Қандастар Ассамблея

Көшпенді тайпалардың ежелгі саяси көзқарасы

11.08.2014 10335
Ерте заманнан қалыптасқан дала мәдениеті бағзы заманның тыныс тіршілігінен, халықтың арман тілегінен, сенім мен үмітінен хабар береді.

Қазақ даласының экономикалық, мәдени дамуларының бастау бұлағы ортақтығынан, ежелгі көшпенді, жартылай көшпенді, отырықшы тайпалары сақтар, ғұндар, қаңлылар, үйсіндердің рухани, яғни дүниетанымдық, саяси-әлеуметтік көзқарастары өзара байланыста қалыптасты. Заманында қазақ даласы мен басқа елдерді байланыстырған Ұлы Жібек жолы жалпы Шығыс елдерінің экономикалық, мәдени, рухани байланыстарын ұлғайтты. Оның бойындағы елді мекендерде мал, ұн, тері, жүн, қару-жарақ, ат әбзелдері т.б. бұйымдар саудасы жүргізілді. 

Ерте заманнан қалыптасқан дала мәдениеті бағзы заманның тыныс тіршілігінен, халықтың арман тілегінен, сенім мен үмітінен хабар береді. Табиға ортаны игерудегі адамның мақсатты қызметі объективті дүние танымның алғы шарты болды. Табиғат әлемі адамдардың мақсат, мүдделік және мақсат-мұраттық қызметі процесінде адам әлеміне айналды. Бұның бәрі де дүниені өзгертуші, еркін шығармашылық нәтижесінде жүзеге асты және адамдардың қоғамдық қатынастарын нығайтуға, жетілдіруге, өмір жалғастығына, әлеуметтік өрбуге алып келді. Қауымдық сана қоршаған орта байлығына, қоғамдық болмыстың ерекшеліктеріне байланысты қалыптасты. Сезімдік, таным деңгейінен күнделікті тұрмыс тәжірибесі  жинақталды, қорытындыланды, адамның практикалық іс- бейнелейтін әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер пайда болды. Дегенмен, мемлекеттілік әлсіз болған сайын табиғи ортаның этникалық қауымдастыққа зор ықпал ететіні белгілі. Ал, мемлекеттіліктің қазақтың көне және соңғы тарихында әлсіз болғаны белгілі.

Мыңдаған жылдарға созылған көшпенді мәдениет мүшелерінің ортасындағы қарым-қатынас қалыптасқан рухани, билік нұсқаларымен реттеліп, тайпаның саяси тіректеріне сенімді, адалдықты айқындады. Себебі көшпенді тірлік ауыртпалықтары ру, тайпа мүшелеріне қалыптасқан әдет-ғұрыптардан ауытқуға жол бермей, бірізділікті, ата-баба салт-дәстүрлерін сақтауды, жалғастыруды талап етті. Әлеуметтік орта сұраныстарын түйсікпен пайымдау, сезінудің айқындала бастауы оны тану әрекеттеріне итермеледі. Адамның тек өз қандастары арасында ғана толық саяси еркіндікке қол жеткізе алатыны, ал олардан алыстаудың өмірге қатерлігі, жазаға ұшырау мүмкіндігінің молаятынын көрсетті. Міне, осыдан адамның мақсатты саяси қызметі тайпа, ру мүддесін қорғау ретінде көрініс тапты.

Бағзы замандардан қазіргі Қазақстан аймағы әртүрлі тарихи дәуірлерде бостандық сүйгіш, еркін, қайталанбас өзіндік мәдениет пен мемлекеттілігін құрған көшпенді, жартылай көшпенді, отырықшы ру, тайпалардың отаны болғаны айтылады. Ежелгі Иран халқының қасиетті кітабы «Авеста» Соғды мемлекетінің солтүстігінде өмір сүретін, мал шаруашылығымен айналысатын көшпенділерді «жүйрік атқа мінген «турлар» деп атаған. Ежелгі парсылар бұл халықты «сақтар», қытайлар «сэ», ал гректер «скифтер» деп атаған. Айтылып отырған көшпенді тайпа тарихи заманда бір орталыққа бағынған билік жүйесі қалыптасқан керемет шабандоздар елі болды. Сақтар әлем тарихында өзіндік үлкен із қалдырған.

Тарихи заман саяси ойының шынайы көрінісі деп, туған жер, ел, отанға деген сүйіспеншілік, оның мүддесін қорғап, болашағы үшін күрес жолдарын жан-жақты көрсете білуді айтамыз.  

Ұқсас материалдар