Қандастар Ассамблея

Ежелгі үйсіндер - қазіргі Қазақстан мен оған көршілес аймақтарда іргелі мемлекет құрған байырғы этнос

21.08.2014 3664
Ежелгі үйсіндер - қазіргі Қазақстан мен оған көршілес аймақтарда іргелі мемлекет құрған байырғы этнос

Үйсін ұлысының Жетісуға ауып келе салып тəуелсіз бола кетуі мүмкін емес. “Тек кейінірек шаруашылығы өркендеп, күш-қуаты күн санап зорайғаннан кейін, жарлықты қабылдамай,ғұндарға қол тапсырудан бастартады [ дегеннің əбден жөні бар. Бəлкім бұған да əлде қанша жыл кеткен болар. Тіпті Үйсінге Хəн елшісі Жаң Чян келген кезде де (б. з. б. 119 жыл) Елжау тəңір құттардың қабағына тит- тей де қарап қоймайтын күйге жете алған емес. Қандастық, тілдестік, салттастық, діндестік дегенді былай қойғанда, маңайын қоршаған Ғұн қағанатына бағынды да ниеттес талай баулары тұрса. Сол тізесін басып Ғұн қызы отырса. Өз елі ішінде талай ғұншыл ығай мен сығай жүрсе. Ғұн қағанатымен есептеспейтін, ол жақтың қабағына қарамайтын, дипломатиялық сыйластықты ескермейтін жаққа дереу бара қойған емес, əрине.

Жақып Мырзаханов: “Ежелгі үйсіндер - қазіргі Қазақстан мен оған көршілес аймақтарда (Қырғызстан жəне ҚХР Шынжаңда) іргелі мемлекет құрған байырғы этнос. Олар қазақтың этникалық түп-тегінің ең тереңде жатқан ежелгі тамыры есептеледі. Ғалымдар ежелгі Қытай жазба деректемелеріне жəне археологиялық материалдарға сүйене отырып, ежелгі үйсіндерде мемлекеттік биліктің көшпелі халықтарға тəн едəуір кемелді жүйесі қалыптасқанын, мемлекеттіліктің барлық нышандарының болғанын атап көрсетеді. Мұның өзінің қазіргі Қазақстан жеріндегі мемлекеттіліктің пайда болуы мен қалыптасып, даму эволюциясын зерттеп-білудегі маңызы аса зор” деп дұрыс айтқан. Біз енді осы ұлыстың тарихына, географиясына, мəдениетіне, т. б. жақтарына көз жүгіртіп бағайық.

Дегенмен ғалымдар “Үйсіндердің батысқа ауып Іле өңіріне қоныстанғаннан былайғы саяси, экономикалық жағдайлары, Батыс Хəн, Шығыс Хəн əулеттерімен арадағы қарым-қатынасы жəне т. б. мəселелері əлі де біздің ішкерілей зерттеуімізге зəру тақырыптар болып есептеледі” деп санайды. «Үйсіннама» соған демеу беруді, олқы санаған тұсына толықтамасын айтуды ғана мақсат тұтқан. (Картада Іле дариясының қазіргі жағрапиялық орны көрсетілген).

Реті кеп тұрғасын айта кетерлік бір жайыт - филология ғылымының докторы Ғұбайдолла Айдаровтың мына талдауы. Ол «Күлтегін ескерткіші»деген еңбегінде, “Іле деген өзен, өңір атауының шығу тегі ЕЛ, МЕМЛЕКЕТ, ҰЛЫС ұғымына тіке байланысты сықылды. Бүкіл Батыс Өңірде ірі де күшті елболып тұрған Үйсін ұлысы түрік тіліне ІЛ дегенді ел, мемлекет мағынасымен енгізген секілді” деп өте дұрыс айтқан.

Сұлтан Жанболат, "Ежелгі ұлыс тарихы"

 

Ұқсас материалдар