Қандастар Ассамблея

Ил-2: Әлемдегі ең көп шығарылған ұшақ

11.11.2014 7989
Ил-2 ұшағы туралы негізгі деректер

Ил-2Ұлы Отан соғысы жылдарында кең пайдаланылған кеңестік шабулшы ұшақ. Машина аты конструкторы – Ильюшин Сергей Владимирұлы құрметіне қойылған. Тарихтағы ең көп шығарылған соғыс ұшағы. Жалпы саны – 36 мың. Кеңес әскерінде Ил-2-ге «бүкір» (фюзеляжының сұлбасына байланысты) атауы берілген. Ал, ұшақты құрастырушылар «ұшатын танк» деп атаған. Оның маневр жасау қиындығы мен қалқанының берік болуына байланысты неміс ұшқыштары оны Betonflugzeug – «бетонды ұшақ» немесе Zementbomber «цементтік бомбылаушы» деп атаған.  

Ил-2 (екі орынды) ұшағы

Ұшақтың аспанға бірінше рет шарықтауы 1939 жылы 20 желтоқсан күні болды. Ил-2-ні алғаш рет (1941 ж. ақпан) сериялы түрде Воронеж қаласының № 18 зауыты шығара бастаған. Сонымен қатар ұшақ Куйбышев және Мәскеу қалаларында шығарылған. Аз уақыт аралығында Ленинград және Төменгі Тагил қалаларында құрастырылған. Ұшақ өндірісі 1945 жылы аяқталды.

 

Пайдаланылуы

Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес Одағы әскерінің негізгі ұрыс ұшықтары қызметін атқарған. КСРО Әскери әуе күштері және Әскери теңіз флотында, Болгария, Чехословакия, Польша, Моңғолия, Югославия Әуе күштерінде пайдаланылды. Ил-2 1954 жылы эксплуатациядан шығарылды. Бірақ Ил-2-нің түбегейлі модификациясы болған Ил-10 ұшақтары 1962 жылы ғана істен шығарылды. Әлі күнге дейін Ил-2 және оның модификацияларының бірнеше данасы оқу жаттығу ұшақтары, тарихи экспонаттар ретінде қолданылады.

 

© patriotcenter.ru/Andrey_18

Ил-2 шабуылдаушы (штурмовик) қызметін атқарған. Жердегі және судағы нысандарды жоюға арналған. Негізгі тактикасы: 400-1000 метрлік биіктіктен шабуыл жасау. Сонымен қатар 10-50 метрлік биіктіктен тіке шабуылда кең таралған. Жаудың тірі күші мен техникасын жоюда жоғары көрсеткіштерге жеткен. 1943 жылдан бастап танктерге қарсы арнайы снарядтардың пайда болуы, Ил-2 тиімділігін арттыра түсті. 1941-1945 жылдар аралығында Кеңес әскері 23,6 мың Ил-2-ні жоғалтты. Оның тек 12,4 ғана шабуылдан жойылса, қалғандары машинадағы ауытқуларға байланысты болды.

 

Сипаттамасы (басқа нұсқалары ескерілмеген)

Техникалық сипаттамасы

Ұшқыш: 1

Ұзындығы: 11,6 метр

Қанатының ұзындығы: 14,6 метр

Биіктігі: 4,17 метр

Қанатының көлемі: 38,5 шаршы метр

Ұшақ салмағы: 3990 кг (құрал-саймандармен 5310 кг)

Қосымша алуға болатын жүк: 1320 кг

Жанармай көлемі: 470 литр

Ұшу сипаттамасы 

Жылдамдығы: 450 км/сағ

Ұшу биіктігі: 2460 метр

Ұшу қашықтығы: 638 км

Жерден көтерілу жылдамдығы: 10 м/с

 

Қару-жарығы

Пулемет: 2х20 мм 210 оқ; 2х7,62 мм 750 оқ

Ракета: 8х РС-82 немесе РС-132

Бомба: 400-600 кг

 

Модификациялары:

Ил-2 (бір орынды)

Ил-2 (екі орынды) 

Ил-2 АМ-38Ф 

Ил-2 КСС

Ил-2 М-82(Ил-4) 

Ил-2 ШФК-37 

Ил-2 НС-37 

Ил-2 НС-45

Ил-2Т

Ил-2 ұшақтары туралы видео

 Ил-2 КСС ұшақтары

Ил-2 ұшағында соғысқан Кеңес Одағының батырлары (екі мәрте) 

 

Өмір жылдары

Жауынгерлік ұшу (вылет)

Алексенко Владимир Аврамович

(1923-1995)

292

Андрианов Василий Иванович

(1920-1999)

177

Беда Леонид Игнатьевич

(1920-1976)

214

Бигелдинов Талғат Жақыпбекұлы

(1922-2014)

305

Бондаренко Михаил Захарович

(1913-1947)

218-ден аса

Брандыс Анатолий Яковлевич

(1923-1988)

227

Воробьев Иван Алексеевич

(1921-1991)

300-ден аса

Гареев Муса Гайсинович

(1922-1987)

250 шамасында

Голубев Виктор Максимович

(1916-1945)

257

Ефимов Александр Николаевич

(1923-2012)

222

Кунгурцев Евгений Мксимович   

(1921-2000)

210-нан аса

Мазуренко Алексей Ефимович

(1917-2004)

300 шамасында

Михайличенко Иван Харламович

(1920-1982)

179

Мыльников Григорий Михайлович

(1919-1979)

223-тен аса

Мыхлик Василий Ильич

(1922-1996)

188

Недбайло Анатолий Константинович

(1923—2008)

219

Одинцов Михаил Петрович

(1921—2011)

215

Павлов Иван Фомич

(1922—1950)

193-тен аса

Паршин Георгий Михайлович

(1916—1956)

253

Прохоров Алексей Николаевич

(1923—2002)

238

Семейко Николай Илларионович

(1923—1945)

227

Сивков Григорий Флегонтович

(1921—2009)

247

Степанищев Михаил Тихонович

(1917—1946)

234

Степанян Нельсон Георгиевич

(1913—1944)

239

Столяров Николай Георгиевич

(1922—1993)

180-тен аса

Челноков Николай Васильевич

(1906—1974)

270

Авторы: Алихан Азаматов

Ұқсас материалдар