Қандастар Ассамблея

Финалда жиі сүрінген Баллак!

15.04.2014 3180
Германия құрамасының экс-капитаны Михаэль Баллак ФИФА-ның ресми сайтына өзінің футболдағы керемет карьерасын, болашақ жоспарлары және Германиядағы жас таланттар мен алда болатын әлем чемпионаты жайлы арнайы сұхбат берді.

Германия құрамасының экс-капитаны Михаэль Баллак ФИФА-ның ресми сайтына өзінің футболдағы керемет карьерасын, болашақ жоспарлары және Германиядағы жас таланттар мен алда болатын әлем чемпионаты жайлы арнайы сұхбат берді.

Баллак жаңа ғасырдағы Германияның ең үздік ойыншыларының бірі. Ол Германия құрамасы сапында ұзақ жылдар өнер көрсетті, команда капитаны болды. 2002 жылғы әлем чемпионатында күміс, 2006 жылы өз елінде өткен біріншілікте қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ, «Euro-2008» турнирінің финалына дейін жетті. Клубтық деңгейде «Кайзерслаутерн», «Байер», «Бавария», «Челси» командаларында табысты ойнады. Үш рет Германияның үздік ойыншысы атанды. 2004 жылы ФИФА-ның 100 жылдығына байланысты футбол каролі Пеле түзген әлемнің ең атақты 125 футболшының қатарына енді («ФИФА 100»).

Сіз 2012 жылы ойыншы ретінде футболдағы карьеранызды аяқтап,  жарты жылдан  соң қоштасу матчын өткіздіңіз. Бұл матчқа әлемнің атақты ойыншылары қатысты. Футболды қаншалықты сағындыныз?

– Менің бұл жағынан жолым болды. Өз-өзіме жылдам келе алдым. Ұзақ уақыт кәсіби футолшы болғаннан кейін ол өте маңызды. Жас кезде футбол үшін көп нәрсені құрбандыққа шалуға тура келді. Сол арқылы керемет әсер де аласын. Өз қолтаңбанды қалдырасын. Ал бір күні  ұйқыдан тұрған кезде енді футбол ойнамайтынынды сезгенде, тіпті не істерінді білмей қаласың. «Әрі қарай не болады»? деген сұрақтар көкейінді жегідей жиді. Қайта менде бұл жағынан мәселе туындамады. Өзімде  аздаған уақыт алып, демалу жайлы жоспарлап жүрген болатынмын. Оның барлығы өткенінді сараптап, футболға жаңа қырыннан оралуға өз септігін тигізеді.

– Футболдан қол үзгеннен кейінгі өміріңізді қалай елестесіз, қандай ойларыңыз бар?

– Өз-өзімді қатты қинағым келмейді. Дәл қазір қандай бір шешім қабылдайтын ойым жоқ. Футболдан тыс шаруалармен айналысып жүрсем де, өзімді бақытты сезінемін. Әрине, футбол менің өмірімнің бір бөлшегіне айналғаны ақиқат.

Екі айдан соң, Бразилияда әлем чемпионаты басталады.  Футбол мемлекеті саналатын елде өтетін турнирден не күтесіз?

– Бірінші кезекте керемет футбол думанын күтемін. Бразилия халқы қонақжай әрі олар футболмен ауырып, футболмен тыныстайды.  Футболды шексіз жақсы көреді. Барлық жанкүйерлер стадионнан, теледидардан, көшедегі экрандардан әлем чемпионатының аурасын сезінеді деп күтемін. Бразилия халқы футбол көргенде эмоцияға қатты беріледі. Бұл дегеңіз үлкен рөл атқарады. Сондықтан фанатасикалық әлем чемпионатын күтуге толық қақымыз бар деп ойлаймын. 

– 2006 жылы Германия құрамасының көшбасшысы болдыңыз. Өз жерінде өтетін әлем чемпионаты ойыншыға қалай әсер етеді?

– Мұның бәрі ойыншының жеке шеберлігіне байланысты болады. Бізде көптеген футболшылар жоғары деңгейде ойнай алды. Ал биыл Бразилияның сапынан әлем чемпионатында бірнеше экстра-классты ойыншыларды көретін боламыз. Бір жағынан қарасаңыз, олардың бірде-біреуі ешқашан өз жеріңдегі әлем чемпионатында өнер көрсетіп көрмеген. Футболшылар турнирдің жақындап келе жатқанын жақсы түсінеді. Сондықтан барлығына дайын болу қажет. Ол әрине оңай емес. Дегенмен, бразилиялықтар жоғары деңгейлі ойын көрсетеді деп ойлаймын. Мамандар, бапкерлер ұлттық құрамаға өз ісін тыңғылықты орындайтын деңгейі жоғары ойыншыларды шақырады деп ойлаймын. Бұл жекелеген футболшыларға да қатысты. Бразилия құрамасы қандай қысымға болсын төтеп беруі тиіс. Әлем чемпионаты бұл футбол тойы. Сондықтан адамдарға жақсы көңіл күй сыйлауы керек.

– Бразилия өз елінде өтетін әлем чемпионатын ұтуға қауқарлы ма?

– Иә! Соңғы жылдары ұлттық құрамасы аздаған қиындыққа тап болды. Дегенмен, бразилиялықтардан көп нәрсе күтуге болады. Былтыр жазда Конфедерация Кубогында өз жерінде қалай ойнайтындарын бүкіл әлемге дәлелдей алды. Әлем чемпионатын ұтуға үміткер құрамалардың арасында  Луис Фелипе Сколари шәкірттері басты фаворит.

– Германия құрамасы да басты жүлдеден үміткерлердің бірі. Сіздің ойынызша, Германия турнирдің соңына дейін жетуге қаншалықты дайын?

