Қандастар Ассамблея

Елордада шоколадтан жасалған заттар көрмесі өтеді

09.03.2016 3025
Көрме

18 наурызда әлемдік тур аясында елордада «Nikolya» шоколад музейі» танымал авторлық көрмесінің ашылуы өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтары шоколад тарихымен және танымал шебер-шоколатье Николай Поповтың шоколадтан жасалған заттарымен танысып, өз қолдарымен шоколадтан түрлі бірегей заттар жасау мүмкіндігіне ие болады.

Әйгілі көрме әлемнің 40-тан астам қаласында болып, оны жарты миллионға жуық адам тамашалаған.

 

Астанада өте жоғары сападағы шоколадтан жасалған 300 астам өнер туындысы көпшілік назарына ұсынылады. Жалпы салмағы 700 кг артық шоколад пен марципан мүсіндер, шоколад багеттермен жиектелген картиналар, шоколад миниатюралар, инсталляциялар, композициялар және т.б. бұйымдар болады.

 

Басты ерекшелік – Қазақстанға, соның ішінде Астанаға арналған шоколад заттардың арнайы сериясы жасалады.

 

Көрмеде шебердің бірегей технологиясымен орындалған эксклюзивті шоколад кәдесыйлар сатып алуға болады. Сондай-ақ, келушілер шеберлік дәрістеріне қатысып, өз қолымен тәтті-дәмділер әзірлеуді үйренеді. Шоколад тарихы туралы қызықты фильм көрсетіледі. Көрме Тәуелсіздік сарайында өтеді.


Әзірлеген Тұмар Асыл

Ұқсас материалдар