Фирдоуси ұрпақтарының мәдениеті

02.02.2015 8369
Жалпы, тәжік халқы туралы айтқанда, ең алдымен тіл үйірер палау, сұлу да ұяң тәжік қыздары мен тәжік жастарының көңілді билері ойға оралады.

«Енді мәңгі өлмеймін мен, тірімін, Жырдан шашу шашқан өлең пірімін...» - деп жырлаған Фирдоуси бір ғана «Шахнаме» дастанымен артына теңдессіз мұра қалдырды. Осынау бай мұраға ие тәжік халқының мәдениеті қазаққа таңсық емес.

 

Түрлі ұлт пен ұлыстың мәдениеттерін тоғыстырған қазақ жері салт-дәстүрге бай мемлекет екені белгілі. Соның бірі – тәжік мәдениеті. Мақала жазуға кіріспей тұрып, Жамбыл облысының тәжік этномәдени бірлестігіне хабарласып, материалдар сұратқан болатынмын. Этномәдени бірлестіктің төрағасы Алижон Мулладжанов шығыс халықтарына тән сыпайылықпен өтінішімді асықпай тыңдап, мейлінше қолдау көрсетті.

 

Жалпы, тәжік халқы туралы айтқанда, ең алдымен тіл үйірер палау, сұлу да ұяң тәжік қыздары мен тәжік жастарының көңілді билері еріксіз ойға оралады. 

Тәжік палауының ең басты айырмашылығы – күріштің сорты мен дайындау тәсілінде.

Үлкен жиын-тойларда, палауды дәу қазанға пісіреді. Әдетте ондай палауды ер адамдар дайындайды.

Егер үй жағдайында, отбасыңызға арнап тәжік палауын пісіргіңіз келсе, мына рецептіні ұсынамыз:

Девзира күріші – 600 гр.

Сәбіз – 600 гр.

Пияз - 2 дана

Сарымсақ - 2 дана

Қой еті - 600 гр.

Зире - 1 шәй қасық

Тұз және күнбағыс майы.

Қазанға күнбағыс майын құйып, әбден қыздырамыз. Қызып тұрған майға туралған пиязды салып, пияз қоңыр түске боялғанша қуырамыз. Туралған қой етін саламыз (етті салған кезде бірден араластыруға болмайды). Еттің суы таусыла келгенде, қазанға туралған сәбіз саламыз. 

5-7 минуттай сәбізді қуырып, 500 мл. қайнаған су құямыз, дәмін келтіру үшін тұз себеміз (тұзды көбірек себу керек, өйткені артынан күріш судағы тұзды өзіне сіңіріп алады).

Қазандағы су қайнаған кезде, алдын-ала салқын суға жуылған күрішті саламыз да ортасына тұтас сарымсақты батырып қоямыз (су күрішті 1,5-2 см.-дей жауып тұруы керек). 10-12 минуттан соң күріштің бетіне зирені сеуіп, бу шықпайтындай етіп қазанның қақпағын орамалмен жауып қоямыз. Бәсең отта 20 минуттай бұқтырамыз. 

Тәжік биі шапшаңдықты, майысуға икемділікті қажет ететін қиын да күрделі би. 

Мұнда әрбір қимыл-қозғалыс дәл орындалуы керек. 

Ұлттық аспаптардың сүйемелдеумін орындалатындықтан ырғақты әрі көңілді болып келеді.

Кейбір суреттер мына сайттан алынды, барлық суреттерді көру үшін келесі сілтемемен жүріңіз. 

Тақырып бойынша мақала: Тәжіктердің салт-дәстүрлері.

Материалды дайындаған: Қаламқас Нұрмақова

Ұқсас материалдар