Қандастар Ассамблея

"Елімай" жырын оқуға жұртшылық неге ынтық?

03.09.2014 2476
«Елім­ай» жырын оқуға жұртшылық неге ынтық? Себебі Қожаберген шығарған «Елім­ай» дастанының тарихи жағынан құндылығы өте зор!

«Елім­ай» жырын оқуға жұртшылық неге ынтық? Себебі Қожаберген шығарған «Елім­ай» дастанының тарихи жағынан құндылығы өте зор! Қожаберген бабаның өмір жолы да, оның тарихи шығармасы «Елім­ай» да жастарды, жасөспірімдерді, жас балдырған шәкірттерді отаншылдыққа, адалдыққа, бауырмалдыққа, турашылдыққа, әділдікке, татулыққа, ұйымшылдыққа, көпшілдікке, жауынгерлікке, достыққа тәрбиелеуге үндейді. Сонымен қатар, Толыбай сыншы ұлы сардар «Елім­ай» жырында 1723 жылғы үлкен апат тек өзінің туған халқы – қазаққа ғана емес, туысқан да көрші Ноғай, Қарақалпақ, Қырғыз, Шалабай башқұрттары, Сібір татары халықтарына да кенеттен келген зор індет екенін ашық та дәлелді түрде баяндап өтеді. Әрине, бұл жағдайды екінің бірі біле бермеуі де мүмкін.

Ақын «Елім­ай» қиссасының бірінші бөлімінде тек қана соғыстарды баяндап қоймай, туған халқымыздың жер­суларының бұрынғы кездегі атауларын, тұрмыс­салтын, кәсібін, елдің ішкі­сыртқы саяси жағдайларын, көршілес мемлекеттермен қандай қарым­қатынаста болғанын, түрік тектес елдерді, Сібір татарына жататын руларды, қалмақтың шыққан тегін, оның түрік халқына жатпайтынын, қалмаққа жататын тайпаларды дұрыс, айқын түрде көрсетіп берген. Мұның кейінгі ұрпақтар үшін маңызы аса зор екеніне ешбір дау жоқ.

Қожаберген ақынның «Елім­ай» дастанын дұрыс та жоғары бағалаған көрнекті білгір адамдардың бірі – халқымыздың әскери қайраткері, білімпаз да аса дарынды, қадірлі жазушысы, атақты батыры, есімі әлемге әйгілі Бауыржан Момышұлы «Керей Қожаберген жыраудай бұрын­соңды өмір сүрген қазақ ақындарының бірде­біреуі қазақ жұрты жерінің көлемін, шекарасын айқындап берген емес. Ол кісінің «Елім­ ай» жыры – әскери дастан! Жас бала кезімде оны әншілердің аузынан талай рет естіп едім. Шіркін, сол әскери дастан қайда бар екен?» деген болатын бірде. Ал қазақ халқының аса көрнекті ғылым қайраткерлерінің бірі, тарих ғылымының докторы, профессор Ермұхан Бекмаханов «Көшебе Керей Қожаберген ақын Толыбай сыншы ұлының «Елім­ай» дастаны – тарихи эпопеялық жыр. Әрі сол «Елім­ай» ерлік қиссасының бірінші бөлімі – 1723 жылғы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атанған ірі апаттың суретін ел көзіне елестеткен бірден­бір тарихи құжат!» деп тұжырып еді. Осы мазмұндас бағаны академик­жазушы Ғабит Мүсірепов, академик Әлкей Марғұлан, академик Ақай Нүсіпбеков, тарих ғылымының докторлары Бек Сүлейменов пен Төлтай Балақаевтар кезінде шегелеп айтқан еді.

«Есімдері ел есінде», құрастырған Абай Тасболатов

Ұқсас материалдар