Қандастар Ассамблея

Ерте қартайғыңыз келмесе...

29.02.2016 6675
Ағзаға пайдалы азықтар

Ел арасында «барлық адамның ұзақ өмір сүргісі келеді, бірақ, ешкімнің қартайғысы келмейді» деген сөз бар. Әзірге ешқандай күш қартаюға тосқауыл бола алған жоқ. Адамдар тек спортпен айналысып, дұрыс тамақтану арқылы қартаюдың алдын ала алады. Назарыңызға сіздің жас көрінуіңізге ықпал ететін азық-түлік түрлерін ұсынамыз.

Сусын

Адамның сусынсыз күні жоқ. Бәріміздің күніміз ыстық шай немесе хош иісті кофе ішуден басталады. Тіпті, олар болмаған күннің өзінде құр су ішеміз. Шай ағзаны жүрек ауруына қарсы тұратын антиоксиданттармен толықтырады. Сондай-ақ, олар қыз-келіншектердің кеудесінде қатерлі ісіктің пайда болуына жол бермейді. Ал, құрамында кофеині бар кофе диабетті асқындырмайды.

Алуан түрлі сүт өнімдерінің құрамында адам сүйегін қатайтып, шашты жылтырататын дәрумендер бар. Зерттеушілер сүт өнімдерін күн сайын ішкен адамның қанындағы холестерин мөлшері айтарлықтай азаятынын да дәлелдеді.

Көкөніс

  

Асқабақ пен сәбізді көп жейтін кісілердің ағзасында бета-каротин көп болады. Ол процесс барысында «А» тобының дәруменіне айналады. Ал, «А» дәрумені көздің көру қабілетін жақсартып, қатерлі ісіктің ағзаға жайылуына қарсы тұрады. Сонымен қатар, тамыр ауруларының да алдын алады.

Жеміс-жидек

 

Жидек, қара өрік және жүзімнің қоңырқай түсті сорттарының құрамында антоциан атты бояғыш бар. Осы антоцианның арқасында адамның есте сақтау қабілеті жақсарады. Ал, алма мен лимонда көптеген дәрумендер мен антиоксиданттар бар. Олар ағзаның иммунитетін күшейтеді.

Дәнді дақылдар

 

Сұлы, арпа және бұршақ холестеринді азайтатын талшыққа бай. Осы дақылдарды жеген кісінің жүрегі мен қан тамырлары жақсы жұмыс істейді.

 

Майлар

 

Зәйтүн, зығыр және грек жаңғағының майлары ағзадағы майларды ыдырататын дәрумендердің еруіне мүмкіндік береді. Олардың құрамындағы омега-3 дененің ісіп, қызаруына жол бермейді.

Балық

 

Тунец, арқан балық және сардина балықтары ағзаны омега қышқылдарымен байытады, тырнақ, шаш және терінің жақсаруына септігі тиеді. Олар адамның ойлау қабілетін арттырады. Сонымен қатар, балықты көп жейтін жандардың бетіне әжім де кешірек түседі.

Жұмыртқа

 

Жұмыртқаның құрамында ақуыз көп. Ал, сарыуызы көзге және миға пайдалы. Алайда, жұмыртқаның құрамында холестерин көп болғандықтан, оны мөлшерден тыс көп жеуге болмайды.

Пияз бен сарымсақ

 

Бұлар – адам денсаулығына ең пайдалы көкөністер. Өйткені, пияз мен сарымсақ ағзадағы қатерлі ісіктермен, зиянды микробтармен күреседі. Пияздың құрамында А, В, С дәрумендері, эфир майлары, кальций, темір, магний және фтор көп. Ал, сарымсақ натрий, кальций, минералды тұздар, кремний, фосфор қышқылдарына бай.


Аударған Жансая Төлеген

Деректер facte.ru сайтынан алынды

 

 

Ұқсас материалдар