"Көшбасшы жолы" киноэпопеясының төртінші бөлімі жарық көрді

28.11.2014 3346
«1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні» қарсаңында көпсериялы «Көшбасшы жолы» киноэпопеясының «Тығырықтан жол тапқан» деп аталатын төртінші бөлімі дүниеге келді.

«1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні» қарсаңында көпсериялы «Көшбасшы жолы» киноэпопеясының «Тығырықтан жол тапқан» деп аталатын төртінші бөлімі дүниеге келді.

2011 жылы түсірілген  «Көшбасшы жолы» киноэпопеясының алғашқы бөлімі «Балалық шағымның аспаны» деп аталса, екінші, үшінші бөлімдері «Отты өзен» және «Теміртау» деп аталған болатын. Желтоқсанның төртінші жұлдызынан бастап Қазақстанның барлық кинотеатрларынан аталмыш фильмді тамашалай аласыздар.

«Тығырықтан жол тапқан» бөлімінде Нұрсұлтан Назарбаевтың Теміртау мен Қарағандыда өткен 70-80-інші жылдардағы өмір жолы бейнеленеді. Бұл кезеңде елбасы металлургия комбинаты мен Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы қызметін атқарған.

Ұқсас материалдар