту, өтпелі кезең деп атайды. Ал мәнісінде, саяси экономиялық термин маркстық саяси экономиямен қатар сөз қолданысынан шығып қалғандығынан қарамастан, бұл қоғамдық-экономикалық формацияның ауысуы.

Кітап ісінің (тек кітаптық емес, кеңірек алғанда – материалдық және рухани мәдениеттің) жұмыс істеу тетіктеріндегі экономикалық өзгерістер, әсіресе кітап шығару және кітап саудасы ісінде, толық коммерциаландыру формасына ие болды. Оларды тіпті бірегей, ғылыми-терминологиялық мамұны жоқ «кітап бизнесі» калькасымен атай бастады.

Бәлкім кітап ісінің ағартушылық миссиясы пафосын ұстанатын кәсіпқойлар «кітапхана қызметтерін» және библиографиялық ақпаратты бұрындары сатып білмеген, және де қазір де сата алмайтын болғаннан болар, бұл сөздер кітаптану және библиография ісіне тікелей қатысты емес, алайда заманауи сана-сезімнің парадигмасына бүгінгі таңдағы ең өтімді тауар – ақпарат деген ұғым үйлесімді енген.

Кітап шығару ісін ғана емес, кітап саудасы ісін, сондай-ақ кітап шығару мен кәсіби кітап саудасы түсінігін коммерциаландырудың айқын процесі заманауи кітап туралы ғылымда оның теориялық және әдіснамалық деңгейлердің құлдырауынан тікелей және жанама түрде көрініс тапты.

Теориялық деңгей ғылымдағы «қаржылық дербес» практиктердің – «Практикаға жақындай түс!» ұранымен аса прагматикалық өндірістік міндеттермен айналысуға қатысты талаптарынан (тіпті бұйрықтарынан) көрініс тапты. Ғылым «Практикаға жақындай түс!» заңды ұранына жауап бермейді, себебі мақсатты-саналы тәжірибеде ғылыми ілім ғылыми негізделген әрекетке айналып, «алынып тасталуда». Практик теориялық білім иеленушісі болуға міндетті. Тек осы жағдайда ғана ол жай ғана шебер емес, кәсіпқой болады, тек осы жағдайда ғана ол үшін практика жұмыс уақытындағы әуестенушілік, жұмыс орны, лауазым емес, сондай-ақ кәсіп болады.

Профессор мен кәсіп (профессия) – түбірлері бір сөздер болуы тегін емес.

Бүгінгі таңда кітап басу және кітап саудасы ісінде басқарушы-практиктерге өмір сүру, тіршілік ету, табысты экономикалық жұмыс жасаудың шынайы жағдайларында қажетті заманауи экономикалық, басқарушылық, коммерциялық ілімдер жетіспейді, оларда кітаптанумен емес, маркетингпен, менеджментпен, жарнамамен, яғни экономикамен, басқаруды ұйымдастырумен айналысу қажет деген субъективті сенімділік туындайды. Мұнда qui pro quo (біреуінің орнына басқасы) орын алады.

Кітап ісінде кәсіпкерлер қажет, алайда кітаптанушы-редакторларға, сатушы-кеңесшілерге, библиографтарға, кітапханашыларға, мұғалімдерге, кітаптанушы-зерттеушілерге деген қажеттілік одан да жоғары. Басқа сөзбен айтқанда, бірінің орнына басқасы емес, түрлі мамандықтар – экономикалық мамандықтар да кітаптану мамандықтары да қажет. Әр мамандық өзінің нысанымен және өзінің пәнімен айналысар еді. Бұл жағдайда кітап ісінің практикасы тек өркендей түсер еді.

Кітап мәнісі және оның теориясын адекватты түрде қамтып көрсететін мазмұны нарықтық қатынастарды және кітап ісінің практиктерінде экономикалық, басқарушылық, ұйымдастырушылық ілімдердің тапшылығын өзгерте алмайды. Ал кітаптың материалдық-тақырыптық формалары мен кітап шығару, кітап саудасы, кітапхана, библиография ісінің нақты процестері деңгейінде нарықтық қатынастарды ескермеуге болмайды, бұл ретте кітап мәнісін естен шығармаған абзал.

Екінші фактор – бұл кітаптанудың өзіндік дамуы мен оның байланысты пәндерімен арадағы өзара әрекеттестіктің объективті процестері. Білімнің бірде бір, бірде басқа арнайы-кітаптану саласының (кітап шығару, кітап саудасы, кітапхана, библиография салалары олардың тарихында, теориясы мен әдістемесінде) немесе жеке кітаптану пәнінің ілгері теориялық дамуы ғылыми білімді саралауға қатысты үрдіс ағымындағы негізгі тарихи заңдылық болды, және сондай болып қала беруде.

Құжаттың бір түрі ретінде кітапты (кітап басылымын емес!) сәйкестендіру, біріншіден, кітапты басқа ғылымның – құжаттанудың нысаны мен мәніне алып барады, екіншіден, кітаптың табиғаты мен мәнісін ұғынуға жаңа ештеңе қоспайды.

Үшіншіден, осындай тәсілдеме жағдайында құжаттың бір түрі ретіндегі кітап дегеніміз не және құжаттың бір түрі ретіндегі кітапқа қатысты кітап ісі дегеніміз не деген сауал өзектіліг

Ұқсас материалдар