Ертең допинг дауына ұшыраған спортшылардың ісі қаралады

17.10.2016 2592
Илья Ильин, Зульфия Чиншанло, Мая Манеза, Светлана Подобедова

18 қазан күні Лондон олимпиадасында допинг қабылдады деген айыппен спорттан шеттетілген қазақстандық  Илья Ильин, Зульфия Чиншанло, Мая Манеза және Светлана Подобедованың ісі қаралатын болады.

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековтың айтуынша бүгінгі күні Ұлыбритания және Швейцария елдерінің құқық қорғау компаниялары спортшыларымызды ақтап алуға барын салып жатыр.

Сондай-ақ, Сәкен Жүнісбекұлы «спортшыларымызды неліктен бес жыл өткеннен кейін ғана тексеріп жатыр» деген сауалға да жауап берді.

Сәкен Мұсайбеков, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі:

— WADA Халықаралық допингке қарсы агенттік спортшылардан алған қан үлгісін он жыл бойы сақтайды. Агенттіктің ішкі заңы бойынша олар бұл үлгілерді кез-келген уақытта қайта тексерулеріне рұқсат етілген. Лондон олимпиадасына қатысқан спортшыларды допингке тексеруін олар жаңа құрылғылардың пайда болуымен түсіндіреді. 


Рүстем ӘЛПИ 

Ұқсас материалдар