Қандастар Ассамблея

Инцепционизм немесе нейрожелілер салған туындылар

02.02.2016 4038
Google блогында зерттеушілер тобы жасанды нейронды желілер сурет салып үйренгендігін жариялады.

Google блогында  зерттеушілер тобы жасанды нейронды желілер сурет салып үйренгендігін жариялады. Бұл үшін сурет танып білуге арналған нейрожелілер қолданылды: олар көрсетілген суретте қандай нысандар салынғанын анықтап, өздерінің керемет нұсқасын шығарып береді екен.

Ақпарат үшін:

Нейрожелі – бұл үйрене алатын жүйе. Ол тек ұсынылған алгоритмдер мен формулалармен емес, өткен тәжірибені қоса жұмыс істейді. Бұл жүйенің жұмысы пазл құрастырған сайын қателіктерін қайталамауға тырысатын кішкентай баланың жұмысы секілді.

Бұндай нейротораптар қатарынан жұмыс істейтін 10-30 байланысқан қабаттан тұрады: олар суретті көрген соң, сараптамалар қорытындысын келесі қабатқа жібереді. Мысалға, бірінші қабаттар суреттің шетін анықтаса, ортаңғы қабаттар туындының ерекшеліктерін таниды (мысалы, есік, жапырақ), ал соңғылары барлық анықтамаларды біріктіріп, суретте не бейнеленгендігіне қорытынды жасайды – мысалы, ғимарат немесе ағаш.

«Картина» алу үшін зерттеушілер нейронды желілерді кері бағытта жұмыс істетеді: олар торапқа кездейсоқ шуды(шум) көрсетіп, соның ішінен белгілі бір нәрсені тауып беруді сұрайды. Мысалға, нейрожеліге шудың ішінен банан, құмырсқа немесе теңіз жұлдызын көрсетуді сұрасаңыз, ол шындығымен суретті қалауыңызға қарай дұрыстап береді.

Бұл процесстің мақсаты – нейрожелі нысандарды дұрыс анықтайтындығын тексеру. Мәселе, нейрожелілер шексіз мысалдардың негізінде үйренеді. Олар өзге нәрселердің ішінен шанышқының төрт тісін, ұстайтын қолын танып үйрену үшін нейрожеліге шанышқының мың суретін көрсету керек.

Гантельді танып білу өзгеше өтті. Нейрожеліге гантельді әрдайым көтеріп тұрған қолмен көрсеткендіктен болар, нейроторап гантельдің суретін салу кезінде төмендегідей нәтиже көрсетті.

Зерттеушілердің айтуы бойынша нейрожеліге не салу керектігін айтпауыңызға да болады. Өзі шешім қабылдасын дейді. Мысалы бір суретті алып, нейрожелілердің бір қабатына көрсетеміз. Суретте тапқан нәрсесін айқынырақ көрсетуге сұраймыз. Әр қабаттың өз абстракция деңгейі болғандықтан бір суреттен сан түрлі сурет шығаруға болады.

Айта кетсек, суреттің шеті мен нысандардың салыну бұрышын анықтайтын бастапқы қабаттар суретке қарапайым өрнектер салып береді.

Ал күрделірек қабаттар көрсетілген суреттен қандай «туынды» шығарып беретінін төмендегі мысалдардан қарап көріңіз.

Ғалымдар таңғажайып суреттер алу үшін алдымен нейрожеліге сурет көрсетіп, кейін өзі шығарып берген туындыны кері өзіне тағы көрсетті. Солай қайталай беріп, адам ойына кірмейтін керемет суреттер пайда болды. Таныс болыңыздар!


Айсауле Нұрлыбек

 

Ұқсас материалдар