Қандастар Ассамблея

Халықаралық театр күнінде үздіктер анықталды!

27.03.2015 3519
Бұл күн қазақ театрлары үшін де ерекше мереке. Аталмыш күнді елордалық Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры өз шаңырағында тойлап, мерекелік кеш ұйымдастырды.

Бұл күн қазақ театрлары үшін де ерекше мереке. Аталмыш күнді  елордалық Қ. Қуанышбаев  атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры өз шаңырағында тойлап, мерекелік кеш ұйымдастырды.

Мерекелік бағдарламада:

1. Қаллеки  театрының  репертуарындағы қойылымдарында өнер көрсетіп жүрген жас балдырған актерлерге арнайы алғыс хаттар табысталып, ақшалай сертификат берілді.

Ғафу Қайырбеков атындағы номері 2 ші мектептің 3-ші сынып оқушысы Айбар Өмірбек,  «Абылай ханның арманы» спектакліндегі Қасым рөлі үшін;       

«Тыраулап ұшқан тырналар» спектакліндегі бала рөлі үшін Әли Омаров, «Ана – Жер Ана» спектакліндегі бала рөлі үшін Мирас Молдахметов, «Көлеңкесіз жолаушы» спектакліндегі бала рөлі үшін Ақарыс Әшімхан марапатталады.  

Театрдың негізін қалап, шығармашылық тұрғыда шыңдалуына зор үлес    қосқан театр саңлақтары атындағы арнайы марапаттар мен арнайы ақшалай сыйақы табысталды.

Қаллеки театрының негізін қалаушы режиссер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері «Жақып Омарұлы» атындағы марапат – Жанат Оспановқа, Халық қаһарманы, режиссер «Әзірбайжан Мәмбетов» атындағы марапат Сая Тоқманғалиеваға, ҚР Халық артисі, режиссер «Қадыр Жетпісбаев» атындағы марапат – Жасұлан Ерболатқа, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер «Шәміл Жүніс» атындағы марапат – Бақытгүл Батырхановаға табысталады.

«Театр және ақпарат» номинациясы  бойынша театр тынысын үздіксіз насихаттап жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының  ұжымдары  және журналистер алғыс хатпен марапатталады.

 МЕРЗІМДІ БАСЫЛЫМДАР:

«Егемен Қазақстан» газетінің журналисті – Қарашаш Тоқсанбай;

«Айқын» Республикалық газетінің журналисті – Халима Тәжіқұл;

«Астана Ақшамы» газетінің журналисті – Аманғали Қалжан;

«Казахстанская правда» газетінің журналисті – Зарина Нокрабекова.

РАДИО РЕДАКТОРЫ:

«Шалқар» радиосының редакторы – Толқын Сұлтан;

ҮЗДІК АҚПАРАТТЫҚ ШОЛУШЫ:

«Bnews» ақпараттық порталдың журналисті Кенжекей Тоқтамұрат.

ҚАЛЛЕКИ ТЕАТРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТЫНЫСЫН БАРЫНША НАСИХАТТАП ЖҮРГЕН:

«Қазақстан» Ұлттық телеарна төрайымы  Нұржан Жалауқызына және ұжым қызметкерлеріне;

«Хабар» телеарнасының басқарма төрағасы Айдос Ыдырысұлына және ұжым қызметкерлеріне;

«Білім және Мәдениет» телеарнасының жетекшісі Зейін Амангелдіұлына және ұжым қызметкерлеріне;

Күнделікті таңертен көрермендерге үздіксіз Қаллеки театрының шығармашылығын насихаттап жүрген «Қазақстан»  Ұлттық арнасының «Таңшолпан» ақпараттық-сазды бағдарламасының ұжым қызметкерлеріне және  бағдарлама жетекшісі Гүлмира Тынышбекқызына алғыс хат жолданды.


27 - наурыз Халықаралық театр күні мерекесіне орай  2014 жылы жарық көрген Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, белгілі театр сыншысы, профессор Әшірбек Төребайұлы Сығайдың «Қаллеки» театры  атты театр тарихы мен шығармашылық кеңістігінен сыр шертетін кітаптың қосымша авторлары шеберхана түлектеріне арнайы алғыс хат табысталды: 

Айтжан Арман;

Әбіл Мирас;

Бекмағамбетова Балжан;

Ежембеков Қуат;

Ләмбек Гүлназ.


«Өз актеріңді таны» - атты 1 ай, 25 күн аралығында өткен акцияның шешімі жарияланып, көрермендер таңдаған:

«Үздік актер» жас актер – Жанат Оспановқа;

– «Үздік актриса» - актриса Айнұр Бермұхамбетоваға;

– «Үміт» - Ақмарал Танабаеваға берілді.

Марапатқа қосымша  ақшалай сертификат ұсынылды. 


Әзірлеген: Досжан Мейірбек.

Ұқсас материалдар