Қандастар Ассамблея

Галина Воскобоева Тунистегі ITF турнирінің финалына жолдама алды

16.05.2016 1695
Жүлде қоры 25 мың долларды құрайтын Ла Марста ITF турнирі

Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Тунисте өтіп жатқан жүлде қоры 25 мың долларды құрайтын Ла Марста ITF турнирінің финалына өтті.

Осыған дейін үлкен шлем турнирінің жартылай финалында, жастар арасында ең үздік бес теннисист қатарына кірген спортшының үлкен жарыстағы алғашқы финалы. Алты жасынан бастап тенниспен шұғылданатын Қазақстандық спортшы, өзінің бұл жарыстан тек бірінші орын алуды мақсат тұтатынын жазды. Галинаның айтуынша ол хард төсемінде сәттірек өнер көрсетеді. Ал ақтық сында Галина Воскобоева 21 жасар ресейлік спортшы Виктория Канмен кездеседі. 

Айта кетейік, Воскобоева алғашқы айналымда бразилиялық Лаура Пигоссиді (6:1, 6:4), екінші айналымда канадалық Петру Джанускованы (3:6, 7:6, 6:2), ширек финалда ресейлік Виталия Дьяченконы (6:4, 6:4), ал жартылай финалда француз спортшысы Шеразад Рейхті 6:3, 6:7 (6), 6:2 есебімен жеңді. 


Алмас САУДАНБАЙ 

Ұқсас материалдар