Қандастар Ассамблея

Көкшетаудағы Достық үйі

05.03.2015 3897
Өткен жылы Елбасы Көкшетаудағы жұмыс сапары барысында жаңадан ашылған Достық үйінің атқаратын міндеті және негізгі ерекшеліктерімен танысып қайтқан еді. Достық үйі қазір Көкшетаудағы барлық этнос өкілдерінің ортақ үйіне айналды.

Өткен жылы Елбасы Көкшетаудағы жұмыс сапары барысында жаңадан ашылған Достық үйінің атқаратын міндеті және негізгі ерекшеліктерімен танысып қайтқан еді. Достық үйі қазір Көкшетаудағы барлық этнос өкілдерінің ортақ үйіне айналды. 

Достық үйінде көрме-холл, хореография және мәжіліс залдары, өңірдің этномәдени бірлестіктерінің кабинеттері, ана тілін үйрету бөлмелері орналасқан.

Тілдерді дамыту, насихаттау және қолданыс аясын кеңейту мақсатында ашылып отырған сыныпта қазақ, орыс, неміс, татар, поляк, кәріс, ингуш және армян тілдері оқытыламақ. Сонымен қатар, оқушылар ана тілінде оқып қана қоймай, еліміздегі түрлі халықтар мен этностардың тарихы, дәстүрі, мәдениеті және өнерімен танысатын болады.

Сол Достық үйі Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын ерекше назарда ұстайтынын көрсетті. 1 наурыз күні Елбасы барша Қазақстан халқын Ассамблеяның 20 жылдығымен құттықтады. Оның үстіне биыл Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жариялады. 

Бүгінде Ақмола облысында 43 этномәдени бірлес­тік белсенді жұмыс істеуде. Қоғамдық ұйымдар өткізіп жатқан танымдық шаралар көпұлтты халқымыздың құнды дәстүрлері мен мәдени жауҺарларын ашып көрсетіп, әр жүрекке достық пен бірлік маржандарын шашуда. Облыс Ассамблея жылының алғашқы акциясы – «Қазақстан халқы Ассамблеясы – 20 ізгі іс» қозғалысының символы – «Тайқазанды» бірінші болып қабылдап алды. Республикалық эста­фета шеңберінде облыс «Мейі­рім» қайырымдылық акциясын өткізіп, 752 отбасына 17 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілді. 

Бүгінде 105 ұлттың шаңырағына айналған Ақмола облысында 45 этно-мәдени бірлестік құрылған, оның 20-ға жуығы осы Достық үйінде еңбек етуді жоспарлап отыр. 

Көкшетаудағы Достық үйінде Ассамблеяның 20 жылдығына байланысты шара өтті. Оған қоғамдық келісім ұйымының белсенділері мен қала жұртшылығы қатысты. 

Салтанатқа қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтаған Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, облыстық «Қазақ тілі мен мәдениеті» қо­ғамдық ұйымының төрағасы Мей­рамбек Қиықов, Көкшетау қаласының құрметті азаматы, жазушы Сырым Рахимов, Қазақстан татарлары ассоциациясы ардагерлер кеңесінің төрағасы Фарук Богапов, қаладағы Назарбаев зияткерлік мектебінде дәріс беріп жүрген америкалық ұстаз Патрисия Кулинейн еліміздің саяси өмірінде салмақты орын алатын Ассамблеяның мән-маңызы туралы келелі әңгіме қозғады.

Шара барысында Ассамблея құр­дастары – Көкшетау техни­калық инс­титутының курсанты Әке­тай Жан­болат, Ж.Мусин атын­дағы қазақ педаго­гикалық кол­леджінің оқушысы Айжан Құс­ман, Ш.Уәлиханов атын­дағы Көк­шетау мемлекеттік универ­ситеті­нің студенті Ақнұр Ділмұ­қаш, А.Мыр­зах­метов атындағы универ­ситеттің сту­денті Ерболат Балтинге құрмет көр­сетіліп, Мұсылман әйелдері ли­гасындағы әжелері батасын берді.


Әзірлеген: Досжан Мейірбек.

Ұқсас материалдар