Қандастар Ассамблея

Халықаралық ұйымдар туралы не білеміз?

06.11.2015 40873
Халықаралық ұйымдар – қазіргі әлемдегі халықаралық әріптестіктің негізгі құқықтық-ұйымдасу формаларының бірі; халықаралық қатынастардың әртүрлі салаларындағы (экономикалық, саяси, мәдени) ерікті ұйымдар.

Халықаралық ұйымдар – қазіргі әлемдегі халықаралық әріптестіктің негізгі құқықтық-ұйымдасу формаларының бірі; халықаралық қатынастардың әртүрлі салаларындағы (экономикалық, саяси, мәдени) ерікті ұйымдар.

Халықаралық ұйымдардың саны тұрақты түрде өсіп келеді. Егер де ХХ ғасырдың басында 40 үкіметаралық және 180 үкіметтік емес ұйымдар болса, қазіргі кезде олардың саны – сәйкесінше 300 және 500. Ең алғашқы халықаралық ұйым – 1875 жылы құрылған Бүкіләлемдік пошта одағы. Қазіргі заманғы халықаралық ұйымдар: 1) аймақтық ұйымдар: Еуропа Кеңесі, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің ассоциациясы (АСЕАН), Ислам әріптестік ұйымы (ИӘҰ), Африкандық Бірлік Ұйымы (АБҰ), Американдық Мемлекеттер Ұйымы (АМҰ); 2) экономикалық сипаттағы ұйымдар: Халықаралық реконструкция және даму банкі (ХРДБ), Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК) және т.б. 3) кәсіби ұйымдар: Халықаралық журналистер ұйымы (ХЖҰ), Саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясы (СҒХА), Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы (ИНТЕРПОЛ); 4) демографиялық ұйымдар: халықаралық демократиялық әйелдер федерациясы (ХДӘФ), Бүкіләлемдік жастар ассоциациясы (БЖА); 5) мәдениет және спорт саласындағы ұйымдар: Халықаралық Олимпиялық комитет; 6) әскери-саяси ұйымдар: Солтүстік Атлантикалық Келісімі Ұйымы (НАТО), Тынық мұхиты қауіпсіздік пакті (АНЗЮС) және т.б.; 7) кәсіподақтық ұйымдар: Халықаралық еркін кәсіподақтар конференциясы (ХЕКК), Бүкіләлемдік Еңбек Конфедерациясы (БЕК) және т.б.; 8) халықаралық ізеттілікті және бейбітшілікті қолдайтын ұйымдар: Бүкіләлемдік бейбітшілік кеңесі (ББК), Венадағы бүкіләлемдік бейбітшілік институты және т.б.; 9) соғыс, табиғи апат құрбандарын қорғау ұйымдары: Халықаралық Қызыл Крест (ХКК); 10) экологиялық ұйымдар: Гринпис және т.б.

Халықаралық қатынастар жүйесіндегі ең маңызды ұйым – 1945 жылы әлемдік қауіпсіздік жүйесін қолдау мақсатын құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымы. БҰҰ Жарғысында барлық мүше мемлекеттердің егемендік теңдігі, халықаралық даулардың бейбіт жолмен шешілуі, күш қолданудан бас тарту, өзге мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау қағидаттары бекітілген. БҰҰ құрылымы: 1) БҰҰ Хатшылығы (Бас хатшы басшылығымен); 2) Қауіпсіздік кеңесі (15 мемлекет, соның ішінде вето құқығына ие 5 тұрақты мүщесі бар: Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, ҚХР); 3) Бас Ассамблея (ұйымның барлық мүше елдері); 4) бірқатар ұйымдар – БҰҰ-ның құрылымдық бірліктері: Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы (БДСҰ), Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ), Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі бүкіләлемдік ұйым (ЭНЕСКО), Халықаралық валюта қоры (ХВҚ), Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ), БҰҰ-ның сауда және даму жөніндегі конференциясы (ЮНКТАД), Халықаралық балалар қоры (ЮНИСЕФ), Халықаралық сот. 


Дархан Өмірбек

Ұқсас материалдар