Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

18.03.2016 2290
Қанат Бозымбаевтың жолдауға қатысты пікірі

Достық үйінде облыс идеологиялық активінің Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау жөніндегі жиыны өтті.

«Жолдауда болашақ дамуымыз үшін нақты әлеуметтік-саяси бағдарлар айқындалған. Дағдарысқа қарсы басты стратагема өсу, реформалар, даму сынды қарапайым да маңызды ұғымдармен айқындалған, Президент сондай-ақ келесі бағыттар бойынша дағдарысқа қарсы және құрылымдық жаңғыртудың 5 бағытын көрсетті»,-деді аймақ басшысы Қанат Бозымбаев.
БІРІНШІСІ. Қаржы секторын тұрақтандыру, оны жаңа жаһандық нақты ахуалға сәйкестендіру, қаржы секторының теңгенің еркін бағамы жағдайында тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
ЕКІНШІСІ. Бюджеттік саясатты оңтайландыру.
- Бюджеттік саясатты оңтайландыру аясында облыстық бюджетті жоспарлау барысында басымдықты емес шығындар 1,7 млрд. теңгеге оңтайландырылды, оның ішінде әкімшілік шығындар 170 млн. теңгеге қысқартылды. Сонымен қатар барлық әлеуметтік міндеттемелер сақталып қалды, - деп атап өтті облыс әкімі.
- Биылғы жылы біз мүмкіндіктері шектеулі жандарды қозғалу құралдарымен және санаторлық-шипажайлық ем-шарамен қамтамасыз ету көлемін 3 есеге арттырдық.
31 қазанда Президент ҚР «Мемлекеттік-жеке серіктестік туралы» Заңына қол қойды.
Аймағымызда мемлекеттік-жеке серіктестіктің нақты үлгілері бар. Білім беру саласында 305 орындық 3 балабақша және 465 орындық 4 шағын орталық жұмыс істейді. Денсаулық сақтау саласында бір ай бұрын «B.Braun Avitum AG» неміс компаниясымен бірлесіп 25 орынға арналған Нефрология және эфферентті терапия орталығы ашылды. Аталмыш орталық бүйрек жетіспеушілігінен зардап шегетін науқастарға толық нефрологиялық жәрдем көрсетеді. Жобаның құны – 330 млн. теңгеден астам. Облыс әкімдігі құрылысқа арналған жер бөліп берді және мемлекеттік тапсырыс орналастырылатынына кепілдік берді.
Елбасының мемлекеттік-жеке серіктестік механизмін қолдану жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында аймақ басшысы Қ. Бозымбаев қала және аудан әкімдеріне мемлекеттік-жеке серіктестікті дамыту ісін жалғастыруды тапсырды. Аймақ басшысы бұл ретте әсіресе экономиканың басымдықты салаларына жеке инвесторларды тарту жағына ерекше көңіл бөлуді ескертті.
Мүлікті ресмилендіру мерзімінің 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылғанына байланысты мүлік пен ақшаны заңды айналымға қайтару үшін қосымша ынталандыру шаралары қабылданатынын болады. Облыс бойынша барлығы 723 өтініш бойынша 3,1 млрд. теңге сомасының 1 522 нысаны ресмилендірілді.
ҮШІНШІСІ. Жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру.
Ағымдағы жылы облыста жекешелендірудің бірінші бағыты шеңберінде 12 ұйым сатуға жатады. Бүгінде 10 нысан сатуға қойылды, олардың 5-еуі жалпы сомасы 1,3 млрд. теңгеге сатылды,- деп атап өтті Қанат Бозымбаев.
Президенттің ауқымды жекешелендіру және бәсекелестікті кеңейту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында аймақ басшысы облыс мемлекеттік органдары басшыларына жекешелендірудің екінші легі аясындағы жұмысты және жылжымайтын мүлікті ресмилендіру жұмысын жандандыруды тапсырды.
ТӨРТІНШІСІ. Жаңа инвестициялық саясат негіздері.
Соңғы 10 ай ішінде облыс экономикасына 337 млрд. теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылғыдан 37,7%-ға артық. Жыл соңына дейін тағы 25 млрд. теңгеге жуық қаражат салу жоспарланған. Ағымдағы жылы сыртқы инвестициялар өсімі 1,5 еседен асты, жалпы көлемі - 134 млрд. теңге. Атап өтетіні, инвестиялар көлемінің артуы ең алдымен Индустрияландыру картасының жобаларын іске асыру арқылы қамтамасыз етіліп отыр.
Сонымен қатар, ірі өңірлік жобалар арасында шағын және орта бизнесті дамыту қажет. Оған қоса, «Нұрлы Жол» бағдарламасының жобаларын жеке капиталды тартумен қаржыландыру үлгісіне әкелу қажет. «Бизнестің жол картасы 2020» кәсіпкерлерді қолдау бағдарламасы макроөңірлердің инвестициялық бағдарламаларының бір бөлігіне айналмақ.