– Оңтүстік Америкада жетістікке жету өте қиын. Ешқандай еуропалық құрама бұл құрлықта әлем чемпионы атанып көрмеген. Ал қазір жағдай тіпті оңай емес. Испания мен Германия – өзге құрамалармен салыстырған деңгейі мүлдем бөлек. Соңына дейін шыдап күтуге тура келеді. Команда сапында таланттар жетерлік. Германия құрамасында соңғы жылдары алға жылжуда үлкен прогресс байқалады. Сондықтан мундиалдың бас жүлдесіне үміткерлердің арасында болуға олар әбден құқылы. Бұл жерде маңызды ойын – жартылай финал мен ақтық сын. Егер, сол екеуін ойдағыдай аяқтап, сәттілік біздің жақта болса, чемпион атанады. Құрамада кез-келген уақытта матч тізгінін өз қолына ала-алатын мықты ойыншылар жетерлік. Маған  негізі басқа құрамалардың ойыны қызық болайын деп тұр. Ал Германияның сөз жоқ әлем чемпионатын ұтуға мүмкіндігі жетерлік.

– Неліктен Германия құрамасы соңғы бірнеше турнирде жеңіске жете алмай келеді?

– Бұл жерде чемпион атануға бірнеше фактор жетіспейді. Атап айтар болсақ, біріншіден жеңіске деген жігер мен командалық рух қажет.  Сондай-ақ, жекелеген ойыншылардың шеберлігі мен сәттілікте өз рөлін ойнайды. Сонымен қатар, тәжірибе керек. Биыл мысалы, Испания құрамасынан соны көруге болады. Оларда тәжірибелі футболшылармен қатар жаңа ойыншылар да жетерлік. Жастардың жеңіске деген құштарлықтары әрқашан жоғары болады. Оның барлығы ірі турнирлерде әсер етеді.

Ал Германия құрамасының ойыншыларының басқа турнирлерде тәжірибесі жоғары. Көптеген футболшылар «Бавариямен» Чемпиондар лигасында жеңіске жетті немесе «Боруссия» сапында финалда өнер көрсетті. Бұл өте қажетті тәжірибе. Оның барлығы әлем чемпионатында керек болады. 

– Германия құрамасының топтық кезеңдегі қарсыластары – Гана, АҚШ, Португалияның мүмкіндігін қалай бағалайсыз?

– Әлбетте, оңай емес. Германия фаворит болғанымен қалпақпен ұрып аламыз деп айта алмаймын. Бұл топта барлығы бірдей. Португалия – Еуропадағы мықтылардың бірі болса, Гана Африка құрлығында үздік. АҚШ-ты Юрген Клинсманн жаттықтырғалы бері өзгеріс байқалады. Олар әрқашан физикалық жағынан жақсы дайындалып келеді. Бәрібір, Германия келесі кезеңге өтеді деп ойлаймын.

– Ал жеке өз көзқарасыңыз бойынша кімді фаворит санайсыз?

– Мен соңғы кездері жақсы өнер көрсетіп жүрген құрамаларды айта аламын. Испания – қазіргі әлем чемпионы. Италия Германия үшін қашан да бас ауыртатын проблема. Францияның іріктеу циклінде көптеген мәселері болды. Сондықтан оларды әлем чемпионатының бастапқы ойындарына қарап қана айта аламын. Оңтүстікамерикалық командалар, әсіресе, Аргентина мен Чилиден тосын сый күтуге болады. Олар Бразилияда өнер көрсеткенде, өздерінің елдерінде ойнап жатқандай сезінеді.  

– 2002 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында осы турнирдегі екінші сары қағазды алып, финалға қатыса алмадыңыз. Арбитр сізге ескерту қағазын көрсеткенде, қандай көңіл күйде болдыңыз?

– Мұндай жағдай орын алғанда қалған өмірің қара түнекке айналғандай сезінесің. Не болып жатқанын өзің де түсінбей қаласың. Мен ол кезде аң-таң болдым. Бірақ, командамен бірге тойлап, финалдағы ойынға жеңіс тіледім. Кейін бір апта, бір ай, тіпті, бір жыл өткенде осындай турнирдің финалына дейін жетіп қатыса алмағынынды ойласаң барлығын түсінесің. Шыны керек, сол кезде жолым болмады. Футболда ондай жағдайлар болып тұрады. Ондай сәтте кәсіби футболшы екеніңді есіңе түсіріп, барлығын қабылдауға даяр болуың тиіс. Мұндай жағдай орын алған соң, өз-өзіне келу әсте оңайға соқпайтыны анық.

– Сіздің керемет футбол жылнамаңызда бірнеше бапкерлер болды. Қайсысын жаныңызға жақын деп айта аласыз?

– Менің бұл жағынан жолым болды. Әрқайсысынан өзіме керегімді алдым. Футболды енді бастаған кезде бапкердің айтқандарына бейімделу жағы оңай болады. Ал отыз жасқа толғанда сен кәсіби ойыншы атанасың. Мен Леверкузенде жүргенде Кристоф Даумнан көп нәрсе үйрендім.  Ол кезде карьерамды енді бастаған болатынмын. Чемпиондар лигасы, Бундеслига және ұлттық құрамада жоғары деңгейде өнер көрсете алатын дәрежеге жеттім. Даум өте жақсы маман. Менің осындай жетістікке жетуіме сіңірген еңбегі орасан зор. Сондықтан Кристофқа айтар алғысым шексіз.

– Әлем чемпионатын қай жерден тамашалайсыз?

– Мен  сол кезде Рио-де-Жанейро қаласында ESPN телеарнасында эксперт ретінде жұмыс істейтін боламын. Бұл таңғажайып қала.