Қандастар Ассамблея

Елорда тұрғындары Отбасы күнін мерекеледі

17.05.2016 1714
Олар астаналық паркте жеті командаға бөлініп, өзара бәсекеге түсті

Елорда тұрғындары мен қонақтары Отбасы күнін мерекелеп өтті. Олар астаналық паркте жеті командаға бөлініп, өзара бәсекеге түсті.  

Спорттық мерекеге балалар мен ересектер қатысты. Ата-аналар мен балалар ептілік пен жылдамдық қабілеттерін көрсететін жарыстарда сынға түсті. Көңілді старт бағдарламасына асық ату мен арқан тарту сияқты ұлттық ойындар да енді.

- Халықаралық отбасы күні 1993 жылы бекітіліп, жыл сайын 15 мамырда аталып өтіледі. Біз отбасылық жарыстар, саяхаттар және т.б өткіземіз. Бұл жолы мереке саябақта жаттығу жасаудан басталды. Содан кейін кезек жарыстарға берілді, - деді Астана қаласы салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Ақмарал Құрманбаева.

Әденовтер әулетіосы сияқты бұқаралық шараларға бүкіл отбасымен қуана қатысады. Олар бүгін де тыс қалған жоқ.

- Әдеттегідей бүкіл отбасымызбен – бесеуіміз келдік. Әр демалыс сайын таза ауаға шығып отыруға тырысамыз, қалалық саябақтарда ұйымдастырылатын ойын-сауықтарға қатысып жүреміз. Осындай қызықты спорттық жарыстар өткізу - тамаша идея, мұндай шараларды жиі ұйымдастырған дұрыс, - деп Асқар Әден өз пікірімен бөлісті.

Шараға таэквондодан Қазақстан федерациясының вице-президенті, Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Арман Шылманов та келді.

- Спорт пен дене шынықтыру -  денсаулыққа пайдалы, адамдардың бүкіл отбасымен бірге салауатты өмір салтын ұстанатыны қуантарлық жайт, - дейді спортшы.

Еске салайық, 8 мамырдан бастап Астаналық паркте демалыс күндері ашық аспан астында бұқаралық спорттық және фитнес жаттығулар жасау ұйымдастырылып келеді. Тәжірибелі нұсқаушылардың жетекшілігімен йога, зумба және кроссфиттен сабақ алуға болады. 


Алмас САУДАНБАЙ

Ақпарат: http://astana.gov.kz

Ұқсас материалдар