Қандастар Ассамблея

Эйдзи Тойоданың Toyota басшысы ретіндегі 5 басты жетістігі

05.09.2014 2713
Аңызға айналған Toyota-ның бұрынғы директоры Эйдзи Тойода компаниядағы карьерасын қарапайым механик ретінде бастап, корпорацияның құрметті кеңесшісі ретінде аяқтаған болатын.

Аңызға айналған Toyota-ның бұрынғы директоры Эйдзи Тойода  компаниядағы карьерасын қарапайым механик ретінде бастап, корпорацияның құрметті кеңесшісі ретінде аяқтаған болатын. Корпорацияның құрметті кеңесшісі лауазымы оған 1999 жылға беріліп, ол бұл лауазымда өмірінің соңына дейін болды. Toyota компаниясы Эйдзи Тойоданың арқасында  әлемдік брендке айналды.

Токио университетін инженер-машина жасаушы мамандығы бойынша дипломымен аяқтағаннан кейін, Эйдзи Тойода ағасының Toyoda Automatic Loom Works Ltd фирмасына жұмыс істеуге келді. Фирма автомобиль жасау компаниясы болып трансформацияланды.  Тойоданың көптеген техникалық шешімдері Екінші дүние жүзілік соғыста, әскери машиналарды жасау кезінде іске асты. 

Эйдзи Тойоданың Toyota жетекшісі ретіндегі негізгі бес жетістігі:

1.Toyopet Crown

Соғыстан кейінгі жылдары Эйдзи Тойоданың бақылауымен толық өлшемді «люкс» санатты седан - Toyopet Crown құрастырылды. Бастапқыда такси ретінде қолданылған машина, Жапонияда және Азияның тағы басқа мемлекеттерінде сатылған.

2.«Кайдзен» философиясы

1947 жылы Форд зауытын аралап жүргенде Тойоданы таң қалдырғаны үлкен ауқымдағы жұмыстың кішігірім нәтижелігі. Осы жылы ол Toyota-ның атқарушы директоры болып тағайындалды. Американың автомобиль жасау тәжіриебесін өзгерткен  «Кайдзен» деп аталатын үздіксіз жетілу  философиясының қағидаттарын Тойода корпорацияның жұмысына енгізді. Тойода кезінде бизнес-процесстерді жақсарту үшін концерннің барлық жұмысшыларын, қарапайым қызметкерден бастап директорға дейін тарту ұсынысы бүгін де өз жалғасын табуда.

3.Toyota Corolla

Ол Toyota-ның президенті болып тағайындалғаннан бір жылдан кейін  компания автомобильдері Toyota Corolla моделімен американың нарығына шықты. Машинаны әзірлеу жұмыстарына Эйдзи Тойода тікелей қатысты. Талпыныс нәтижелі болды. 1973 жылғы АҚШ-тағы мұнай дағдарысы кесірінен жанармай бағасы көтерілгеннен кейін шағын Corolla америкалықтар арасында танымал бола бастады.

4.Toyota Way жүйесі

Жеткен жетістікте тоқтамай, Тойода Toyota Way жүйесін жасап, енгізді. Toyota Way – мінсіз ойластырылған логистика негізінде шын мәнісінде қоймасыз жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жүйе.

5.Lexus

Тойода Toyota-ның төрағасы болған кезінде компания басшылығын люкс-санатты машиналарды шығару керек деп сендірді.  1989 жылы Детройдтың автосалонында Lexus LS-тың тұсау кесері өтті. Сол жылдың қыркүйегінде Toyota жаңа автомобилдері Аустралия, Ұлыбритания, АҚШ және Канада елдерінде сатыла бастады. Осының арқасында компания автомобильдерді жасау және сату жөнінен әлемдік көшбасшыға айналды.

Ұқсас материалдар