Қандастар Ассамблея

Гүлшара Әбдіқалықова: Асқақ мұратпен астасқан жолдау

17.11.2014 3659
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Нұрлы Жол – бола­шаққа бастар жол» Жолдауын халыққа жариялай отырып, өзі­нің стратегиялық көрегендігін тағы да айрықша паш етті.

Бүгінгі таңда біз жаһандық ауқымда, сонымен бірге, әлем­нің жекелеген елдерінде орын алып жатқан түрлі дүниежүзілік, өңірлік және ішкі қыр көр­сету­лердің, тәуекелдер мен қауіп-қатерлердің куәгерлері әрі қа­тысушылары болудамыз. Қазақ­стан Республикасы әлемдік кеңіс­­тіктегі маңызды геосаяси ойын­шы ретінде, әлбетте, аталған үдерістердің белсенді қатысушы­сына айналуда.


Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Нұрлы Жол – бола­шаққа бастар жол» Жолдауын халыққа жариялай отырып, өзі­нің стратегиялық көрегендігін тағы да айрықша паш етті. Президент алдымызда әлемдегі ахуалды түбегейлі өзгертетін жаһандық сынақтар күтіп тұрғанын алдын ала сезеді.

Аталған қауіп-қатерлердің алдын алу мақсатында Мемле­кет басшысы қолда бар ре­сурстарды, тетіктерді және мүм­кін­діктерді шұғыл жасақтауға жағдай туғы­затын Жаңа Экономикалық Саясатты алға тартты. Бұл шешім­ді мен Американы Ұлы күйзелістен алып шы­ғуға мүмкіндік берген өзінің әйгілі Жаңа бағы­т­ын ұсын­ған АҚШ пре­зиденті Фран­клин Дела­но Рузвельттің праг­ма­ти­калық саясатымен және белгілі реформатор Дэн Сяопиннің терең бас­тамаларымен түпкі нәтижесінде елді әлемнің Екінші экономикасы мәр­тебесіне көтерген Қытайдағы терең өзгеріс­термен ғана бір қатарға қоя аламын.

Әлеуметтік салада қызмет еткен адам ретін­де Жолдаудың әлеу­мет­тік жан-жақты бағдарлылығын атап көрсеткім келеді.

Жолдаудың «Нұрлы Жол» деп аталуының да өзіндік мәні бар. Президент біздің баршамызға жарық, шұғылалы әрі ашық жол нұсқап отыр. Халықтың еңбекпен қамтылу деңгейін өсіруге жол ашатын инфрақұрылымды дамы­туға, жаңа жұмыс орындарын ашуға екпін берілді. Нәтижесінде, біз отандық экономиканың дамуының қозғаушысына айналатын әуе жолынан бастап автомобильге дейінгі көлік магистралінің тұтастай жүйесін құрамыз. Тек жол құрылысының өзінен 200 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Жолдауда басты орын адам­дарға жан-жақты қамқорлық жасауға, өмір сапасын жақ­сар­туға, тұтастай алғанда, қазақ­стандықтардың әл-ауқатын ны­ғайтуға беріліп отыр.

Осыған орай, Жолдаудағы жалға берілетін әлеуметтік тұр­ғын үйді дамыту туралы ережені айрықша атап өткім келеді. Бұл қадам бүгінде ел халқының ширегінен астамын құрайтын Қазақстанның болашағы – жастарға деген қамқорлыққа бағытталған.

Бұл қазіргі әлемде теңдесі жоқ ерекше мемлекеттік шешім. Жаһандық экономикалық өсім бәсең тартып, жұмыс орындары қысқарып жатқан қазіргі жағдайда  біздің елімізде Мемлекет бас­шы­сының стратегиялық көре­ген­дігінің арқасында даму мен өр­кендеудің бұрын-соңды болма­ған бағдарламасы – Жаңа Эко­но­микалық Саясат қарқын алмақ.

Бұл бағдарламаның мақсат­тары, міндеттері мен мазмұндық деңгейі ең дамыған елдердегі осы тақылеттес құжаттар өлшемімен толық сай келетінін атап өткен орынды. Мен «Нұрлы Жол» бағ­дарламасы Қазақстанның ал­да күтілетін «Экономикалық Ма­риан шұңғымасын» бағындыруға мүм­кіндік туғы­затынына сенім­дімін.

«Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын іске асыру, сөзсіз, индуст­риялық-инно­вация­лық экономиканы одан әрі терең­детуге, әлеуметтік инф­ра­құры­лымды сапалық жағынан одан әрі дамытуға, осы арқылы қа­зақстандықтардың өмір сүру сапасын түпкілікті жақсартып, Елбасымыз алға қойған әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қа­тарына қосылу туралы басты мақсатты жүзеге асыруға барын­ша жағдай туғызатынын да қоса айтқым келеді.

 


Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА,

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.

Ұқсас материалдар