Қандастар Ассамблея

Иран ғалымдары қазақтар туралы

25.08.2014 2575
Иран ғалымдары қазақтар туралы

Иран қазақтары туралы жазған иран ғалымдарының ішінде Иран Ұлттық университеті, Тарих ғылыми-зерттеу институтының директоры, тарих ғалымдарының докторы, профессор Парвиз Рəжəби Мырза болды. Ол Тегераннан арнайы қазақтар тұратын Горган, Бəндəр-Түркімен, Гүмбез- Қауыс қалаларына келіп қазақтың тұрмыс тіршілігімен танысты. Оның 1975 жылы «Тамаша» журналында қазақтар жайлы көлемді мақаласы суреттерімен «Кешегі қонақ, бүгінгі қонақ иесі» деген атпен жарық көрді. Осылайша, қазақ қауымы ресми түрде Иран еліне танылды. Аталған мақала келесі зерттеулерге негіз болды.

Тегеран қаласында орналасқан Өнер университетінің Фольклортану кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Жабыр Əнасори мені қазақтардың өнері мен этнографиясы жайында лекция оқуға аталған университетке шақырды. Менің тыңдарманым кино саласының білімгерлері мен іздену-шілері еді. Кейінірек менің оқыған лекцияларымды «Аида Инче Дəргаһи» режиссерлық диплом жұмысына негіз етіп, қазақ этнографиясы хақында «Арай» атты деректі фильм түсірді, «Арай» фильмі Тегеранның халықаралық фильм фестиваліне қатысып, жүлделі орынға ие болды.

Иранда қазақтың ұлттық ерекшеліктері Иранның ғалымдарын қызықтыра түсті. Сондықтан фольклортанушы ғалым Мəнсур Кияи қазақ этнографиясын тереңдей зертте- уге кірісті. Оның қазақтар туралы жазбалары 1983 жылдан басталды. Бірақ, зерттеу жұмыстары түрлі себептерге байланысты кейінгі жылдары «Өнер жəне халық» атты журналдан шыға бастады. Атап айтқанда «Иран қазақтары, құда түсу жəне үйлену тойы» жəне «Қазақтар, туыстық пен əйел алу арасындағы ереже» атты мақалалары жарық көрді.

Иран қазақтары жайлы бұрынғы Түркиялық дінтанушы Халифа Алтай да естеліктер жазып, Түркия басылымдары мен “Алтайдан ауған ел” атты кітабында жариялаған.

Иранда тұратын қазақ оқымыстылары да 1980 жылдардан бастап мəдениет пен əдебиет саласында еңбектене бастады. Қазақ мəдени қоғамын құрды. Қазақтың өнері мен əдет-ғұрпын таныстыру мақсатында көптеген жобаларды іске асырды. Мəселен «қазақ мəдени қоғамы» ресми түрде тіркеліп үлгермеді. Дегенмен төрт жыл бойы қазақ оқымыстыларының, Ақсақалдарының қолдауымен көптеген мəдени шара атқарылды. Қазаққа қатысты деректі фильмдер, қазақ тілін үйрету, салт-дəстүрін жаңарту сияқты жұмыстар алынып іске асты. Соның бірі мүмкіндігімізше қолда бар əдебиеттерді пайдалана отырып «Қазақ тілін үйренейік» атты төте жазу, кирилица жəне парсы тілі негізінде шағын тілашар жасап, жастар арасына тараттық. Ақберді Жеменей сынды белсенді жастар қазақ тілінің оқытушысы болды.

Бүгінгі таңда өкінішке орай қазақтың ұлттық құндылықтарын сақтауға белсенділік танытып жүрген азаматтардың сапы сиреп барады.

Ислам Жеменей "Иран және иран қазақтары"

 

Ұқсас материалдар