Қандастар Ассамблея

Фарук Богапов: «Біздің тамырымыз Қазақстанда және басқаша болғанын елестете алмаймыз»

04.03.2015 1909
Биыл Қазақстан халқы ассамблеясына 20 жыл толғалы отыр. Осыған орай, Қазақстандағы татарлар мен башкирлердің ақсақалдар кеңесінің төрағасы Фарук Богаповпен болған сұхбатты жариялауды жөн көрдік.

Биыл Қазақстан халқы ассамблеясына 20 жыл толғалы отыр. Осыған орай, Қазақстандағы татарлар мен башкирлердің ақсақалдар кеңесінің төрағасы Фарук Богаповпен болған сұхбатты жариялауды жөн көрдік. Ақмола облысындағы татар диаспорасының патриархына арналған Фарук Богапов көптеген жылдар бойы облыстағы татар этномәдени бірлестігін басқарып келді, «Ғалия Бану» ансамблі мен ұлттық-мәдени орталықтың жастар қанатының құрылуына бастамашы болды, татар мәдениеті мен тарихын насихаттауға байланысты әртүрлі жобаларды үйлестіріп отырды.  

– Елбасы ұсынған «Нұрлы жол» жаңа экономикалық стратегиясын қалай қабылдадыңыз?

– Ең алдымен Мемлекет басшысының маңызды нұсқауларын атап өткім келеді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әрдайым қол жетерлік мақсат қояды және оған жетудегі барынша сындарлы әдіс табады. Мен, кәсіби тұрғыда тұрғынүй-коммуналдық қызмет жүйесінде бір кездері жұмыс істеген адам ретінде, Елбасының республикамыздың үлкен қалаларымен шектелмей, шалғайдағы ауыл-аймақтың инфрақұрылымын шешуге деген ұмтылысын жақсы түсінемін.

– Қазақстан халқы ассамблеясы жылы басталды, Сіз үшін 20-жылдық несімен ерекше? 

– Біздің Президент, Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 20 жыл бұрын ішкі саяси тұрақтылық пен экономикалық өсудің негізі ретінде бейбітшілік пен келісімді атап өткенде кезде өзін терең ойлай алатын адам ретінде көрсетті. Бүгінде Қазақстанның модернизацияланған жетістігін бүкіл әлем мойындап отыр және бұған мемлекеттің әділетті этносаясаты мен ұлт және дінаралық біртұтастықтың арқасында қол жетіп отыр. Екі онжылдық бойы Ассамблея өзінің өміршеңдігін дәлелдеп келеді. Біз сырттан келгендер мен жергілікті болып бөлінбейміз, біз бір-біріміз бауыр ретінде қараймыз. Біздің тамырымыз осы жерде және бізге өзге тағдыр керек те емес. Тәуелсіздіктің алғашқы қиын жылдары көптеген адамдар отбасы болып Қазақстанды тастап кетіп жатты, мен ешкімді айыптамаймын. Бәлкім, басқа жерде бұдан да жақсырақ жағдай бар шығар, жаман да жерлер бар, алайда дәл осы Қазақстан жерінде біздің биографиямыз қалыптасты және ол қазақ халқының тағдырымен бірігіп кетті. Біз мұның басқаша болғаны елестете алмаймыз.  

Сіз облыстағы этномәдени бірлестіктердің ең алғашқы жетекшілерінің бірісіз, Көкшетаудағы татар мәдение орталығының бүгінгі өмірі жайлы не айта аласыз?

– Мені біздің жастар шын жүректен қуантады. Үлкендер оларды өздерімен салыстырып, бұзылғандығын айтып жатады, бұл дұрыс емес. Жастарды мақтан тұтамын, олар Қазақстан патриоттарының намысын қажетті деңгейде қорғауда, үлкендерден үлгі ала отырып, ұлттық мәдениет дәстүрлерін жалғастырып отыр. 


Сұхбат алған – Алия AXETOBA, өңдеген – Дәурен Омаров

Ұқсас материалдар