Қандастар Ассамблея

Күйтабақтар мұражайы

18.06.2015 3330
Еліміз бойынша жалғыз күйтабақтар мұражайы қай қалада орналасқан?

Керекуге жолыңыз түссе, Шафердің үйіне соғыңыз. Қазақстан бойынша жалғыз күйтабақтар мұражайы тек Павлодарда ғана бар. Музыкатанушы, филолог, сазгер Наум Шафер жарты ғасыр көлемінде 27 мыңнан астам күйтабақ жинаған.

Олардың арасында түпнұсқа күйінде сақталған теңдесі жоқ музыка үлгілері бар. Кезінде бұларды сатып алу мақсатында мемлекет тарапынан коллекционерге бірнеше рет ұсыныс түскен екен. Бірақ жергілікті билік мол қазынаны сақтап қалу үшін Шафердің үйін музейге айналдырды.

«Шежіре жазбаша күйде таралады. Мен тарихтың дауысты шежіресін қалтырғым келді», – деген екен Наум Шафер. Қазір оның мұражай-үйінде 27 мыңнан аса күйтабақ бар. Бұдан бөлек бір жарым мың бобиналы таспа және екі мыңға жуық аудиокассета сақталған. Картотекада, композиторлармен мен орындаушыларының музыкалық туындыларының 500 мың карточкалары бар. Мұражай 2001 жылы 21 ақпанда Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, музыкатанушы, композитор И.О.Дунаевскийдің шығармашылығын зерттеуші Наум Григорьевич Шафердің бірегей колекциясының базасы негізінде ашылды. Әр аптаның жұма күнгі кешінде «Шафер үйі»-нің концерт залында Павлодар қаласының жазушылары, музыканттары, әртістері қатысуымен дыбысжазу кештері және әдеби - музыкалық кештер өткізіледі.

 

Жақында күйтабақтар мұражай-үйінің кітапханасы «Шесть карьер Михаила Александровича. Жизнь тенора» кітабымен толықты. Аталмыш кітап ХХ ғасырдың ұлы теноры, атақты әншінің күйеу баласы, осы кітаптың авторы мен құрастырушысы Леонид Махлистен келіп жетті. 2013 жылы Леонид Махлис Михаил Александровичтің сахналық мансабының 75-жылдық феномені туралы өмірбаяндық жинаққа материалдарды жинау бойынша музыкатанушы Н. Шаферге жолыққан болатын. «Шафердің музей-үйі» 2013 жылы әншінің 100-жылдығына орай «Михаил Александрович в Казахстане. Записи 1967-1969 годов» альбомын шығарды. Бірегей жазбалар Н. Шафердің мұрағатында сақталған.

Ол Целиноград пен Павлодарда әншінің теледидарға шыққан бағдарламаларын катушка түріндегі магнитофонға жазып алған. Наум Григорьевичтің ақынмен кездесу сәті де сақталған.  Тарихи деректер бойынша, Леонид Махлис 1967 жылы Целиноградта Александровичтің гастролі кезінде канторларды синагогта орындауға магнитофонға көшіру үшін Н.Г. Шаферге жолыққан. Түні бойы Н. Шафер мен ағасы Лазар екеуі фонотека материалдары бойынша осы жазбаларды көшірген. Кездесуді еске алу үшін әнші екі қолтаңбасын қалдырыпты. Бірі – оның суреті бар пошталық ашықхат болса, екіншісі – «Мерлин, волшебник мудрый» әндер жазбаларымен патефон күйтабағының конверті.

М.Александровичтің қолтаңбалары 1967 жылы «Дорогим Шаферам, большим ценителям музыкального искусства» деген атпен музейдің музыкалық күйтабағына рәсімдеуге енген екен.

 

Әзірлеген Бақытгүл АБАЙҚЫЗЫ

Дереккөз: pavlodarnews.kz

 

 

Ұқсас материалдар