Қандастар Ассамблея

Кемел Ақышұлы туралы естеліктер

06.10.2014 3962
Елуінші жылдары Қазақстанда тың игеру эпопеясы басталған кезде негізгі жұмыстардың барлығын осыған қарай бағыттаған да осы Кемекең болатын.

Ұлыларымызды ұлықтасақ ғылымымыз жоғалмайды. Көрнекті тұлға, белгілі археолог Кемел Ақышұлы туралы естеліктер.

Дихан Қамзабекұлы:

-         2001 жылы мен Музыка академиясында қызмет жасап жүргенде, «Ғылым және музыка» деген конференция өткізетін болдық. Оны ұйымдастырушы Шағила Құсанова деген майдангер апайымыз: «Конференцияға Кемел Ақышевты шақырайық», деді. Ол кісімен келісуге мені жіберетін болды. Біз ол кісімен көрші тұратынбыз, күнде түскі ас уақытында жүргізуші бала «уазикпен» әкеліп тастайтын да ол кісі белгілі бір уақытта қайта шығатын. Содан біз жолығып қалдық. Ол кісі көп ашыла қоймайтын кісі ғой, маған: «Кім боласың?» деді. Мен: «Мені Шағила Әкімбайқызы жіберді», дедім. Содан: «Әә, Шағила жіберді ме, онда сен былай істе диктафоның болса жазып ал, қазір шопыр бала келгенше менің біраз уақытым бар», деді. Сол кезде Кемел аға маған не себепті археолог болғанын айтты. Кемел аға: «Мен Қаныш Сәтпаев ағаның жолымен жүргім келді. Бірде Қаныш аға сен осы салаға бар, деп айтты», дейді. Кемел ағаның жолы біздің бәрімізге үлгі.

 

Зейнолла Самашев:

-         Кемекең Екінші  дүниежүзілік соғысынан кейін Қазақстандағы археология ғылымының дамуына үлес қосқан адам. Елуінші жылдың соңынан бастап, тоқсаныншы жылдың аяғына дейін еліміздегі археология ғылымы сол кісінің тізгінінде болды. Сол кезде археологияны шашыратпай бір уыста ұстап қалған, барлық бағытының дамуына айрықша үлес қосқан адам Кемел Ақышұлы болды. 1946 жыл мен 1952 жылдардың аралығында өзі филолог болса да, археологияның қалыптасуына үлес қосып, археологияның не екенін басқа мемлекеттердің шенеуіктеріне көрсете білген адам Әлкей Марғұланның ісбасары болды. Археология саласына келетін болсақ, тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірі деген сияқты әртүрлі салалардың өз проблемалары бар, солардың барлығын дамыту үшін жан-жақтан мықты мамандарды шақырып, кадрларды даярлап, өзімен қатарлас жүрген үзеңгілес адамдарды, Мәскеуден оқып келген мамандарды жинақтап, ғылыми экспедицияларды ұйымдастырды. Іле экспедициясын басқарып, Қапшағай су-электр станциясы салынар алдында көптеген жұмыстар жүргізді. Орталық, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстанда аздаған жұмыстар жүргізіліп жатты. Солардың барлығын топтасырып, солардың ортақ проблемаларын анықтап, бір ғылыми бағытқа салған осы Кемекең болды. Елуінші жылдары Қазақстанда тың игеру эпопеясы басталған кезде негізгі жұмыстардың барлығын осыған қарай бағыттаған да осы Кемекең болатын. Соның нәтижесінде бүкіл ССР көлемінде бірінші рет Қазақстанның археологиясы деген карта жасап шығарды. Ал енді Кемекеңнің ғылыми жұмыстарына келер болсақ, ерте темір дәуіріндегі сақтардың мемлекеттілігіғ сақтардың мәдени ошақтары туралы, олардың біздің тарихтағы алатын орны, сақтар мен қазақтардың арасындағы тарихи сабақтастығы мәселелерін алғаш көтерген, шешуге тікелей ат салысқан жіне осы салада көптеген шәкірттер тірбиелеген осы кісі екеніні сіздер білесіздер. Отырар эпопеясын алатын болсақ, ол туралы көп айтылды ғой. Отырар эпопеясының түбінде не жатыр? Негізгі идея қазақ жеріндегі отырықшылық мәдениеттің дамуын, тек қана көшпенділер мідениеті ғана емес сол екі мәдениеттің тұтастығын көрсетіп берді. Осыны бір концепция, идея ретінде жасап берген осы кісі болатын. Күн өткен сайын бұл тарихи тұлғаның қасиеттері ашыла береді деп білем.

Ұқсас материалдар