Қандастар Ассамблея

«Кек алушылар: Альтрон дәуірі/Мстители: Эра Альтрона» фильмі Эйр Астана ұшақтарының бортында көрсетіледі

05.08.2015 4937
Эйр Астана халықарлық әуе компаниясының жолаушылары қазақ тіліне дубляждалған «Кек алушылар: Альтрон дәуірі/Мстители: Эра Альтрона» атты голливудтық фильмді көруге мүмкіндік туды.

Қыркүйек айынан бастап Эйр Астана халықарлық әуе компаниясының жолаушылары қазақ тіліне дубляждалған «Кек алушылар: Альтрон дәуірі/Мстители: Эра Альтрона» атты голливудтық  фильмді көруге мүмкіндік туды.

Әуе кемесімен қатынайтын отандастарымыз бен қонақтар қазақстандық Мақпал Исабекова,  Жасұлан Байсалбеков, Бейбіт Қамаранов, Ержан Жарылқасынов, Ерғали Төлебеев сынды танымал актерлер дыбыстаған атақты блокбастерді ұшақта отырып тамашалау мүмкіндігіне ие болады.

Аталған оқиға мемлекеттік тілдің аясын кеңейтуге және «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеяны елімізде және шет мемлекеттерде насихаттауға жасалған үлкен қадам болып есептеледі.

 

Соңғы 5 жыл ішінде Бауыржан Байбектің бастама көтеруімен  «Болашақ» қауымдастығы «Нұр Отанның» қолдауымен «Жастар-Отанға!» партиялық жобасы аясында барлық отбасы мүшелерінің жиналып тамашалауына арналған 11 голливудтық фильмді қазақ тіліне дубляждалды.

 

Туындының тұсаукесерінде «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек ендi қазақ тiлi дүние жүзiнде мойындалып, аталмыш фильм аударылған 20 тiлдiң қатарына енгенін айтқан екен. Бұл бiздiң тiлiмiздiң, дәстүрiмiздiң, мәдениетiмiздiң мойындалып жатқаны.

 

Аталған жобаның арқасында  бұл кинотуынды әлемге атақты «Columbia Pictures» студиясы фильмінің кейіпкерлері, атап айтсақ: Уилл Смит, Анджелина Джоли, Джонни Депп, кіші Роберт Дауни, Скарлетт Йоханссондай талантты әртістерді басқаларын қазақ тілінде сөйлеткен жетінші кинокартина. Басты кейіпкерлердің дауыстарын голивудтық актерлердің өздері мақұлдады.

«Көліктер-2» атты балаларға арналған фильмде «Мэтр»  кейіпкерін сөйлеткен актер Азамат Канапияевтың дауысын Walt Disney студиясы әлемдегі үздік дауыстардың бірі ретінде мойындады.

23 сәуірде еліміздің барлық кинотеатрларында көрерменге жол тартқан  шытырман оқиғалы блокбастердің жалғасы «Кек алушылар: Альтрон дәуірі» кинокартинасы қазақ тілінде сөйлеп, көптің көңілінен шықты.

Дубляждың режиссері Тимур Балымбетов. Кек алушылар тәржімәсі  Тимурдың екінші жобасы болып есептеледі, ол бұған дейін 2014 жылдың жазында үлкен экранға шыққан «Галактика сақшылары» фильмін сәтті тәржімалаған болатын.

Голливудтық ару, таланты актриса және Кек алушылар туралы экшн-скивел жұлдызы Скарлетт Йоханссон «Super Star KZ» шоуының финалисі, атақты әнші Мақпал Исабекованың даусымен сөйлейтін болады.

 

Фильмнің басты кейіпкерлері Жасұлан Байсалбеков (Альтрон), Бейбіт Қамаранов (Тор), Ержан Жарылқасынов (Тони Старк – Темір адам), Ерғали Түлебаев (Америка капитаны), Бақытжан Жармұхамбетов (Соколиный Глаз), Самат Қордабаев (Халк) сияқты қазақстандық таланты актерлердің үнімен сөйлейді Сонымен бірге дубляжға, жобаларға тұрақты қатысып келе жатқан, Бағанашыл кенті №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері атсалысты.

«Кек алушылар: Альтрон дәуірі» 2015 жылы көрермендерге ұсынылған  голливудтық екінші картина болып есептеледі.

«Жастар-Отанға!» жобасының мақсаты – жастар арасындағы жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру және «Нұр Отан» партиясы Доктринасында белгіленген құндылықтарды дәріптеу.

 

Бұрын тәржімаланған фильмдер:

 «Көліктер-2 / Тачки-2»

«Қара киімділер 3 / Люди в чёрном 3»

 «Батыл журек / Храбрая сердцем»

 «Жаңа Өрмекші-адам / Новый Человек-паук»

 «Монстрлар Университетi / Университет Монстров»

 «Жалғыз рейнджер / Одинокий рейнджер»

 «Жаңа Өрмекші-адам: Кернеген қуат» / «Новый Человек-паук: Высокое напряжение»

 «Галактика сақшылары / Стражи Галактики»

 «Малефисента»

 «Золушка/Кулбике»

 «Кек алушылар: Альтрон дәуірі/Мстители: Эра Альтрона»


Әзірлеген Бақытгүл АБАЙҚЫЗЫ

 

 

Ұқсас материалдар