Қандастар Ассамблея

Елордада балалар операсының премьерасы өтеді

18.09.2015 4775
Халықаралық музыка күніне орай «Қаңбақ шал» балалар операсының концерттік премьерасы өтеді.

Конгресс- Холл концерт залында 1 қазан күні аталып өтілетін Халықаралық музыка күніне орай Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясында «Қаңбақ шал» балалар операсының концерттік орындалуының премьерасы өтеді. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Көрермендер Қаңбақ шалды оқыған ертегілер бойынша есте сақтаса, басқалары бұл кейіпкерді қуыршақ спектакльдерінен тамашалаған, тағы біреулері режиссер А. Әбілқасымовтың мультфильмінен біледі. 1979 жылы композитор Жолдыбай Дәстенов бұл сюжет бойынша бірінші қазақ балалар операсын жазып, туынды 80-ші жылдары Алматыда Абай атындағы опера және балет театрының сахнасында табысты көрсетілген.

Қазіргі заманғы қойылымға Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрі (дирижері Ернар Нұртазин), камералық хоры және филармонияның классикалық вокал бөлімінің солистері қатысады.

 

Жас әртістердің орындауындағы келесі қойылым В. Дашкевичтің Астрид Лингреннің «Пеппи ұзын шұлық» ертегісінің желісі бойынша жазылған «Пеппи» мюзиклі болмақ.


 Айша КЕРЕЙ

Ұқсас материалдар