Карла Нұр шығармашылығы Ұлттық сурет галереясында

02.09.2016 2044
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жыл

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдығына орай Ұлттық сурет галереясында Карла Нұрдың «Шағылыс» атты жеке көрмесі өтті.

«Шағылыс» көрмесіне дәстүрлі емес әдіспен салынған графикалық жұмыстардың түпнұсқалық сериясы қойылды.

Карла Нұр Voxpopuli.kz агенттігінде жұмыс атқарып жүріп көпшілікке танымал бола бастады. 2009 жылы француз әскери фототілшісінің Карла Нұрмен кездесуі суретшінің өмірін күрт өзгертті. Осыдан бастап Карла репортажды фотосуретпен айналыса бастады.

Сурет салумен бала кезінен айналыса бастаған Карла соңғы жылдары әлеуметтік фотожурналистикаға ауысып, осы салада үлкен еңбек сіңірді. Ол еліміздің шалғай аймақтарынан жалпы саны 143 репортаж түсірген. Басты кейіпкерлері — қарапайым адамдар.

Карланың айтуынша оған графика өнері де, фото өнер де жанына өте ыстық. Алайда, соңғы жылдары  «Астана Опера» театрында фотограф болып қызмет атқарғандықтан, сурет салумен бос уақытында ғана айналысады.

Карла Нұр, суретші:

—14 жасар кезім. Балаларда өтпелі кезең болатын уақыт қой. Сол уақытта ішімдегі эмоциямды сурет арқылы жеткізетінмін. Жалпы, адамдар ғарышта айналып жүргенін ескерулері қажет. Мен осыны түсінген уақытымда, менде шығармашылыққа деген жаңа көзқарас пайда болды. Болашақта осы бағытта жұмыс істесем деген жоспарым бар. Мүмкін шетелдерде көрме өткізермін.

Сондай-ақ, іс-шара соңында автор жас суретшілерге арнайы шеберлік дәрісін өткізіп, келген қонақтармен тәжірибе бөлісті.  


Алмас Сауданбай

Фотограф — Нұрбек Әлманбетов

Ұқсас материалдар