Қандастар Ассамблея

Исламдағы діни мейрамдар

25.08.2014 14369
Діни мейрамдардың ішкі мазмұны мен аталып өтілуі жеке діннің тарихына байланысты. Исламдағы діни мейрамдарға Ораза айт, Құрбан айт, Қажылық және т.б. жатады.

Діни мейрамдардың ішкі мазмұны мен аталып өтілуі жеке діннің тарихына байланысты. Исламдағы діни мейрамдарға Ораза айт, Құрбан айт, Қажылық және т.б. жатады.

 

Ислам дінінің қағидасы бойынша, мұсылман дінін ұстаушылар отыз күн ораза ұстауы керек. Құрбан айт мейрамы ораза айттан кейін, 70 күн өткен соң болады. Құрбан айтта таңертеңгі намаздан басталады, адамдар жағдайына қарай құрбандық шалып, айтқа арнап дастарқан жаяды. Адамдар үйді-үйге айтшылып кіріп, құрбандық етінен дәм татады. Діни мейрамдардың тағы бір түрі – Қажылық. Дәстүрлі дала мәдениетінде малы көп, ауқатты адамдар қажылыққа барған. Қажылықтың рәсімдері мен жора- жосындары бар.

Имамдар киімі

Ертеде дін қызметкерлері өздеріне тән діндарлар киімін арнайы тіккізіп киген. Мұндай киімдер киіп жүруге ыңғайлы әрі пішіні мен сыртқы көрінісі жағынан өзгеше болды, сондықтан мұндай киім кигендерді халық бірден дін қызметкерлері деп таныған. Діндарлар киіміне лапас, мәлле, женде, кемер, ихрам, дастар, сәлде т.б. жатады.

Орта Азия Д.-ларының киімі туралы зерттеген Р.Я. Рассудова ХІХ ғ.-дың ІІ жартысынан бастап Д.-лар арасында киімнің бірегей үлгісінің кең таралғандығын және ортодоксальды Д.-лардың басында міндетті түрде бас шошақ келген бас киім, етегі көлбіреген жейде, жағасыз шапан болғандығын жазады.

Д.-лар шұғадан жасалған, сан алуан өрнек кестеленген, астары бөз, жиегіне қара шашақ төгілген кемер // камар деп аталатын белбеу буынған. Ертеде диуаналар шошақ бөрік, жыртық-жамау шапан киіп, кемер белбеу буынып, қолына асатаяқ пен дорба алып ел кезген.

Ихрам (сөзбесөз мағынасы «тыйым»)– қажылар киетін айрықша киім. Ерте заманнан бері ихрам қажылықтың айрықша белгісіне айналған. Қажылық ғибадатқа кірер алдында адамдар киімдерін ауыстырып ихрам киеді. Ихрам киген адамның бәрі бірдей саналып, кем-кетікті елемей, дүниенің келеңсіз жағдайларынан алыстап, тек ғибадатқа ғана көңіл бөледі.

Дастар – арнайы істелген сәлде тектес бас киім. Жанда, мелде, сәлделер басқа мәдениеттің артефактілері болғандықтан, қазақтың дәстүрлі ұлттық киімдері санатына қосылмайды.

Әдеб: Валиханов Ч.Ч. О мусульманстве в степи. Собрание сочинений. Т.4. Алма-Ата: КСЭ., 1985; Рассудова Р.Я. К истории одежды среднеазиатского духовенства // Памятники традиционно-бытовой културы народов Средней Азии, Казахстана и Кавказа. Л., 1989; Тримингэм Дж. Суфийские ордены в исламе (пер. с англ. О.Ф.Акимушкина). М.: Наука, 1989; Өсерұлы Н. Мұсылмандық қағидалары. Алматы: Өнер. 1994; Нуртазина Н.Д. Ислам в истории средневекового Казахстана (историко-культурологическое исследование). Алматы: Фараб, 2000; Ибайдуллаева З.Ө. Қазақ халқының құрамындағы қожалар (тарихи- этнографиялық зерттеу). Тарих ғылым. канд. дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның қолжазбасы. Алматы, 2001; Сұлтанов Т.И. Қазақ хандығының тарихы. Алматы: Мектеп, 2003; Мұстафина Р. Қазақи ислам // Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. 1-том. Алматы: Арыс, 2005; Әжіғали С., Оразбек Е.  Қазақтардың дінге сенгіштігі // Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. 1-том. Алматы: Арыс, 2005; Уәлиұлы Н. Жаңа басылымның танымдық тағылымы (ҚР МОМ киім-кешек ғылыми каталогы туралы) // ҚӘ. 2011. 5-мамыр. №17.

 

«Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі»

 

Ұқсас материалдар