Қандастар Ассамблея

Келесі хат: 33-ші жылдың 26/ІІ.

28.08.2014 1545
Келесі хат: 33-ші жылдың 26/ІІ.

Дендерің сау, аман жүрсіңдер ме? 31-декабрде бір хат жазған едім, оны алған-алмағандарыңнан дерек жоқ. Мен əлі орынға кіре алмай жүрмін. Мекемелерді ықшамдау мен жер аударғандарды алмау деген ағын тұсына кез келіп, еш жерге орналаса алмай тұрғаным. Орын болмаған соң қай жағынан да болса хал нашар болатыны белгілі. Бір жағынан ауру, екінші жағынан суық, үшінші жағынан аштық – үш жақтан қысып, əркімнің ат салысқан көмегі арқасында күнелтіп келе жатқан жай бар. Бұл қалыппен көпке бармай, бір шегіне барып ты- натын шығармын. Қыр баласы қолдан келген көмегін істеп- ақ жатыр. Бірақ көмекпен күнелту мұнда өте қиын. Қара нан килосы 12 сомға жетті, ол не шыдатар, жұмыста болмаған соң, нан картешкесі, ысталобай картешкесіз нанды базардан алып жемеске шараң жоқ. Базар бағасы анау, онымен қанша нан сатып алуға, тойынып тұруға болар. Кəзір əбден арықтап, жүдеп болдым. Жылы киім жоқ. Күн мұнда Аралдағыдай емес, өте суық. Суық тағы бір жағынан айналдырған соң қалай күнелтпек. Елдің қабаты өздеріңе мəлім күйде, мəнісі кеткен. Қыр баласының ел жайынан жазған хаты қолды болып, қолыма тиген жоқ. Қу жақ екі жолдасымен орнынан түскен. Жолдаста- ры кім екенін жазбайды. Қазақ – соқырға көрінген, саңырауға естілген болса керек. Əлімхан, Əуезұлы екеуі тəуба қылып шыққан. Басқалары: Сейдəзім, Мұқамеджан Т., екі дос, Ақбай ақсақ інісімен, Əшім, ұзын Мұхтар – бұлар Воронеж қаласында; аудандарында – Қошке, Жұмағали, Мұстафа Б., Əбдірахмен, Нəшір, Күдері баласы – бəрі де қызметте – қатын-балаларымен тұрған көрінеді. Мен де қатын-балаларым мұнда келуге, мен де онда баруға рұқсат ет деп, Мəскеуге арыз беріп едім хабар жоқ. Жақын арада жазушының бұрынғы қатыны бастық болып тұрған мекеме арқылы арыз бердім. Мұнда қазіргі жай-күйім бəрін айтып, өлсін демесеңдер мені не жылы жаққа жіберіңдер, не қатын-балам тұрған жерге жіберіңдер. Мен бұл күйде тұрғанда өлетінмін деп жазып отырмын. Мұнан анау қатын арқылы бірдеме болар деген үміт бар. Мұнан ешнəрсе шықпаса, шынында өлу ғана қалады. Мұнда срогы біткендерді де босата қоймай, бəрін осында ұстап отыр екен. Соңғы күндерде босату- лары сұрапыл, күн-түні қағаздарын беріп, қойша ағып жатыр. Күн біткендерден ешкім қалмайтындай көрінеді. Өздері қалам деп тілесе ғана қалдырады. Мұнда Абдолла қатын-баласымен тұрады. Олар да мекеме ықшамдауына ілігіп еді, қатыны басқа орын тауып кірді де, өзі бұрынғы орнына 10 күннен соң қайта кірді. Жақын арада Алматы жағынан үй-іштерімен көп қазақ келді деп еді. Оларға əлі жолыққаным жоқ.

Қош, Ақымет.

 Келесі хат: 34-ші жылдың 8/ІІІ.

 Қарақтарым, Міржақып, Мырзағазы! Сондамысыңдар! Дендерің сау ма! Ғазымбек қайда? Мен қатын, баламның қасына жібер деп сұранып, мұнда келдім. Өткен сентябрден бері осындамын. Айына 150 сом жалақысы бар, бір орынға ілініп едім, онан осы марттан бастап шығарып тұр. Қазір жұмыссыз тұрмын. Қыр баласынан хат алып тұрамын, аман. Соңғы бір-екі хатында Смағұлдан басқамыз аманбыз деп жазған екен, онысы немене екенін анық білмеймін. Елдос Ал- матыда, оқыту жұмысында деп жазады. Оның өзіне əлденеше рет жазып, жауап ала алмай-ақ қойдым. Сендерге жазып, жау- ап қайтпаған соң тағы да жазып отырмын. Қолдарыңа тиісімен хабар берерсіңдер.

Б.С-дан сəлем. Ол қояншық ауруы болып біткен. Шолпан мен мұнда келгенше Алматыға кетіп қалыпты. Ағайындардың бəріне сəлем.

Сүйем. Ақымет

"Ел - шежіре"

Ұқсас материалдар