- Бұл бағдарлама іске асырыла бастағаннан бері кәсіпкерлерге 596 жоба бойынша мемлекеттік қолдау көрсетілді. Республикадағы жобалар саны бойынша біз көш бастап тұрмыз. Жаңа инвесторларды тарту мақсатында облысымызда Инвестицияларды тарту жөніндегі агенттік құрдық, 2015-2016 жылдарға арналған нақты іс-шаралар жоспарын бекітіп қойдық. Агенттік өз жұмысына кірісіп те кетті, - деп атап өтті облыс әкімі Қанат Бозымбаев.
Қытайлық серіктестермен бірлесіп бірқатар инвестициялық жобалар бойынша жұмысты жалғастырып отырмыз. Атап айтқанда, ҚЭЗ-ді кеңейту, Ақсу ГРЭС-інде жаңа блоктардың және АЭА-дағы химия-металлургия комбинатының құрылысы. Тағы бірнеше жоба пысықталып жатыр. Осыған байланысты, Қанат Бозымбаев индустриялық-инновациялық даму басқармасына инвестициялық жағдайды жақсартуға бағытталған жергілікті маңызы бар жобаларды іске асыру үшін инвестициялар тарту жөніндегі аймақтық кеңес құру бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.
Облыс әкімі сондай-ақ әлемдік және өңірлік нарықтағы экспорттық тауашаларды белсенді түрде игеру керектігін атап өтті. Өйткені Павлодар облысы әлемнің 73 елімен сауда операцияларын жүзеге асырады. Машина жасау саласы өнімінің импорты 31,3%-ға, металлургия –58,4%-ға, минералды өнімдер 9,9%-ға артып отыр.
Инвестиция саясатының басты бағыттарының бірі техникалық және кәсіптік білім беру саласы болуы керек. Елбасы 2017 жылдан «Жалпыға бірдей тегін кәсіби-техникалық білім беру» жаңа жобасы басталғанын жариялады. Бүгінде аймақта техникалық және кәсіптік білім беретін, өнеркәсіптік нысандарға және шағын және орта бизнес кәсіпорындарына мамандар даярлайтын 49 оқу орны бар. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алатын контингент 21,6 мың адамды құрайды, оқыту 88 мамандық бойынша жүргізіледі. 2015 жылы облыс колледждерінің күндізгі бөлімін тәмамдаған студенттер саны 6 мың адамды құрады. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған студенттер арасында оқуды аяқтаған жылы жұмысқа орналастырылғандар үлесі - 74,9%. Жұмыспен қамтылудың жалпы көрсеткіші 98% - бұл жақсы көрсеткіш және бюджеттік қаражаттың тиімді қолданылғанын көрсетеді.
Аймақ басшысы білім беру, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына ағымдағы жылы оқу бітірген қалған 82 түлекті жұмысқа орналастыру бойынша іс-шаралар қолдануды тапсырды.
БЕСІНШІ. Жаңа әлеуметтік саясат.
Президент экономикалық тәуекелдерге қарамастан халыққа әлеуметтік қолдау көрсету шараларын іске асыру жөнінде жариялады. 2016 жылғы 1 қаңтардан денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің еңбекақысы орта есеппен 28%-ға, білім беру саласы қызметкерлерінікі – 29%-ға, әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінікі – 40%-ға, «Б» корпусының мемлекеттік қызметкерлерінің жалақысы (облыста олардың саны 2 мыңнан астам) 30%-ға өсетін болады.
Мүгедектігі және асыраушысынан айырылуға байланысты әлеуметтік жәрдемақылардың, сондай-ақ шәкіртақылардың 25%-дық өсімі қамтамасыз етілетін болады.
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап біз инфляция деңгейінің алдын ала отырып, ынтымақты зейнетақыны 2 пайызға индекстейміз.
Аймақтағы басымдықты міндеттердің бірі жұмыс орындарының босауына жол бермеу болып табылады.
Бүгінгі таңда облыстың 7 кәсіпорнында толық емес жұмыс күні тәртібі орнаған – бұл 655 адам. Жұмыс берушілермен және кәсіптік одақтармен жұмыс орындарын сақтап қалу (105 мың адамды қамтумен) және өндірістік процестерді тұрақтандыру жөнінде 1432 меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ әлеуметтік серіктестік жөніндегі үш жақты комиссиялар және дағдарысқа қарсы штаб жұмыс істейді. Онда кәсіпорындарда туындайтын проблемалы мәселелер (оның ішінде жұмыспен қамту мәселесі) отырыстарда жедел түрде қаралады. Жыл басынан бері 33 кәсіпорын бойынша жағдай қаралды. Олардың әрқайсысы бойынша шаралар қабылданды. 

Ұқсас материалдар