Қандастар Ассамблея

Геннадий Головкиннің қанатты сөздері

13.04.2016 5258
Атақты чемпионымыз бүгін 34 жасқа толып отыр

8 сәуір күні WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (34-0, 31 КО) туған күні. Атақты чемпионымыз 34 жасқа толғалы отыр. Оның алаңдағы жеңістері Қазақстан халқына мақтаныш сезімін сыйлайды, ал кішігірім балалар атақты боксшыға еліктеп, спортпен шұғылданып бастайды. Осыған орай, әлем чемпионының БАҚ-дарына берген сұхбаттарынан алынған қанатты сөздерін оқи отырыңыз.

  • Мен боксты таңдаған жоқпын, бокс мені таңдады.
  • Шаршы алаңнан басқа жерде мен қарапайым жігітпін.
  • Алғашқы жекпе-жегімде мен жеңіліп қалдым. Ол жеңіліс менің рухымды басқан жоқ. Керісінше осыдан кейін тынбай жаттығу жасай бастадым.
  • Жастық шағымда көп төбелестім. Көшедегі әр төбелесте өзіңнің мықты екеніңді дәлелдеу керек болатын.
  • Мен қарапайым шахтердің отбасынан шықтым. Дегенмен, әке-шешемді, туған қалам — Қарағандыны мақтан тұтам.
  • Мен әкем үшін жұдырықтасамын. Әр жекпе-жегімді сол кісіге арнаймын.
  • Талант — адамның соры. Талантты адам белгілі бір деңгейден ары аса алмайды. Өмірде еңбекқор әрі төзімді адам көп жетістікке жетеді.
  • Мені «қорғанысқа көңіл бөлмейді» деп ойласаңыз — қателесесіз. Бұл қарсыластың мысын басу үшін жасалатын тактика.
  • Маған ерекше әсер қалдырған адам — жұбайым.
  • Кез-келген қарсыласты жеңуге болады.    

Алмас САУДАНБАЙ

Ұқсас материалдар