Елордалық жігіт 4 теңгелік түбіртекпен планшет ұтып алды

07.11.2016 3223
«Түбіртек талап ет — жүлдені ұтып ал!»

Мемлекеттік Кірістер Департаменті және Атамекен кәсіпкерлер палатасы бірлесіп «түбіртек талап ет — жүлдені ұтып ал!» науқаны барысында жеңімпаздарды анықтады.

Мемлекеттік Кірістер Департаменті көпшілікке «Wipon» мобильді қосымшасын ұсынған болатын.  Бұл қосымша арқылы кез-келген адам сатып алған тауарының түбіртегін суретке түсіріп жіберіп, науқанға қатыса алады. «Wipon» қосымшасын барлық ғаламтор дүкендерінен тегін жүктеп алуға болады.

Қараша айында жүргізілген науқан бойынша бірінші орынға — теледидар, екінші орынға — планшет, үшінші орынға — смартфон тағайындалды. «Wipon» қосымшасының көмегімен кездейсоқ адамдар жүлдеге ие болды.

Ержан Бектібаев, Астана қаласы бойынша Мемлекеттік Кірістер Департаменті, түсіндірме жұмыстарын жүргізу бөлімінің басшысы:

— Қазан айының бірінен бастап Мемлекеттік Кірістер Департаменті және Атамекен кәсіпкерлер палатасы бірлесіп «түбіртек талап ет — жүлдені ұтып ал!» науқанын жүргізуде. Бұл халық арасында салық мәдениетін көтеріп, көлеңкелі экономиканы жоюға бағытталған іс-шара. Бүгін біз бір айлық қорытындыны шығарып, жүлдегерлерді анықтап отырмыз. Науқан жыл соңына дейін жалғасатын болады. Желтоқсан айында ақтық іріктеу нәтижесінде автокөлік иегері анықталады. Егер әрбір адам кез-келген тауар сатып алған кезде түбіртек талап ететін болса — кәсіпкер салық төлеуге міндетті болады. Біздің мақсатымыз — түбіртек талап етуді халыққа насихаттау арқылы мемлекетіміздің экономикасын көтеру.  

 

Бірінші орын Айжан есімді қызға бұйырды. Осы айдың өзінде ол 50 түбіртекті суретке түсіріп жіберген екен.

 

Екінші орынды Раушан есімді Астана қаласының тұрғыны жеңіп алды.  


Ал үшінші орын дүкеннен сіріңке сатып алған Дархан есімді жігітке бұйырды. Ол 4 теңгелік түбіртегін суретке түсіріп жіберген уақытта құны жүз мыңнан асатын бағалы планшет ұтып алам деп ойламаса керек.

 

Айта кету керек, желтоқсан айында «түбіртек талап ет — жүлдені ұтып ал!»  науқанының қорытынды іріктеуі болады. Бірінші орын жеңіп алған жеңімпазға Мемлекеттік Кірістер Департаменті «автокөлік сыйлаймыз» деп уәде етіп отыр. 


Рүстем ӘЛПИ 

Фотограф — Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ 

Ұқсас материалдар