Қандастар Ассамблея

Ермек Серкебаев - қоғам қайраткері

04.09.2014 1840
Серкебаев Ермек Бекмұхамедұлы (17.04.1926, Петропавл қаласы) – әншi. КСРО халық әртiсi (1950), Қазақ КСР халық әртiсi (1956), профессор (1983), қоғам қайраткерi.

Серкебаев Ермек Бекмұхамедұлы (17.04.1926, Петропавл қаласы) – әншi.  КСРО  халық  әртiсi  (1950),  Қазақ  КСР халық   әртiсi   (1956),   профессор   (1983),   қоғам   қайраткерi.

Социалистiк Еңбек Ерi (1986). Петропавл қаласының Құрметтi азаматы. 1941­1943 жж. П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесiнде  скрипка класы бойынша  оқыған. 1951 жылы Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын (вокал бойынша) бiтiрген. Студент кезiнде Абай атындағы Опера және балет театрының шығармашылық ұжымында қызмет iстеген. Абай партиясын (А. Жұбанов пен Л. Хамиди, «Абай») орындаған. 1973 жылы Алматы консерваториясының жеке дауыста ән айту кафедрасының оқытушысы болған. Серкебаев орындаған партиялардың iшiнде Қожағұл, Амангелдi (М. Төлебаев. «Бiржан мен Сара», М. Төлебаев және Е. Брусиловский, «Амангелдi»), Абай, Серке (А. Жұбанов пен Л. Хамиди. «Абай», С. Мұхамеджанов. «Айсұлу»), Тарғын, Артем (Е.Брусиловский. «Ер Тарғын», «Дударай»), Онегин, Елецкий (П.Чайковский. «Евгений Онегин», «Пиковая дама»), Петруччио (В.Шебалин. «Укрощение строптивой»), Фигаро (Дж. Россини, «Севильский цирюльник»), Валентин («Фауст»), т.б. бар. Әншi репертуарында қазақтың халық әндерi, орыс және шетел композиторларының шығармалары бар. Шетелдерде өнер көрсеткен. Киноға да түскен. КСРО Жоғарғы Кеңесiнiң, VIII­XI шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң депутаты. Вокалистер конкурсының (Будапешт, 1953) лауреаты, КСРО Мемлекеттiк сыйлығының (1977) және Қазақ КСР Мемлекеттiк сыйлығының (1972) иегерi. «Музыка» номинациясы бойынша 2000 жылы «Тарлан» сыйлығын жеңiп алған. «Отан», 2 мәрте Ленин, Қазан революциясы, Еңбек Қызыл Ту ордендерiмен және медальдармен марапатталған.

Симонов Василий Александрович 1928 жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы Преснов (қазіргі Жамбыл) ауданының Казанка селосында туды. 1942 жылы «Прибой» ауыл шаруашылық артелінде еңбек істей бастады. 1948 жылдан 1951 жылға дейін Кеңес Әскері қатарында қызмет етті. 1951 жылдан бастап «Прибой» ұжымшарында тракторист болып істеді. Кейін «Островский» кеңшарында трактор бригадасының есепшісі және бригадирі болды. 1963 жылдан осы кеңшардың бөлімше басқарушысы қызметін атқарды.

1967 жылы 19 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Василий Александрович Симоновқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

Слонов Степан Егорович 1927 жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы Конюхов ауданының Правдино селосында туды. 1942 жылы қатардағы колхозшы болып еңбек істей бастады. 1943 жылдан бастап «Суворов» МТС­де тракторист, 1947 жылдан 1952 жылға дейін трактор бригадасының бригадирі және 1953 жылдан 1956 жылға дейін механикаландырылған отрядтың бригадирі болып істеді. 1959 жылдан «Новый путь» ұжымшарының аға механигі. 1961 жылдан бері «Суворов» кеңшарының бас инженері қызметін атқарған.

1957 жылы 11 қаңтарда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Степан Егорович Слоновқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

«Есімдері ел есінде», құрастырған Абай Тасболатов

Ұқсас материалдар