Қандастар Ассамблея

Күзгі демалыс кезінде немен айналысуға болады?

21.10.2014 5891
Біздің оқушыларға демалыстарын үнемді және жағымды етіп өткізу үшін беретін кеңестеріміз

Қазан айының соңғы апталары мен қарашаның бастапқы аптасы қазақстандық мектеп оқушылары үшін «бостандыққа» шығатын кезеңі. Ал жұмыстан қолдары тимейтін ата-аналар үшін тағы бір бас аурудың пайда болатын кезеңі. «Балам демалыс бойы компьютер, не теледидардың алдында өткізбесе екен» деген сұрақ әр ата-ананың ойына келетіндігі мәлім. Осы бір мәселені шешуге «El.kz» те ат салысып көрді. Біздің оқушыларға демалыстарын үнемді және жағымды етіп өткізу үшін беретін кеңестеріміз:

Өзіңіз тұратын қалада экскурсия

Қалаңызды қаншалықты жақсы білем деп ойлағаныңызбен, кішігірім театр, музей секілді мәдениет орындарын сіз де көрмеген, білмеген болуыңыз әбден мүмкін. Сондықтан біздің бірінші кеңесіміз – қалаңызда бар театр мен музейлерді аралап, мәдени дамығаныңыз жөн дейміз.

Музыка аспаптарында ойнап үйреніңіз

«Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» демекші, домбыраның құлағында ойнамаса да, ең азынан жеңіл күйлерді ойнай білу әр қазақтың парызы. Егер домбыра ұнамайды десеңіз, одан бөлек гитара, Африкалық дабылдар, сыбызғы, және тағы да басқа толған музыкалық аспаптарда ойнауды үйренсеңіз болады. Ол үшін Olx, Satu секілді жарнамалар сайтынан аспаптарда ойнауды үйрететін ұстаздарды тауып алуыңыз қажет. Егер, ондай курстарды қалаңыздан таппасаңыз, жақын туыс-таныстарыңыздың арасынан аспаптарда ойнай алатын және қолы бос біреуін тауып, үйретуге көндіріп көріңіз.

Қыз балаларға: кестелеу мен тоқуды үйреніңіз

Ежелден қазақ мәдениетінің бір үлкен бөлшегі болып келген тоқу, кестелеу, бұйымдарды әшекейлеу өнерлері өкінішке қарай қазір сиреп кетті. Сол себепті, мектеп қабырғасында жүрген шақтарыңыздан әдемілік пен төзімділікке баулитын өнерді үйренгеніңіз болашақта өзіңізге де пайдалы болады деп ойлаймыз. Тағы да арнайы курстар мен үлкен апа-әжелеріңіз көмекші бола алады.

Лагерьлер мен жорыққа бару

Егер өңіріңіздегі ауа райы мен табиғат мүмкіндік берсе, таза ауаға жиі шыққаныңыз денсаулығыңызға пайдалы. Демалыстар кезінде, сабақ оқып шаршаған миыңыз таза оттегімен тыныс алуы қажет. Сондықтан біздің беретін кеңесіміз, Қазақстандағы күздік лагерьлерге немесе ата-анаңызбен жорықтарға шығу.

Пайдалы бағдарламалар үйрену

Егер демалысыңызды үйде өткізуден басқа мүмкіншілік болмаса, тек компьютер басында отыру бар ермегіңіз болса, ең азынан, пайдалы компьютерлік бағдарламаларды үйренуге тырысыңыз. Photoshop, MS Office (Excel, Power Point, Word) секілді болашақта әрдайым көмегі тиетін бағдарламаларды егжей-тегжей үйренгеніңіз демалыс уақытыңызды қатты қызық болмаса да, пайдалы өткізеді.

Суреттердің дереккөздері: kupony24 scoutjournal

Ұқсас материалдар