Қандастар Ассамблея

«Этностардың даму эволюциясы бар, яғни олар пайда болады, дамиды, жетіледі, ескіреді, жойылады»

15.10.2014 2445
Гумилевше айтқанда: Этностардың даму фазалары (эволюциясы) бар, яғни олар пайда болады, дамиды, жетіледі, ескіреді, жойылады.

Тасадан шыға келген шындық түгіл, жай тың сөз де кей құлаққа түрпідей тиеді. Интернеттен алынған, қызу талқы үстіндегі бұл көзқарас əлі де зерделеуді қажет қылады. Бірақ, бізге керегі - бұған сенбеген күнде де, əйтеуір түріктер туралы жоғарыдағы баянға күдіктенер жай қалғаны жоқ. Ал, «Сөз теңізінше»айтқанда : “ Aryans (– ариандар - арийлер. - С. Ж.) деген 19 ғасыр əдебиеттеріндегі, үнді-еуропа тіл жүйесіндегі ұлттардың ортақаты. Үнді мен парсы ежелгі əдебиеттерін салыстыра зерделеумен жасалған топшылау арғы замандағы Орта Азия регионында өздерін ариан деп атаған тайпалар тобы болған. Олар мал шаруашылығымен айналысқан, Б.з.б. 2000 -1000 жылдар аралығында, олардың бір бұтары оңтүстікке ауып Үнді дариясының жоғарғы айдынына қоныстанған, бір бұтары батыс-оңтүстікке ауып, Персияға енген, тағы бір бұтары Кіші Азияға кеткен”. Мұндайда, олардан тағы бір бұтар шығысқа (сары өзеннің солындағы далаға) ауған дегенге де негізсіз бас шайқау қиын. Ал, Ұлы Далада олардан тұқым да қалмаған деу тіпті қисынсыз. Бұл тұқымның Ұлы Дала тұрғындарын метистендіруге зор үлес қосқаны сөзсіз. Мен мұны нацистердің арияндарды «асыл ұрық» санайтын идеясына еш байланыссыз раймен айтып отырмын. «Қазақстан. Ұлттық энциклопедиясында», бұл туралы былай делінген: «Арийлер - ежелгі тайпа. Б. з. б. 2-мыңжылдықтың басындағы Қазақстанды мекендеген тайпалар тарихы арий (ежелгі иран) жəне үндіарий (ежелгі үнді) тайпаларымен байланысты айтылады. Олар үндіеуропа тілдері шоғыры мен мəдени қауымдастығына жатқызылып, қазақ даласындағы Андрон мəдениетінің өкілдері ретінде танылуда. Олардың жиынтық атауы“арья”. Б.з.б. 2-мыңжылдықтың екінші ширегі аталмыш тайпалардың ұлы қоныс аудару дəуірі болды. Бұлар оңтүстік-шығысқа қарай бет алып, Солтүстік Үндістанға, Иран мен Месопотамия жеріне барып тоқтаған. Ұлы қоныс аудару кезінде арийлердің бəрі ауып кеткен жоқ. Қазақстан жерінде қалғандары б.з.б. 1-мыңжылдықтың ортасында Ұлы Даладағы көшпелі сақ, сармат, скифтерге араласып, сіңісіп кетті”. Бұл жоғарыда айтқанымды мықтап дəлелдей түседі.

Сонда былайғы сөзіміздің құлаққа кіруі үшін ол айтқанымды тіптен де дəлелдей түсетін мына түйіндерді баса көрсетіп кеткенім артық болмас:

1. Шығыстағы жұртта ақ нəсілділерден қалың топтың ұрпағы болғаны сөзсіз. 2009 жылы туылғанына 2560 жыл толып отырған бір Кұң Фузыкіндігінен өрбігендердің шежірелік кітапқа түскендерінің өзі 2 миллион болып арамызда жүр. Ендеше, Күң Фузы қай нəсілді болса о нəсілді бола берсін, əйтеуір Алан, Қаңлы, Үйсін, Ариан сықылды ақ нəсілді елдерден қалған қалың ұрпақтың бүгінгі Ұлы Далада (сондай-ақ қазақтар ішінде) жүргені де сөзсіз.

2. Ол “үнді-еуропа тіл жүйесіндегілердің” (шығыстағы ариандар, т.б. сақ бұтарларының) ұрпағы кейін келе ассимилияцияланып, хəндесіп кетті дегенде, сол тілдегілердің Ұлы Далада қалған ұрпағы түріктенген (сондай-ақ тіпті кейін келе қазақтанған) деу мүлде қисынды (бұл туралы біз алда арнайы аялдаймыз).

3. Шығыстағы ариандар бар кезде шығыста хəн тілі бар дей аласыз. Ендеше Ұлы Даладағы ариандар бар кезде де түрік тілі бар. Тарихи деректерге ілінбеген немесе археологиялық қазбалардан əлі шыға қоймаған, шықса да бүгінше оқыла кетпеген (түрік, тохар, шығыс иран тілінен өзге) Ұлы Дала тұрғындар тілі болғанына да күмəндану артық. Ал, бүгінде бұл даладағы (соның ішінде Жетісу, Алатау өңіріндегі) археологиялық қазбалардан түрік тілді жазулар шығып жатқанда, ол тілдегі ұлттарды сақтарға, ақ нəсілділікке, т. б. жолатпау күлкілі болар еді.

4. Ол ариандар “Қытай регионының алғашқы Шаң, Жоу өркениеттерін жаратты...” депті. Ендеше олардың Ұлы Даланың да дəл сондай өркениеттерін жаратысқанына да дау жүрмейді.

5. Сақ тайпаларының бəрі тек шығыс иран тілді жəне иран текті ұлт еді деп қасарысқан күнде де, жоғарыда айтылған “бүгінгі ШҰАР мен Орта Азиядағылар сияқты ақ пен сарының метистеріне”, үйсін сықылдылардың ұрпақтық байланысын қимау əділетсіздік болар еді.

Иə, Гумилевше айтқанда: Этностардың даму фазалары (эволюциясы) бар, яғни олар пайда болады, дамиды, жетіледі, ескіреді, жойылады.

Алайда бұл барыс əр этнос үшін (оның өміршеңдігіне қарай) əр түрлі ұзақтыққа ие. Ал, мұндағы жойылу - қырылу да, “көкке ұшып, жерге кіріп кету” де емес, қайта өзге этносқа қосылу немесе тек атын ғана өзгерту, өз ұрпағы арқылы екінші өмірін жалғастыру. Қазір бірталай ғалымдар дəл осыған келгенде қателесіп жүр. Бұл қателесу Үйсін ұлысының тарихына қаратылған (ұшты-күйлі жоғалған ұлт - деп қарайтын) көзқарас та тіпті ауыр.

Сұлтан Жанболат, "Ежелгі ұлыс тарихы"

Ұқсас материалдар